Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет106/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107
Байланысты:
full

 Мүсірепов Ғ. Кіт.: М. О. Əуезовтің алпыс жылдығына арналған мақалалар 
жинағы. – Алматы: ҚазССР ҒА баспасы, 1959. 93-б.


306
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
туған Мұхтар тарапынан айтылған даналық. Осы үш даналықтың бір 
шығармадан лайықты мол орын алуы – эпопеяның тынысын кеңіте 
түскен, жазушы тар аяға тығылмай, көркемдік дүниесінің кең өрісіне 
еркін шыға білген.
«Абай жолында» қоғамның жағымсыз жақтары сарапқа салына-
ды. Оның көлеңкелі күйкі қалпы сыналады, сол қоғам ішінен өніп 
шыққан демократиялық ой, гуманизм жайы айтылады. Эпопея қазақ 
тілінің ой білдіруге орамды, алуан бояулы бай тіл екендігін, осы 
тілдің терең сезім, философиялық түсініктерді іркілмей жеткізерлік 
зор қасиетін аша түседі.
Шығармада жік-жікке топтастырылған адамдармен танысасыз. 
Əсіресе, осы екі топ көбірек көзге түседі: мұның бірі – патша соңынан 
шұбырған озбырлар, ұлықтар болса, екіншісі – солардың ісіне нара-
зы, бостандық іздеген Абай бастаған топ.
Эпопеяның мол тұлғасы бірден көзге түседі. Қазақ халқының 
ұлан-байтақ өлкесін, құздарын, ну орманын аралай өтіп, сай-сала, əр 
тараптан аққан өзендерді кең арнасына алып, жайқала аққан жойқын 
дария көргендейсіз. Қазақ жерінің шалғайынан, ойынан, қырынан, 
адырынан, асқарынан, гүл атқан бау-бақшасынан тараған талай 
бұлақтар əлдеқайдан аңсап келіп, осы дариядан орын тауыпты.
«Абай жолында» тарих, философия, филология, лингвистика
фольклор, этнография, право жөнінен құнды мағлұматтар көп. Салт-
сана, жол-жора, қуаныш-жұбаныш, сүйініш-күйініш, қайғы-қасірет, 
үміт-арман тағысын-тағылардың бір халыққа хас-ау деген сан 
түрлерімен танысасыз. Терең лиризм, психологизм, контраст, кон-
фликт, диалог, монолог, пейзаждың тамаша үлгілерін көресіз. Эпопея 
«жазылғаннан кейін, əдебиетіміз жаңа өреге көтерілді, жаңа тамаша 
табысқа ие болды, аңғарлы өріс алып, енді алдағы шұғылалы жаңа 
биіктерге мегзейтін болды»
588
.
Шығарманың өн бойынан салмақты орын алған Абай тұлғасын 
көрсеткен жазушы ақын туралы түрлі иллюстрация беру, эпи-
зодтар топтастыру шеңберінде қалмайды. Абайдың ісін дəлді бір 
уақиғаларға, халық тағдырына жанастыра көрсетеді. Елден жырақ 
жүрген Абайды көрмейсіз. Шығармадағы Абай алдымен жұрт қамын 
ойлаған, елді өнер-білімге үндеген қамқор ақын. Ол көргендеріне 
селсоқ қарамайды. Өмірге деген өз бағасын айтудан бас тартпайды, 
надандық, озбырлық, қулық, сұмдыққа берілгендерді ащы сөзбен 
588
 Қаратаев М. Қазақтың тұңғыш эпопеясы. – Алматы, 1957. 32-б.


307
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
аластайды. «Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап», күні үшін біреуді 
алған, біреуді алдап жүрген, азаматтық арын саудалағандардан 
безінеді. Ақыл айтқан, адамшылыққа əділдікке үндеген,
Мақсатым тіл ұстатып, өнер шашпақ,
Наданның көңлін қойып көзін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан, сауық ойда жоқ əуел баста-ақ, – 
деген Абайды көресіз.
Халық ортасында қайнап өскен Абай өмір таласына түскен, 
заманының ащысын да, тұщысын да татқан. Ортадан оза шыққан 
дарын иесі, тəжірибесі мол, Батыс, Шығыс даналары айтқандарына 
қанық, ойы кемелденген Абай көрінеді.
Абай екі егестің бір жағында жүреді. Оны даттаушылар да, 
ақтаушылар да аз емес, сахараны жайлаған надандық Абайға аз оралғы 
жасамағаны көрінеді. Ақынның рухани өсуіне керекті жағдай шама-
лы болса да, ұлы дарын, терең парасат иесі Абай тас жарып шыққан 
шынарға ұқсатылады. Бұл шынар болашаққа мегзеп, заман озған 
сайын аспанға өрлей түскен сияқты. «Мыңмен жалғыз алысқан», 
халыққа жайлы өмір тілеген Абай үмітін кейінгі жастарға артады, 
солардың бірі деп дəмеленген Дəрменді еске ала келіп: «Артымнан 
мен жетпегенге жетіп, мен көксегендей ортаны көксеп ұшармысың 
алысқа. Жетермісің жақсы жайылымға? Мен ұшқаннан арыға ұшар 
болды! Мен танымағаннан арғыны танып, кейінгі елің көрер ырыс
қонысты барлашы»
589
, – дейді.
«Абай жолында» жайы баяндалған Құнанбай – айтқанына 
берік, өр кеуде адам. Ол бір дуан елдің айбарлысы, сөздісі, ырқына 
көнбегендерді жазғыра, жасыта біледі, ақылға да, айлаға да шебер, 
бетіне бекем, қатал адам. Абайды сынап айтқан бір сөзінде: «Өзіңдегі 
барыңды арзан ұстайсың, жайдақсың. Жайдақ суды ит те, құс та жалай-
ды. Досқа досша, қасқа қасша қырың жоқ. Ішіңде жатқан сыр ұшығы 
жоқ. Жұрт бастайтын адам ондай болмайды»
590
, – дегендерді айтады. 
Қарсы дау айтқан Абай: «Ең əуелі жайдақ суға теңедіңіз. Қолында 
құралы бар, жалғыз-жарымға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы 
су болғанша, құралды, құралсыз, кəрі, жасқа түгел пайдасы тиетін 
жайдақ су болғанды артық санаймын. Ел билеудің жайын сөз еттіңіз. 
Елді үркітіп, қорқытып «айт-шайт» деп бағуға болмас, оның ыстық-
суығына бірдей шыдау керек», – дейді.
589
 Əуезов М. Абай жолы. – Алматы, 1961. 396-б.
590
 Əуезов М. Абай жолы. ІІ кітап. – Алматы, 1955. 395-396-бб.


308
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Шығармада ескі өмір уəкілдері көп сыналады. Əйтсе де олардың 
барлығы азаматтық міндеттен, əлеуметтік ойдан жұрдай жандар 
емес. Заманының асыл арманды, таза жанды, ұлы мен қызы ел ішінің 
басалқы айтқан, ер намысын ойлаған ақылгөйлерін де көресіз. Абай-
ды адуындардан қорғаушылардың бірі есебінде бейнеленген Бегеш 
би – Оразбайдың лаңы бірдің басынан асып, исі қазаққа тиді деп 
біледі. «Желін қап киген Тобықтылардың» желікпесі Оразбайдың 
Абай өміріне қауіп төндіріп, асыл азаматты қор етуге батылы барған 
арсыздығына ол төзбек емес, Оразбайдың айыбын бетіне шоқ етіп ба-
сып, оны ел көзінде масқара етпек. Абайды құрметтеп, оның ел абы-
ройы, басшысы, ардақты адам екенін түсіндірген сөзінде: «Кім еді 
Абай, ол Тобықтының ғана Абайы ма еді? Жоқ, исі Орта жүзден ора-
сан ойқастап озған жүйрігім болатын. Ел жақсысы мен ел басшысы 
болмаған елде елдік бар ма? Сағымдай құбылып, сабындай бұзылып, 
іріп-шіріп кете барады да. Жақсы деген оңай ма, ол жиі кездесе ме? 
Кездеспейді. Талай жан бар аузымен айды алады, қолымен қосаяқ 
соға алмайды»
591
, – дейді.
Эпопеяда жан-жақты терең бейнеленген əйелдер образы аз 
емес. Жағымды əйелдер образын жасау жөнінде «Абай жолы» оқшау 
тұр. Əйелдер қауымының жасы да, кəрісі де, абзалы да, данасы да 
алдыңыздан өтеді. Ұлжан, Тоғжан, Салтанат, Салиханың əрқайсысы 
– бір шығарманың бас кейіпкері боларлық дəрежеде. Шығармадағы 
əйелдер, көбінесе, заманының əділдік аңсаған адамдары, олар 
тұрмыстан лайықты үлес таппай, қиыншылыққа көп ұшырайды. Олар, 
көбінесе, сол кездің жол-жорасы, қатал шешіміне көніп қор, Ұлжан, 
Тоғжан жоқшылық зардабын көрген кедей-көпшіктің күнкөріс азабы 
жанышқан əйелдері емес. Алайда бұлар лажсыздыққа, ішқысталыққа 
ұшыраған жандар. Жарқын ойлы, терең сезімді, адамгершілігі мол, 
заманның парасатты əйелдерінің бірі есебінде көзге түскен Салтанат 
та тұрмыстың торына оралып, жол тауып, жан сақтауды місе еткендей.
«Абай жолы», əсіресе, сом тұлғасымен айрықша көзге түседі. 
Мұнда түрлі жанрлардың бір алуан көркемдікпен үйлескен синтезін 
көресіз. Мұнда кең өрісті, мол уақиғалы эпос, шиеленіскен драма, 
ойды, сезімді тоқсан толқытқан лирика бар.
«Абай жолы» мен қазақ жазушыларының сандаған шығармалары 
орыс əдебиеті мен қазақ əдебиеті байланысын, достығын нығайта 
591
Əуезов М. Абай жолы. ІІ кітап. – Алматы, 1955. 334-б.


309
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
түсті. Бұл екі əдебиет бір бағыт, бір көзқарас шеңберінде дамып 
келеді. Сонау бір кезде орыс қауымы Ушаков, Даль, Д.Львович тағы 
сол сияқтылардың жазғандарын місе тұтса, енді өз тілінде қазақтар 
жазған ғылыми еңбектер, романдар, поэмалар, пьесалар оқиды. Қазақ 
əдебиетінің кей үлгілері дүниежүзі əдебиеті қорына қосыла бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет