Єл-фараби атындаѓЫ



бет38/41
Дата01.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#78312
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Жұмыссыздық түрлері:
Фрикциондық жұмыссыздық – бұл адамдардың жұмыс орнын ауыстыруымен немесе жаңа жұмыс орнын іздеуімен байланысты болатын жұмыссыздықтың түрі.
Құрылымдық жұмыссыздық – бұл еңбекке деген сұраныс құрылымының еңбек ұсынысына сай келмеуінен пайда болатын жұмыссыздық түрі.Мұндай сәйкессіздік жұмысшылар мамандығының бір түріне сұраныстың жоғарлап,екінші түріне төмендеуінен,ұсыныстың мұндай өзгерістерге баяу бейімделуінен болады.
Циклдік жұмыссыздық – бұл жиынтық сұраныстың төмен болуына байланысты адамдардың кез-келген мамандық бойынша жұмыс таба алмауынан болатын жұмыссыздық түрі
Толық жұмысбастылық – жұмыссыздар санының жалпы еңбек күшінің 5,5 – 6,5 % аспауы.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі. Яғни, бұл кезде тек фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық түрлері болуы мүмкін.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі келесі формула бойынша есептеледі:
,
мұнда U* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі; F* – оларға жұмыс орны бар жұмыссыздар саны; R – экономикалық белсенді халық; q – жұмысын жоғалтып жатқан жұмысшылар үлесі; µ – жұмыс тауып жатқан жұмыссыздар үлесі.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне әсер ететін факторлар:
а) демографиялық фактор;
б) еңбекақының төменгі деңгейі
в) еңбек одақтарының әрекеттері
.
Оукен заңы. Нақты ЖІӨ мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуекелділікті анықтайды.Оукен заңы былай делінеді: Потенциалды ЖІӨ-мен салыстырғанда нақты ЖІӨ-нің 2%-ға төмендеуі жұмыссыздық деңгейін 1%-ға жоғарлатады.Оукен заңыы былай жазылады:
,
мұнда, Y* – толық жұмысбастылық жағдайында потенциалды өндіріс көлемі,Y –ұлттық өндірістің нақты көлемі, u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі, u* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі, y – Оукен коэффициенті.





9.1.Сурет. Оукен қисығы

Оукен қисығы келесі екі жағдай орын алғанда қозғалады:



  1. Толық жұмысбастылық кезіндегі Ұлттық табыстың өзгеруі

  2. Жұммыссыздықтың табиғи деңгейінің өзгеруі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет