Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет38/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   107
Абай (Ибраһим). Шығармаларының толық жинағы. – Алматы, 1948. 39-б.


136
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Осындай бір өмірді ақын қошаметпен қарсы алған сияқты. 
Көк орай шалғын өсіп, бəйшешек толған кез, жаз жайлауға шығып 
жадыраған шақ – қазақ өмірінің бір рахатты тамаша уақыты секілді. 
Бірақ ақын тамашалаудан ары бармайды, көшпелі өмір бұлжымай 
тұрса екен-ді арман етпейді.
Бұқар Абылайға айтқан өсиеттерінде сəлдесі «қазандай» дін 
уəкілдеріне қауіптене қарайды.
Ноғайларды ғалым деп,
Əулиедей көрерсің,
Ноғайлардың бойлары болар сазандай
Сəлдесі болар қазандай...
Ақыретке барғанда
Тартарсың сонда сазаңды
267
.
Сөйтіп сəлдесі «қазандай» (Бұқарша), «дағарадай» (Абайша) 
молдаларға екі ақын да тіксіне қарайды. Молдалар қараңғы жұртты 
теріске бастайды деп түсінген Абай былай жазады:
Кітаптан молда теріс оқыр,
Дағарадай боп сəлдесі...
Мал құмар көңілі бек соқыр,
Бүркіттен кем бе жем жесі
268
.
Бұқар айтқандарын көбінесе жалпыға керекті өсиет, ережелі сөз 
ретінде айтады. Ойын қорыта айтуды құнттайды, сондықтан оның 
айтқандары мəтел, мақал секілденіп тұрады:
1. Қараша торғай қаз болмас,
Қалған көңіл табылмас.
2. Қурай бітпес құба жон,
Құлан жортпас демеңіз.
3. Жақсылардың малы жоқ,
Жамандар малымен теңелер.
4. Қызда қылық болмаса,
Құр шырайдан не пайда? жəне тағысын-тағылар.
Осы секілді өсиет ретінде айтылған сөздер Бұхар 
шығармаларының жəне оның ақындық өзгешелігін көрсетіп тұрса, 
Абайдың қара сөздерін (37-ші сөзді оқыңыз), өлеңдерін оқығанда, 
əдейі өсиет үшін айтылған сөздер аз кездеспейді:
1. Оқалы тон тола ма,
Ар-ұятын 
сақтауға?
267 
ТƏИ архивы. Бұқар шығармалары. 10-б.
268
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 132-б.


137
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
2. Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.
3. Қиянатшыл болуды естен кеткіз.
4. Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма.
5. Бір бес надан оңбассың... жəне тағысын-тағылар.
Абай осындай өсиет сөздерін өмірді терең түсінгендігіне сүйене 
айтады жəне оның ақыл сөздері, қазақ халқының өзгешеліктеріне 
байланысты туған, көпке арналған үлгілі сөздер болып келеді.
Абай өз заманының əділетсіздіктерін, бұзықтарын, ұлықтарын, 
мейірімсіз байларын тағы-тағыларды қатты сынап, марғау өмірдің 
сұрықсыз уəкілдеріне тіксіне қарады. Ол ескі өмірді аңсап жатпады. 
Шиден шекпен, матамен əдіптеткен жырым балақ шалбар, мықшима 
етік, үлкен кісі, дəндəку, күлəпара, тобылғыдан жасалған құрысқақ, 
пыстан сияқты өз заманынан бұрынғы өмір елесін ақын көксемеді. 
Ондайлардың сырылуы өмір заңынан туған деп түсінген Абай артқа 
шола қарап, қазіргі жағдайға көз салып, алдын аңғармақ болып, келе-
шектен үміттенеді.
Абай қазақ жағдайындағы капиталистік əуенді көріп, даңғыл жол 
сауда-саттық жолы шығар деп, соны місе тұтпаса да, бірақ осының 
өзінде заманына қарай бір мəн бар ма екен? Бұл да бір қоғам өмірінің 
жаңалығы шығар деп қалған сияқты. Кейде саудагерлердің де өмірде 
қажетті орны бар екенін көргісі келеді, олар ел жеген ұлық, не:
Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсе қызар жалмауыз...
269
Сыбырдан басқа сыры жоқ,
Шаруаға қыры жоқ
270
, –
сияқты кеселді пысықтардан көп игі сияқты, олар қоғам ісіне аз да 
болса пайдалы деп білген Абай жазғытұрым «Жаңа бұлмен жамырап 
жүрген» саудагерлерден шошынбайды. Бұлар мүлгіп жатқан өмірге 
қозғау салып, ел арасына ауыс-түйіс туғызғандар болып көрінеді.
Шортанбай: ел арасына ала-құлалық кірді, біреу – кедей, 
енді біреу – зəлім, біреуден-біреу амалмен асып, орға жығысып, 
жанталасқандар бар.
Бай кедейді көрмеді,
Кедей байға ермеді.
269


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет