238
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
ластик медреселер тəрбиесінен шыққан қалфе, хазрет молдалар жар-
гоны болатын»
473
, – дейді. Араб, парсы, татар сөздерімен шұбарланған
тілге тақыстанғандар əсіресе, діни кітаптардан, қалфе, хазрет мол-
далардан тəлім алғандар еді. Бұларға еліктемеген Көбеев «Қалың
малды» қазақ тілінде, көпшілікке түсінікті тілде жазды»
474
десек те,
шығарма тілі тіпті нұқсансыз да емес. Мұны ойды дұрыстап өресіне
жеткізбей кейде келте кесуден, сөз құрылымдарының не күңгірт, не
болбыр келуінен (32-33), не «басымыз кетер деп тоқтастылар. Бас
қосып ғақылға қылдилар. Мағлұмның Тұрлығұл деген ақсақал» деген
сияқты сөйлемдерден көресіз.
Шағын форматты 83 бет кітапқа орналасқан адамдардың кейбірі
тек пəленше, түгенше деген атпен жүреді. Олардың ісі, арманы
айтылмайды. Ерекшеліктерімен көзге түспеген бұл адамдардың
қоғамдық бейнесін аңғару қиын. «Түлкібай дейтін бір қадірлі ақсақал:
Қоңызбай, бір ашуыңызды маған беріңіз деп, той қылушы Сəрсен де-
геннен бір көк шолақ əперіп тоқтатып еді»
475
делінгеннен басқа ол
адамдар туралы тағы бір керекті мағлұматты іздеп таба алмайсыз.
Алайда, шығарма адамдарының барлығы жайында осыны айтуға
болмайды. Олардың арманына орай қоғамдық кейпі көрсетілгендері
бар. Бұл жөнде Итбай, Тұрлығұл, оның мəслектесі, жылпостығымен
жағып байдың алып кел, барып, келісіп кел, кектесіп келіне жүретін
Əбіш, бас еркіндігін ойлаған Ғайша, оның адал анасы, Қожаш пен
Ғайшаға болысқансыған Серғазыны атауға болады.
«Қалың малдағы» билер, ақсақалдар керексіз ғұрып жол-жораға
үйір, олар: байға кім қызын бермейді, «қатын өлді қамшының сабы
сынды» десіп, Тұрлығұлды өрлендіреді. Тілеуі бір жастарды зор-
лап айырмақ, байға жағынып əділдігінен жаңылады, ауыл дауына
тақыстанған, құлқынын көздеуден аспайтындар болып көзге түседі.
Серғазының Ғайшаға туысқандық ниет білдіргені айтылса да,
бірақ оның іс жүзінде бой көрсетпей бұғатын əдеті бар. Баста Итбай
шешімін мақұлдаған Серғазы кейін Ғайшаның зарлы сөзін естіп, Ит-
байды қостағанына өкінгендей «Шырағым, Ғайша жан... ең алғашында
сені Тұрлығұлға берудің мəслихатының ішінде болсамдағы... өлеңді
естігеннен бері қарай ойға қалып, сенің көз жасыңа қаламын ба деп
473
Достарыңызбен бөлісу: