171
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
ұғымға терең мағына бере сөйлейді, барды пайдаланып, толықтырып,
жаңарта сөйлейді жəне оның айтқаны халықтың ұғым-түсінігіне өте
қонымды болып тұрғанын көресіз. «Еңбек етсең емерсің» деген бір
топ сөздер ойды жақсы білдіріп тұрса да, Абай бұл ойды өресіне
жеткізе айтудың ақындық əдісін тауып, түсінікті бұрынғысынан да
айқынырақ, толығырақ, тереңірек етіп айтып береді. Сөздер қосып
(«тояды қарның тіленбей») ойды шебер тілмен білдіреді, өзінің «тіл
ұстартпақ» өнерін көрсете сөйлейді. Мақалдың мəні бұрынғысынан
да күшейіп тереңдеп кеткендігін көресіз. Мысалы:
Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей, –
деген жолдар арқылы ақыннан татымды үлес алып, халыққа қайта
барады, жаңғырып, əдеміленіп барады. Сөйтіп Абай халықтан үлес
алса, өз үлесін де артығымен қайтара білетін ақын екендігін көрсетеді.
Екі кеме құйрығын
Ұста, жетсе бұйрығың
323
, –
деп жазады Абай. «Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетер» деген
мақал бар екені белгілі. Ақын бұл жерде де қазақтың мақалын дұрыс
пайдаланып, оны өлеңге айналдырып əлдеқандай ақындық формула
жасайды. Ой айтуға өте шебер, халық ұғымымен есептесе білетін,
елдің айтам дегенін өресіне жеткізе айтатын, ақындық тəсілі мол
ақын екенін көрсетеді.
Абай шығармаларының ритмі, ырғағы түрлі интонацияға
құрылған. Абай түрлі шумақтардың тармақ, бунақ, буын ұйқастарының
құрылыстары арқылы шығарманың интонациялық қасиетін арттыру
тəсілін тапқан. Абайдың бір өлеңі толғай оқуды («Сегіз аяқ»), бір
өлеңі əр сөзге мəн бере үзіңкіреп-үзіңкіреп оқуды тілесе («Сен мені
не етесің»), енді бір өлеңі лирикалы сезімге толы («Өлсем орны қара
жер») үн тілейді.
Абайдың көптеген өлеңдерінің ырғағы бір қалыпты дауыспен
сылдыратып оқи ала жөнелуге де көнбейді.
Атыңнан айналайын келдің қайдан,
Ала үйрек алма мойын ұшар сайдан.
Көп айлар көрмегелі көп жыл болды,
Адамның жат болмағы осындайдан, –
деген өлеңнің ырғағына салып, не қара өлең, жыр, қайым өлең
ырғағына салып оқуға да Абай өлеңдері шетінен көне бермейді.
323
Достарыңызбен бөлісу: