138
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Қызметін бір күн қылмаса,
Майлы
сорпа бермеді
Əне байдың қадірі
271
.
Малдылар малсыздарға қарамайды, қарайласпайтын бол-
ды, залымдық көбейді, ел əлсіреді, қақ-соқсыз бейбіт өмір кетті,
жалақорлық қабындады.
Сотқа таман шабады,
Көнедей
істі көлді ғып,
Өтірік айтып жаласын
Мойнына əкеп жабады
272
, –
дейді.
Шортанбай парақорлардың бір тиын үшін əділетсіздік жасап,
жазықсыздарға, елге зардабын тигізгендерді əшкерелейді.
Текті құс қарар Қырымға,
Ит айналар жырымға.
Парақорлар қызығар,
Бір қалаштық тиынға
273
.
Елді мазалағандарды, заман өрескелдерін сынаған Абай алдыңғы
күннің
жарығына, адамшылыққа, ерлікке, бостандыққа тез жетуді
аңсайды.
Үкімет – зорлық
Тым болмаса болмады,
Бұлт ала жер шола... –
деген жолдар арқылы «билеуші топтан рақым күтпе! Құтылу
қамыңды ойла» деген терең пікір айтты.
Пысықтардың ісін байқаған Шортанбай олар: «сотқа таман ша-
бады, өтірік жала жабады»
дегендерді айтса, ойын ұшығына жеткізе,
тереңдете сөйлеген Абай:
Пысық кім деп сұрасаң?
Қалаға шапса дем алмай,
Өтірік арыз көп берсе,
Көргендерден ұялмай
274
, –
дейді. Сөйтіп екі ақын да қалаға шапқандарды (Абайша), сотқа
шапқандары (Шортанбайша) əшкерелейді. Жаламен күн көргендер
сиқына
көз салып, ондайлардың арам ниетін паш етеді.
271
Шортанбай. Шортанбайдың «Бала зары». – Қазан, 1890. 13-б.
272
ТƏИ архивы, Шортанбай Қанайұлы шығармалары. 18-б.
273
Сонда, 25-б.
274
Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. –
Алматы, 1957. І т. 59-б.
139
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Бай мен кедей арасындағы əлеуметтік алшақтықты терең түсінген
Абай мал бағудан қолы босамай, үйінде үзбей жағып отырарлық оты-
ны да жоқ кедей, оның тон илеп, шекпен тігіп, бүрсеңдеген əйелі, жы-
лына алмай «өле жаздап» жүрген
жас баласы, ондай үйдің «кемпір-
шалы бар болса қандай қиын» екенін сөз етеді. Абай кедейдің өмірін
баймен салыстыра келіп:
Кəрі қой ептеп сойған байдың үйі,
Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі.
Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,
О да қылған кедейге үлкен сыйы
275
, –
дейді. Отына күйіп, суығына тоңып, салпақтап малын бағып жүрген
жалшыны жасытып ұстаған мейірімсіз байды көрген ақын: «байда
мейір, жалшыда пейіл жоқ аңдыстырған екеуін құдайым-ай!» деп на-
заланады.
Абай дінді бетке ұстап мүлəйімсігендер қараңғылыққа,
надандыққа бастап, мəдениетсіздікке апарады. «Қараңғылық пердесі»
діншілдер, мұсылмандық қарыз өтегенсіп, зəлімдік
жасайды деп
түсінеді. Сырты əулиесінгенмен іші арам: «Кейбірі пірге қол берген-
дерден» не қайран, олардың үйретпек түгіл, өздері надандық, арамдық
шырмауында жүргендер екенін айтады. Кейде мұңға басқан Абай:
«Молдасындай бақсының – жалғыз қалдым – тап шыным» десе де,
бірақ өзінің «мыңмен жалғыз» алысып қайрат, ерлік көрсеткендігін,
көптің
ойын оятып, көзін ашу ісіне өмірін сарп еткендігін ұмытпайды.
Өнер-білім арқылы ерлікті, бірлікті жоғары ұстау арқылы келешек
кемелденбек:
Малыңды жауға,
Басыңды дауға
Қор қылма, қорға татулас
276
, – дейді.
Абай ақындық ісін бастамас бұрын Европа жағдайында клас-
сицизм, сентиментализм ағымдары болды, өмірді романтикалық
түрде, не реалистік түрде
көрсетуді құнттап, шындықты айту ке-
рек деген жазушылар тобы бар еді. Түрлі ағымдар туралы Абай ар-
наулы ойын əдейілеп айтып, теориялық еңбек жазбаған. Абайдың
көркем шығармаларынан оның өмірді ақындықпен көрсеткенде
қандай жол қолданғандығы жəне оның шыншылдығы туралы түрлі
қорытындылар жасауға болады.
275
Достарыңызбен бөлісу: