Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет77/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   107
Байланысты:
full

 Қалтаев М. Бар уақиға. – Қазан, 1913. 6-б.
452
 Қалтаев М. Тұрмыш. 10-б.
453
 Сонда, 21-б.


229
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
өсиет айтып кетермін, қалай да болса, сөзіме жетермін»
454
, – дейді 
М.Қалтаев. Мақыш түсінігінде қайшылықтар кездесетінін еске алу-
мен қатар, оның бұқара мұңын айтып, патша уəкілдері ұлықтарды, 
байларды, дінбасыларды, сол кездегі өмірдің нұқсанды жақтарын 
сынағанын да көрмеуге болмайды. Қалайда Қалтаев сонау тар заман-
да жұртты өзінше өнерге, еңбекке, еркіндікке, теңдікке шақырды.
* * *
Совет əдебиеті дəуірінен бұрын да драма, поэма, проза үлгілері 
жариялана бастаған десек, олардың кейбірі қолжазба күйінде архив-
терде сақталған. Бүгінгі проза мен драманың алғашқы бір нышанын 
сол шығармалардан аңғарғандайсыз. Қазақ əдебиеті бірден қалыптаса 
қалған жоқ. Бұрын көбінесе өлең түрімен шектелген көркем əдебиет 
енді проза, драма саласында бой көрсетеді.
Қазақ прозасы қазынасының бірі – сан алуан келген аңыздар, би-
лер сөзі, ертегілер. Олардан қазақ тілінің оралымдылығы, тазалығы, 
халықтық қасиеті, көркемдігі, ақындық фантазияның байлығы 
байқалады. Бұл тектес нұсқалар сюжетті, уақиғалы прозалық көркем 
шығармалар жазуға меңзеген. Проза үлгілерінің енді бір парасы ба-
тырлар əңгімесі, түрлі қисса, хикаялардан ұшырайтын. Бұлар көбінесе 
жырмен жазылған шығарманың ара-арасын кіріктіріп тұратын, 
көлемі шағын-шағын, дастан уақиғасы желісінің үзілмеуі үшін 
керекті болып тұратын. Бұл əңгімелер «Əл қисса» деген сөздермен 
де басталатын. Хикаят рəсле «Мұңлық–Зарлықта» Һəшім патшаның 
Жаудыр шал қызы Айым берген кішкентай дорбаны «жеті там толған 
ақшасын» салып:
Төбелі тазға төрт теңге,
Айна тазға алты теңге,
Қырма тазға қырық теңге,
Ойма тазға он теңге
455
, –
деп салық салып, көп ақша жинаса да, сонда да дорбаны толтыра ал-
май сасқаны жырмен баяндалғаннан кейін «Əлқисса» деп басталатын 
қара сөз үлгісін көресіз. «Əл қисса. Əндə патша айтты: бұл не деген 
қалта, мұны толтыруға ғылаж бар ма екен деп, жұртқа жар салды, 
һеш кім мəнісін білмеді...», не «Қисса Таһир илə Зуһраның» жырмен 
баяндалған бір жерінен кейін: «Əл қисса мұнан соң, Зуһра бірлə Таһир 
бір-бірімен құшақтасып, иғлаштилар, бұлардың махаббаттарын-
да һеш кемшілік жоқ еді. Əнден айрылысып, нəркес көздеріне, гүл 
454
Қалтаев М. Табылған хат.
455
Хикаят рисəлə Мұңлық–Зарлық. – Қазан, 1908. 6-б.


230
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
жүздеріне ялар ағып, ғақыл кете язып, Таһир, Зуһра бұл шығырларны 
айтты...»
456
деп оқисыз.
Прозаның тағы бір үлгісі 1879 жылы жарияланған Алтынсарин 
шығармаларынан кездесетін. Ол сол кездегі қазақ өмірінен мағлұмат 
беретін, заман адамдарының мінезін, тəрбиесін, сенімін, іс-əрекетін 
аңғартатын шағын-шағын шығармалар жазды. Прозаға қажетті 
мəн берілмеген сол бір кезде оқушыларға ұсынылған Алтынсарин 
прозасының орны зор.
Революциядан көп бұрын қазақ əдебиетіне не аударма түрінде, не 
ел өмірінен алынып жазылған проза үлгілері кіре бастайды. Олардың 
ішінде: «Бай мен жарлы баласы» (1879), «Қазақтардың есінен кетпей 
жүрген бір сөз» (1892), «Капитан қызы» (1903), «Жас ғұмырым яки 
жастықта ғафлəт» (1907), «Көргенді бала, үлгілі бала» (1911), «Қыз 
көрелік» (1912), «Қалың мал» (1913) т.б. бар.
Атап өткен нұсқалардың қиссалар мен аңыздарда кездесетін 
үлгілерден басқа сипат алғаны байқалады. Мұны олардың стилі, 
тілі, композициясы ерекшеліктерінен де көресіз. Прозаның ертегі, 
аңыз, қисса өресінде қалмауы қажет болады. Мұнымен қатар орыс 
əдебиетімен танысып, ол əдебиеттің прозалық кейбір үлгілерінің 
қазақ тіліне аударылуы да қазақ прозасы өрісін кеңейте түседі.
Алтынсарин жазғандары балаларға, ғибратқа арналған 
шағын-шағын шығармалар. Олардың тақырыбы: «Қанағат», 
«Əдеп», «Өрмекші», «Құмырсқа, қарлығаш», «Асыл шөп», «Бақша 
ағаштары», «Мейірімді бала» деген сияқты болып келеді. Мұның 
үстіне Алтынсарин көлемді шығарма жазуды мақсат етпеген де 
көрінеді. Шығармалар дені мораль, өсиет, тəлім-тəрбие ісіне арнала-
ды. Бұл ұсақ əңгімелердің заманына қарай, педагогикалық маңызы 
болды, олар қазақ прозасы кəдесіне асқан. Өңдеген, не өзі жазған 
шығармалардың нендей мақсатқа арналғандығын түсіндірген Алтын-
сарин ана тілінде жазылған кітаптар болмай, қазақ шəкірттері тек дін 
туралы жазылған, «араб, парсы сөздеріне лық толған», татар тілімен 
шұбарланған кітаптарды лажсыз оқып білім алмай əуреленді. Осы-
ны ойлап, «бастауыш оқу құралдары хрестоматиялар сияқты» кітап 
жазуды ұқыптағанын айтады. Хрестоматияға кірген шығармалардың 
кейбіреулері «ең жақсы қазақ ақыны өлең жырларынан», айты-
лып жүрген əңгімелерден, не орыс хрестоматияларынан, көбінесе, 
Пантусовтың хрестоматиясынан алынғандығы ескеріледі
457
.
456
Қисса Таһир илə Зуһра. – Петербург, 1907. 11-б.
457
Ы.Алтынсариннің таңдамалы шығармалары. – Алматы: Қазақ ССР ҒА 
баспасы, 1955. 71-б.


231
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Алтынсарин жазғандарынан прозаға керекті ұтымды тіл 
үлгілерін, сөзді ойға сəйкес қолдану, тіл тазалығын сақтау, шұбар тілге 
жол бермеуді көресіз. Оның елеулі бір шығармасы – «Бай мен жарлы 
баласы». Мұнда ауыл көшіп кетіп, жұртта адасып қалған Үсен мен 
Асанның уақиғасы айтылады. Бай баласы Асан өмірге икемсіз, бол-
быр болып көрінсе, кедей баласы Үсен тəжірибелігі, байымдылығы 
арқасында қапияда ақыл тапқан есті бала болып бейнеленеді. Ол 
көштің сүрлеуіне қарап, ауылдың қай жаққа көшкенін оп-оңай 
аңғарады, тұзақ салып, құс ұстап, азық табады, тезек теру, шақпақ 
шағу, қармақ салып балық аулауды біледі. Ал Асан осылардың 
бəрінен хабарсыз.
Алтынсарин əңгімелері көркем прозаға тəн ерекшеліктерімен 
көзге түскендей. «Бір мезгілде жақын жерде қасқырлар ұлыды, алыс-
та егіз шағала адамша шақырып, біресе жылаған балаша, біресе 
қарқылдап күлген адамша, əр түрлі дауысқа салды... Күншығыстағы 
таң əуелде алтынмен боялғандай қызарып, жан-жаққа жайыла ба-
рып, ақыры қызылы тарап ағара бастағанда, Үсен Асанды да оята 
бастады»
458
деген үзіндіден шығарма тілінің заманына қарай сапасы 
жоғары, ескі аңыз бен қиссада байқалған проза тілінен басқа бір ше-
бер тілмен жазылғандығы көрінеді. Қалайда Алтынсарин əңгімелері 
қазақ прозасының қалыптасуына əсер еткен көне прозаның құнды 
үлгілері.
Қазақ прозасының бір алуан үлгісін Абай жазғандарынан 
аңғарасыз. Абай мұра етіп қалдырған «Сөздер» көркем прозаға тəн 
ерекшеліктері бар элементтер синтезі сияқты. Оларды дəлді бір новелла 
не əңгіме түрінде жазылған деу қиын. Бұл шағын-шағын шығармаларда 
көбінесе моральдық, ағартушылық, үгіттік, философиялық, 
публицистикалық ой айтылады: көркем сөз, шешен сөз, ережелі сөз, 
афоризмдер кездеседі. Оларда өмірде болған бір уақиғаға арнап, сю-
жет құрып, қоғам адамдарының іс-əрекетін көрсету арқылы сипат жа-
сау басты міндет болып есептелмеген. Тұрмыс құбылысын тəптіштеп 
көрсетуден гөрі өмір туралы ақынның өз қорытындылары беріледі. 
Ол қорытындыны оқушы шығармадан өзі шығарып жатуы шарт емес, 
өйткені Абай керекті қорытындыны өзі ұсынады.
Абай «Сөздерге» арнап айтқанында «Өмірдің талай тауқыметін 
көтеріп жаман, жақсыны көрдік, алыстық, жұлыстық, айтыстық, енді 
мынау егде тартқан шақта қайрат мұқалып, қажыдық, жалықтық, қылып 
458
Ы.Алтынсариннің таңдамалы шығармалары. – Алматы: Қазақ ССР ҒА 
баспасы, 1955. 92-б.


232
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
жүрген ісіміздің баянсыз, байлаусызын көрдік» деп, ауыр жағдайда 
өмір өткізгендердің рəсуа болып жүргенін көреді. «Өмірді көркейту 
үшін, адал арманды игі адам болу үшін не істеу керек?» – деген сұрақ 
қойды. Көріп отырған өмірден түңіліп, басқа бір жарқын өмір тілейді. 
Мол тəжірибе, терең парасатқа сүйеніп жасаған қорытынды ойларын 
ортаға салады. «Ақыры ойланып: осы ойыма келген нəрселерді қағазға 
жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде кім ішінен 
керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім 
өзімдікі дедім де, ақыры осыған бекідім»
459
, – дейді. Осы сөз аңғарынан 
да оның сюжетті көркем шығарма жазуды өзіне жүктемегені, ғибратты 
ойларын қағаз бетіне түсіре беруді құнттағаны байқалады. Абайдың 
«Сөздері» тек совет дəуірінде ғана баспа бетін көрсе де, бірақ ондағы 
айтылған ойлардың көпшілігімен жұрт ақынның революцияға дейін 
жарияланған өлеңдерінен танысқан болатын.
Поэзия саласында қазақ əдебиетінің даңғыл жолын салған 
Абай прозасы өзінің игілікті əсерін қазақ прозасына тигізіп үлгірген 
деу қиын. Академик М.О.Əуезов: «Жалпы алғанда, Абайдың осы 
қара сөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек бір алуа-
ны болып қалыптасады. Бұлар сюжетті шығармалар емес... Кей-
де бұлар сыншылдық, ойшылдық жəне көбіне адамгершілік мо-
раль мəселелеріне арналған өсиет толғау тəрізді»
460
, – дейді Абай. 
«Сөздерінде» көркем прозаға тəн уақиға беру, адамдар образын 
жасаудан гөрі «өсиет, толғау» не силлогизмге көбірек орын беріледі.
Абай «Сөздеріне» кейде Сократ, Аристотельдің философиялық 
таластары, «Қазақтың түбі қайдан шыққандығы», жан, тəн, ғылым, 
білім, тəрбие туралы мəселелер арқау болады. Енді бір «Сөзде» қазақ 
мақалдары талданады. Абай: «Біздің қазақтың мақалдарының көбінің 
іске жарарлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылдыққа, не 
адамшылыққа жарамайтындығы да бар»
461
, – дейді. Енді бір «Сөзде» 
жаман дос – көлеңке, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, 
басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың» деген сияқты қанатты сөз 
үлгісі беріледі. Енді бірде Абай:
Дүние – үлкен көл,
Заман – соққан жел.
459


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет