Юнисеф-тің биылғы баян дамасындағы цифрлар алаңдарлықтай-ақ. Əлем бойынша бес жасқа дейінгі əрбір үшінші баланың не артық салмағы бар немесе тойып тамақ ішпейді, ал бұл 200 млн сəби деген сөз



бет6/7
Дата06.01.2022
өлшемі26,81 Kb.
#11892
1   2   3   4   5   6   7
Ұзын сөздің қысқасы... Мысалы, орыс тіліндегі «ликвидация», «уничтожение», «отмена», «удаление», «устранение», «аннулирование» деген сөздер әртүрлі реңкте қолданылатындығына қарамастан, қазақы құжаттарда – заң актілерінің өзінде көбіне «жою» деген жалғыз сөзге «айналып кете береді». Әрине бұл сөздер кейде «құрту», «күшін жою», «алып тастау», «тарату» тұлғаларында арагідік кездескенмен, жаппай «жоюға» тәуелді. Ал «жоюды» кері қарай орысшаға аударсақ, ол қай сөздің баламасы бола алар еді?! Біздің әу бастағы әңгімеміздің түпқазығы да осында. Соңғы отыз жылға жуық уақыттан бері терминдерді түгендеп келе жатқан мекеме-ұйымдардың тым болмаса осындай қолданыстарды жеңілдету жағын ойластырмағаны, әр сөзге бір балама беруді орнықтырмағаны таңғалдырады. Біздіңше, «жою» болып кең жайылған жоғарыдағы орысша сөздердің тікелей өзіне тән ұғымымен бірге, түпмәтінге тәуелді болмайтын тұрақты баламалары болуы керек. Егер «жоюдан» басқа сөз таба алмасақ, онда жұртшылық болып ұлы қазақ тілінің қойнауын кеңінен кезіп, жаңа қолданыс іздеуіміз керек не жаңа сөздер жарысын ұйымдастырғанымыз жөн. Осы орайдағы тағы бір түйінді тұс – орысша екі сөздің де қазақша баламасы бір сөзбен бейнеленетін және мұның аудару процесінде белгілі бір қиындық тудырып жататын жағдайы. Мысалы, «связь» бен «контакт». Сөздікке сенсек: экономический контакт – экономикалық байланыс; экономическая связь – экономикалық байланыс. Қазақ аударушысы үшін бұл үйреншікті жайт: «связь» болса да, «контакт» болса да – «байланыс» деп баламалайды. Ешкім мұны қате деп айтпайды, бәрі дұрыс. Бірақ, бұдан бұрын айтылғандай, кері аударылған кезде, әсіресе қазақшадан орысша ілеспе аударма жасау процесінде елеулі екі сөздің ең дұрысын тез әрі дәл табу оңай соқпайды. Осындай кедергілерді жеңілдету үшін, мысалы, «контакт» сөзін аудару кезінде «байланыс+у» үлгісін пайдаланған оңтайлы болар ма еді?! Өз тәжірибемізде бұларды «контактное лицо-байланысушы адам; контактный телефон-байланысу телефоны; контактный реквизит – байланысу деректемесі; экономический контактэкономикалық байланысу» нысанында орнықтыра бастадық. Қатыстық мәнді білдіретін жұрнақ деп аталатын «-и» арқылы сөз жасау («әдеби», «мәдени», «тарихи» сияқты) осы бағыттағы кейбір қолданыстарды оңайлататындай болып көрінеді. Қазірдің өзінде «адами» (человеческий фактор – адами фактор) тұлғасы жиі кездеседі; «заңи» (юридическое лицо – заңи тұлға) үлгісі сирек те болса қолданыла бастады; Бұл кейбір жұрнақтардан арылуға, сөзді қысқа әрі нұсқа жазуға мүмкіндік берді. Сондықтан осы үлгіні орнықтыру үшін «юридическийдің» заң, заңгерлік, заңды, заңдық, заңдылық деп аударылатын нұсқаларын лингвистикалық сараптамадан өткізіп, «заңи» тұлғасында қолданылуға жататын баламалары ғылыми тұрғыда дараланып, тізімделуі шарыт. Мәселенки, «современный» дегенді бұрынғысынша «қазіргі заманғы» демей, «замани» деп жазуды ұсынар едік (мұның әрәдік кездесіп қалатын «заманауи» баламасындағы «-ауи» жұрнағы тіл табиғатына үйлеспейтіні әрі айтылуы қиындау екендігі жөнінде пікірлер жоқ емес. Оның көркемсөз бен көсемсөздегі синонимдік қатарды молайту үшін болмаса, термин болып сіңісуі күмәнді). Жалпы бұл бағытта да түзілетін аударма сөздер саны, егер түбегейлеп іздене қойсақ, аз болмаса керек. Бір ғана «количество» сөзін «сан» үлгісінде қалдыра отырып, «количественные» деп басталатын сөздердің тұтас бір шоғырын «сандық» деп аудармай, «сани» деп қолдансақ, тілдің табиғаты да, сөздің мазмұны мен мақсаты да ешбір өзгермейді. Сонда: «количественные единицы-сани бірліктер; количественная изменчивость-сани өзгергіштік, количественный состав-сани құрам... болып шығады; сөйтіп «сани» дегеніміз «количественный» екеніне ешбір қазақ-орысың дау айта алмайтын ахуал орнайды. Орайы келген соң айта кеткен жөн болар: бізде «цифрды» да «сан» деп жазу кездесіп қалады. Бұған «цифрға» негізделетін сөздердің бәрін «цифр» күйінде аударып келе жатып, кенет сандық дерекқор (цифровая база данных), сандық есептеу машинасы (цифровая вычислительная машина), сандық жазба (цифровая запись) ... деп «серуендеп» кететін кейбір сөздік кінәлі. Бұл да аудармадағы әрі-сәріліктің, орнығып болмағандықтың бір мысалы (әдетте балама жасауға көп қиналмай, орыс сөздерін өз тілінің ыңғайына бейімдеп пайдалана беретін қырғыз туғандардың «цифрды» «санарип» (санәріп) деп алып, қазір жаппай солай қолдана бастағаны мәлім. Мысалы: «Еуразийские цифровые платформы» қырғызша: «Евразиялык санариптик платформалар»).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет