Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет75/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   107
Қалтаев М. Тұғры жол. – Қазан. 1911. 6-б.
441
Қазақ ССР ҒА архивы, п. 494. 24-б.
442
 Қалтаев М. Айна. – Қазан, 1913. 5-б.


225
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Қолыма жазайын деп қалам алсам, 
Қаралап сия малып жолға салсам.
Қалтырап екі қолым жаза алмаймын
Қаламның бұйырғанын ойға алсам
443
.
Мақыштың «Қаламының айтқаны» атты шығармасында қалам 
əлдеқандай шындық, əділдік уəкілі ретінде сипатталса, ал ақынның сол 
қаламының айтқанын бұлжытпай орындауы, өмірдің өкінішін айтып, 
көптің көзін боямауы, адал еңбек етуі керек. Ол үшін дұрысты айтудан 
тайқымайтын ерлік тап, сөзге ерік бермесе, заманның аңдысын аңдумен 
ғана болсаң, онда ақын қадірін жоймақ, бұзықтыққа қарсы шықсаң, сон-
да адал ісің ақталмақ, сондықтан қалам мынадай бір ақыл береді:
Ал мені сия малып оң қолыңа,
Тілесең мен сілтейін оң жолыңа.
Қолыңда жолдасың мен, қылышың мен,
Ой, алла, қайран қалам қорқуыңа
444
.
М.Қалтаев қалың шаруаны мезілеп айтқанына көндірмек, өнер-
білімге шақырмаған, қара басының қамынан аспаған, ел билеген 
əкімдерді шенелейді. Өзара партияласып күні өткен, мал шашып 
мансапқа жеткендердің шыққан шығынын елден еселеп қайтарғанын 
көреді, олар жоғары мəртебелі ұлықтарға жағынып, үкімет есесін 
өтейді, не «шариғат не низамға» бағынбай іс жүргізетін де солар.
Шариғат низамменен болмас ісі,
Мақсұты езу болар жетсе күші.
Бірталай адам жақын жүктеп қалар,
Басынан ұшқан шақта дəулет құсы
445
.
«Əлдеқандай адамсып жүргеніміз писерлер қалың күпі, жуан 
етік киген қазақтарға бапаңдай, аз-маз орысша білгендігін бұлдап та 
қоқиланады» дегенді де айтады.
М.Қалтаев тозығы жеткен ескі өмірдің тулағын сүйреткендерді 
көреді, «Киіз кітапқа» қарап ғамал жасау, жалған жан беру, қалың беріп 
қыз алу, жоққа сену сияқтыларды сөз етеді. Өткен кездегі қазақ өмірінде 
кездесетін өрескелдіктер туралы дұрыс топшылаулар жасаған Қалтаев 
кейде күдігін асыра түседі. «Миллет» деген бір сөздің мəнін қазаққа 
айтып түсіндіру қиын, езілудің салдарынан əлсіреп, қия басуға жара-
443
 Қалтаев М. Қалтай ұлының қазақ ақуалын ден бахс еткен манзумасы. – Қазан, 
1909. 6-б.
444
 Қалтаев М. Айна. – Қазан, 1913. 10-б.
445
 Қалтаев М. Қалтай ұлының қазақ ахуалын ден бахс еткен манзумасы. – Қазан, 
1909. 6-б.


226
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
май қалған ба? – деген сияқты ой білдіреді. Жұрттың сұрықсыз өмірден 
құтыла алмай, жақсы идеяны қабылдай алмай жүруіне сол кездегі 
қоғамдық система кінəлі екенін, алдымен царизм жойылуы керек екенін 
түсінбек, күрес-тартыстың қандай түрлері еркіндікке жеткізбек деген 
мəселелер жөнінде халықтың тілегін түгел қамтып түсінген, бұқараның 
булыққан күшінің келешегін дұрыс шамалаған Мақышты көру қиын.
«Алтынға» деген шығармасында Мақыш бай болуды арман 
еткендердің жат сырын ашпақ. Байлықтың, яғни алтынның халық 
арасына алып келген алапатын айтпақ. Алтын бір заманда қорғасын, 
мыс дəрежесінде əншейін тас-топырақ еді, ал қазірде оның құны да, 
күші де рабайсыз артты, алтынға қалтасы толғандар бедел алғаннан 
бері бұзылғандар тобы көбеюде, қожасының айтқанын орындаған 
Алтын:
Достарыңа тау-тасты қаздырдың сен,
Көп елдерді тура жолдан жаздырдың сен.
Көңілі гөрдің дінін бұзып, бұзықтыққа
Жол көрсетіп шайтандай азғырдың сен
446
, –
дейді. 
Береке ойламайтын жалақор, күншілдерді сынаған М. Қалтаев 
естілерді есерлер жеңгенін, адал адамның аяғынан алуға құмартып 
тұратындар көбейгенін көреді. Бұл жолдағылар өзгенің ар-намысымен 
ісі жоқ ибасыз, атаққа еріп те, ұлыққа жағып та, ресми адам болып 
та, тіл жаққа сүйеніп те қоқиланатын, жаладан жалықпайтын жандар 
екені айтылады:
Сұңқар боп, қаршыға боп қақпай қоймас,
Əйтеуір бір күніңді таппай қоймас.
Тəп-тəуір адам деген адамдары,
Оқығанға бір жала жаппай қоймас
447
.
Қалтаев шығармаларынан əйел мəселесі недəуір орын алған. Ол 
қазақ əйелдерінің ауыр халына айрықша назар аударады, ғасырлар 
бойы созылып келе жатқан теңсіздікті көреді, əйелді малға сатып 
алғанмен, оның махаббатын сатып алуға бола ма? Араларында теңдік 
жоқ, ерлі-зайыпты адамдарда қандай жарастық татулық болмақ? 
«Ғұмырлық жолдасын өзі жаратып тапқаны жақсы болады деп» айтқан 
қазақ кемде-кем. «Тұқымы ұлық болған, мың біткен байдың айыпты-
қиыпты, кəрі-құртаңы бəрі дəрі бола бермек». Жас қызды ата-ана, ауыл-
аймақтың талқысына салып, солардың бəддұғасымен қорқыту, болма-
446 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет