134
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Еркегі
болар жау жанды
Ұрғашы болар ер жанды
259
, –
дейді.
Абай «Ескендір» атты поэмасында даңқ іздеп, жұрт жаулап, қан
төгіп, ел күйзелткен соғыс құмарлар ісін əшкерелейді, ондайлардың
бүліншілік ісінен қауіптендіреді. Заманында осы тектес ой білдірген
Бұқар Абылай ханды сынап,
оны соғысшылықтан сақтандырған, елге
еркіндік, бейбітшілік тілеп, ұрпақтың, ананың қамын ойлап айтқан
бір сөзінде былай толғайды:
Он ай сені көтерген,
Омыртқасы үзілген,
Аязды күні айналған,
Бұлтты күні толғанған.
Тар құрсағын кеңіткен,
Тас
емшегін жібіткен,
Ана бір аңырап қалмасқа
260
.
Бұқар жазғандары көбіне Абылай өміріне байланысты келеді,
ақын өсиетін алдымен Абылайға айтады, сынаса Абылайды сынай-
ды, мақтаса Абылайды мақтайды. Бұқар жырларында сипатталған
Абылайдың, хандық дегдарлық қасиеті сөз болуы да шамалы. Абылай
династия
ауысып хан болған, атадан мұра болып келген таққа отырған
адам болып та көріне бермейді. Оның қарадан шығып хан болғандығы,
елмен есептесіп, ісістеуі керек екені көп сөз болады. Абылайдың асып-
тасуы, паңдық жасауы, оның қабілетіне жараспайтын кемшілік екені
түсіндіріледі. Жұрт сенің
тегіңе қарамай құрметтеген еді, кеше көзге
түспей, елеусіз жүрген күндеріңді ұмытып, тəубаңнан жаңылдың ба? –
деген сияқты кінəлаған сөздер айтады.
Момынға келіп бек болдың,
Атаңды білмес құл едің.
Қай жеріңнен төре едің
261
.
Абылайдың өткеннен өнеге алып, қарапайым халықпен де сана-
су қажеттігіне «Қазір хан болып тұрғаның болмаса,
Жас кезіңде Абы-
лай кім едің?» деген сияқты ескерту жасайды.
Жас көдектің бірі едің,
Даласына қазақтың
Ұлағып шығып кеп едің
262
–
259
ТƏИ архивы. Бұқар шығармалары. 9-б.
260
Сонда, 18-б.
261
Сонда, 7-8-бб.
262
Сонда, 68-б.
135
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
деген сөздер де Абылайға арналады. Сөйтіп, Абылайдың жайын
баяндаған Бұқар оған дегдарлық қасиет бергісі келмейді. Абылай-
ды жақтаса,
оның халықпен есептесіп, бұқара үмітін ақтауына қарай
жақтамақ.
Бұқар Абылайдың атақты серіктерінің бірі Бөгенбайдың да
қарадан шығып, атақ алған адам екенін айтады. Қанжығалы Бөгенбай
да бұрын көзге түспей жүргендердің бірі болып сипатталады. Оның
ерлігін ұнатқан жырау батырдың қайтыс болуын ескерткенде:
Қазақтың абыройына,
Сарып қылған бар күшін.
Қайыры болсын халқыңа
Сабыр қыл ойла келмесін
263
, –
дейді.
Құландар
ойнар қу тақыр,
Қурай бітпес демеңіз
264
, –
деген Бұқар заманының бір қалыпта тұрмайтынын аңғартады.
Əйелдері үлде мен бүлде киген, қасын қиғаштап қараған, шора-
лары сəнденген, көл жағалап құс атқан, қымыз ішіп той тойлаған,
əлдеқандай масайраған өмірді ескерген сөзінде мынаны айтады:
Көкала ат жаратып,
Көк дабылды байлатып,
Байлар
ұлы шоралар,
Көл жағалар жаз күні.
Байлар қызы бикештер
Қол бұлғайды-ау жаз күні
265
.
Абай жаз күні өзенге келіп қонған ауылдар, бұрала басып үй
тігіп жүрген əйелдер, ары бері сымпылдап, ұшып жатқан үйрек, қаз,
шалғыннан жоны азар көрінген жылқылар, сахараның сəнін келтірген
төрт түлік көп мал, көшпелі қазақтардың əлдеқандай жадыраған
өмірін шаттана суреттейді:
Жоғары-төмен үйрек, қаз,
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер
Бұрала басып былқылдап.
Ақ
білегін сыбанып,
Əзілдесіп сыңқылдап
266
.
263
ТƏИ архивы. Бұқар шығармалары. 42-б.
264
Сонда, 31-б.
265
Сонда, 12-б.
266
Достарыңызбен бөлісу: