Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет104/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107
Байланысты:
full

 Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен. Ч. ІІІ. – С.-
Петербург, 1870. 17-б.


300
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Тоғай барсаң, тоғайда
Домаланған қоян бар,
Қоянды көр де, жоным көр!
Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де, етім көр!
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де, бетім көр!
В.В.Радлов өзінің қазақ өмірін түрік тектес халықтардың фоль-
клорын жинау, жариялау, тілін, этнографиялық өзгешелігін, салт-
санасын зерттеу ісіне жұмсады. Том-том кітаптар шығарды, түрік 
тілдерін салыстыра тексерді, Орхон-Енисей жазбаларының сырын 
ашу жөнінде елеулі жұмыс жүргізді. «Наречие тюркских племен, 
живущих в южной Сибири и Джунгарской степи», «Сравнительная 
грамматика северных тюркских языков», «Опыт словаря тюркских 
наречий» деген еңбектер шығарды. Оның əсіресе қазақ халқының 
əдебиетіне сіңірген еңбегі орасан зор.
Қазақ əдебиеті мен орыс əдебиеті, осы екі ел достығының қарым-
қатынасының жаңа бір белеске көтерілген шағы – Шоқан (1835–1865), 
Алтынсарин (1841–1889) мен Абайдың (1845–1904) тарих деңгейіне 
көтеріліп, əлеуметтік жұмыс жүргізген кезі болды. Бұлар халықтың 
өткенін, қазіргісін, келешегін, еркіндігін ойлап, тоқсан толғанды, ар-
мандарын айтты, демократиялық көзқарасқа үндеді, ағартушылық 
жұмысына шақырды, қорлықтан, зорлықтан құтылудың жолын іздеді. 
Олар өздерінің айтқандарында орыс мəдениетінен үйрен, қазақ халқы 
орыс халқынан тыс қалмақ емес деген ойға мезгеді. Қазақ қалқының 
ардагер ұлы Шоқанның ерте дүние салғанын еске алған академик Н. 
Веселовский: «Қазақ хандарының əулеті, əрі орыс офицері Шоқан 
Шыңғысұлы Уəлиханов Шығыстану əлемінде құйрықты жұлдыздай 
жарқырап ағып өтті. Орыс ориенталистері бір ауыздан оны ерекше 
құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының тағдыры хақында ұлы 
да, маңызды жаңалықтар ашады деп үміт күтті. Бірақ оның мезгілсіз 
қазасы біздің бұл үмітімізді кесіп кетті»
580
, – дейді.
Қазақ халқы туралы жазған көп оқымыстылар ішінен Г.Потанин 
(1835–1920) айрықша орын алады. Ол Омский кадет корпусында 
Шоқанмен бірге оқыған, түрік тілдес халықтар, əсіресе, қазақтар жа-
йын зерттеу ісіне өзін ерте ұйғарады. Патша кезіндегі кей оқығандар 
қазақтарды бауыр тартып, бер жағы жылтырағанмен, əр жағы бықсып 
580
Сочинения Чокана Валиханова / Под ред. Н.И. Веселовского. – С.-Петербург, 
1904. 1-б. 


301
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
жататын, «Туземцы, инородцы, дикари» деген шалдуар сөздерді 
ауыздарынан тастамайтын, кеміте сөйлейтін. Потанин мұндай 
өрескелдікке бой ұрмаған, қазақ халқына адал еңбек еткен. Оның 
Шоқанмен тіл тауып, достаса білуі, қазақ халқын орыс халқымен 
таныстыру жөніндегі игі істері айтарлықтай. Қазақ халқының 
ұлы перзенті Шоқанның өмірбаянын емірене жазды. Шоқанның 
шығармаларын Н.Веселовскийдің көмегімен жариялағандардың бірі 
болып та адамшылық, жолдастық борышын абыроймен ақтады.
Г.Потанин Шоқанның орыс жолдастарынан оза оқығанын, жан-
жақты білім алып, халқына еңбек етуді аңсағанын, қазақ фолькло-
ры нұсқаларын ынталана жинағанын, араб, парсы, орыс жəне түрік 
тілдерін білгендігін айтады. Шоқанның ерте ержеткенін ескерткен 
ол: «Жасы үлкен біздер оған қарағанда бала сияқты едік. Ол өзін ере-
сек сезінетін. Оның білімдірек екені де əрдайым білініп тұратын»
581

– дейді.
Г.Потанин Шоқанның қазақ халқы мен өзге халықтар туралы 
айтқан кейбір пікірлерімен таныстырады: «Ол халқын ардақтайтын, 
оның келешегінен үміт күтетін, бұл ел бостандықты, бейбітшілікті 
аңсайды, «алдымен өз халқымды сүйемін, одан кейін Сібірді, одан 
кейін Россияны, одан соң күллі адам баласын сүйемін. Егер орыстар 
қазақтарды ұрып жатса, онда орыстарға қарсы шығам, егер француз-
дар орыстарды тепсе, онда орыстарға жақпын», – дейді. Егер Шоқан 
елі ішінен өзіне оқырман қауым тапса, халқының данышпаны бола-
тын еді, оның мəдениетін, əдебиетін гүлдендірер еді дегендерді ай-
тады. Халқының бостандығын аңсаған Шоқан патшаның арам ісінен 
жиренеді. Генерал Черняевтің Түркістанды жаулап, қазақтарды 
талан-таражға ұшыратқанын, бейбіт елге бүлік салып, айуандық жа-
сап жүргенін көреді, колонизатор, шовинистерден безінеді. Олардың 
сұмдық істеріне жаны төзбеген Шоқан туралы Потанин: «Піспекті 
не Əулиеатаны алған кезбе? Есімде жоқ. Шоқанның діндестеріне, 
тектестеріне яғни қазақтарға орыс армиясы көрсеткен айуандық 
Шоқанды қапа етті. Ол енді бұдан ары əскери жорыққа қатысуға 
төзбейтіндігін түсініп, Черняевтен бөлініп кетті», – дейді.
Г.Потанин қазақ халқы туралы игі ойларын ортаға салды, қазақ 
фольклорының түрлі нұсқаларын жинап, орыс тілінде жария-
лап та адал еңбек етті. Оның «Казак-киргизские и алтайские преда-
ния, легенды и сказки» атты көлемді кітабынан: «Шыңғыс-нама», 
581
Сочинения Чокана Валиханова / Под ред. Н.И. Веселовского. – С.-Петербург, 
1904. 14-б.


302
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
«Алаша хан», «Қазақ-қырғыз халқының рулары», «Жиренше ше-
шен», «Алдар көсе», «Ер Төстік», «Қараман», «Шөже мен Шортан-
бай», «Ұр тоқпақ», тағы-тағы көптеген нұсқаларды кездестіреміз. 
Потаниннің айтқандарынан, жинап жариялаған материалдарынан 
халықтың өткені-кеткені, елдігі, ерлігі, рухани өзгешелігі, тарихи 
халы, əлеуметтік тəртібі, кəсібі, жер-суы сияқты мəселелер жайында 
көптеген деректер табасыз.
Қазақ əдебиеті мен орыс əдебиеті байланысы жақсара түсті, 
қазақтар Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты бұрында өз тілінде 
оқитын еді десек, ал шын мағынасында қазақ əдебиеті мен орыс 
əдебиетінің достық байланысы, əсіресе совет дəуірінде шарықтады. 
Орыс қауымы бұрын Шоқан, Алтынсарин, Абай сияқты аздаған 
ақын-жазушыларды білетін болса, енді қазақ əдебиетінің көптеген 
уəкілдері – Əуезов, Мұқанов, Мүсірепов, Тəжібаев тағы-тағылардың 
сандаған шығармаларын өз тілінде оқиды. Қазақтар бұрын Пушкин, 
Лермонтов, Крылов сияқты бірен-саран ақындарды ғана білсе, енді 
Белинский, Гоголь, Тургенев, Гончаров, Толстой, Горький, Маяков-
ский, Шолохов, Фадеев, Соболев, Твардовский шығармаларын ана 
тілінде оқиды. Қазақ əдебиеті уəкілдерінің кей шығармалары Совет 
Одағы шеңберінен асып, шет елдерге тарай бастады. «Ботакөз», «Абай 
жолы», «Оянған өлке», «Қараш-Қараш оқиғасы» тағы-тағы көптеген 
шығармалар қазақ əдебиетінің көркемдік, идеялық дəрежесін арттыр-
ды, қазақ əдебиеті мен орыс əдебиетінің достық, творчестволық бай-
ланысы жаңа өреге жетті. Бұл тұста Мұхтар Əуезовтің орыс халқы 
мен қазақ халқы əдебиеті байланысының терең сырын ашқан, қазақ 
өмірі құбылыстарын түбегейлі зерттеп, көп жылдар еңбектерін мол 
ойланып жазған «Абай жолы» эпопеясын арнайы атаған жөн. Бұл 
эпопеяда қазақ халқы өмірінің бір дəуірі терең тексеріліп, түпкір-
түпкір шыншылдықпен шебер көрсетілген. Алдыңыздан барлық 
болмысымен біртұтас өмір өтеді. Жарқын болашаққа ұмтылған 
демократиялық ой уəкілдері жəне тарих жолынан сырыла бастаған 
кертартпаларды көресіз. Автор өмір уақиғаларын, фактілерін тізе 
бермейді, шығарманың идеялық-көркемдік, тарихтық, халықтық 
мазмұнын, қасиетін арттыруға қажетті деректерді сұрыптайды. Ел 
неден жиренеді, нені тіледі, соларды баяндайды.
Абай, тағы басқа көптеген адамдар туралы документтер, не дəлді 
естеліктер, күнделік дəптерлер болмаған. Құнанбай, Абай, Бегеш, Жи-
ренше, Оразбай, Базаралы тағысын-тағылар жайында, олардың өзін, 
ісін, заманын жақсы білетін, көп білетін көнелер, ақылгөй ақсақалдар, 


303
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
халық шежіресі қариялар айтқандарын блокнотқа əр кезде жалықпай 
жазып отырған Мұхтар: «Жас шағымда, Абайдың əйелі Əйгерімнен 
естіген сөздерім, Абайдың іні-досы Кəкітай, Көкбай, Мұқа сияқты 
кісілерден естігенім романды шындық мəліметтермен толықтыра 
түсуге көп себеп болды. Абайдың əкесі Құнанбаймен көп алысқан 
жігітек сияқты рулардың қарт-қариясымен де кездескенім бар. Абайдың 
өмір бойы досы болып өткен ертегіші Баймағамбет те көп қызық жай-
ларды баян еткен еді», – дейді. Əрине, жазушының Абай, Құнанбай, 
Бегеш тағысын-тағылар туралы жұрт аузынан алған мағлұматтары бір 
мəндес бола бермеген. Сөз болған адамдар жайы əр түрлі бағаланған, 
олар бірде мақталса, бірде датталған. Осылардың бəрін сарапқа са-
лып, дұрыс қорытынды жасау, керектілерін шығармаға енгізу, оларға 
көркемдік сипат беру, жазушыдан үлкен дарын керек еткен.
Ел арасына жайылған əңгіме бойынша, Қодар жұрт алдын-
да айыпты, ол өзінің келінімен əуейі болған ұятты, айыпты адам, 
оның мойнында кешілмес күнə бар, сондықтан Қодар өлімге 
бұйырылады. Құдайбердин жазған шығармада да Қодар ақ емес. Ал 
Мұхтар шығармасындағы Қодар – Құнанбайдың арам ойынан туған 
қатал өмірдің құрбаны. Бұл фактілерге қарағанда, Мұхтар ел ішінен 
жинаған əңгімелердің бəрін сол күйінде пайдалана бермеген. Олардың 
кейбірін жұрт айтуынша баяндаса, кейбірін басқаша сөз еткен.
Мұхтар ел ішіне тараған өлең, мақал, мəтел, қанатты сөздер, 
аңыздарды ұдайы жинап, олардың қажеттілерін шығармасына 
енгізе отырған. Бөжейге бата оқи келген Құнанбай алдында Бөжей 
қыздарының:
Жау боп шықты Ырғызбай,
Айыпқа бердің бір қызды-ай.
Оның аты Құнанбай
Жүйріктігі құландай,
Шұбарлығы жыландай
582
, –
деген сөздері, Сарыапаңның Бөжей қыздарына берген жауабы 
ауыздан алған күйінде берілген. Ауыздан алынған: «Кей аңғал ау-
зымен айды алады, қолымен қосаяқ соға алмайды» деген сөздерді 
жаңғыртып, Абай дұшпандарының қосаяқ соға алмайтын башақ жан-
дар екенін аңғарта айтқан Бегеш би сөзі етеді.
Пəлен айтты, түген айтты дегендер, рулар ішінде қандай айтыс, 
тартыс болған, олар қандай жерлерді, мекендеген, кейіпкерлердің ісі, 
түсі туралы не айтылған – барлығы қағазға түседі. Осының бір мыса-
582


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет