Инфляцияға қарсы саясат
Инфляцияға қарсы саясат – бағалардың жалпы деңгейін тұрақтандыруға бағытталған макроэкономикалық саясат.
Инфляцияға қарсы саясат 2 блоктан тұрады:
а) Жиынтық сұранысты реттеу
б) Жиынтық ұсынысты реттеу
Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн:
Кейнсиандық бағыт.Белсенді бюджеттік саясатты жақтайды.Мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып,төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды.
Монетарлық бағыт. Экономиканы ақша-несие саясаты арқылы реттеуді ұсынады.Реттеудің бұл түрі үкіметтің тікелей бақылауынан тыс, дербес Орталық банк арқылы жүргізілуі тиіс.Айналымдағы ақша массасын және несие пайызын өзгерту арқылы инфляцияны тежейді.
Филлипс қисығы
Филлипс қисығы – инфляция мен жұмыссыздық арасындағы тәуелділікті көрсететін қисық.
Төмендегі суреттен көріп отырғанымыздай,бұл – кері тәуелділік.
Инфляция деңгейі 3 фактормен шартталған:
а) күтілетін инфляция;
б) жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен ауытқуы;
в) шикізат бағаларының өсуімен пайда болған ұсыныс шоктары:
,
мұнда, π – инфляцияның нақты деңгейі, πе – күтілетін инфляция деңгейі, u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі,u* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі, ε – ұсыныс шоктары, β – эмпирикалық коэффициент,0-ден жоғары,инфляцияның циклдік жұмыссыздыққа реакциясын көрсетеді.
.
2.Сурет. Филлипс қисығы
Өткен ғасырдың 70-ші жылдары әр түрлі елдерде инфляцияның жоғарғы қарқынымен қатар жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейі байқалды.1980 жылдары инфляцияның төмендеуімен қатар жұмыссыздық деңгейі де төмендеді.Бұл жағдай жұмыссыздықтың табиғи деңгейі қисығы арқылы түсіндірілді.Яғни, ұзақ мерзімді кезеңде Филлипс қисығы тік болады.:
π
U
9.3. Сурет.Ұзақ мерзімдегі Филлипс қисығы
Достарыңызбен бөлісу: |