242
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Бұл диалог, əрине, жар-жармен айтыста кездесетін диалог емес.
Онда бірнеше адамдар сөз таластырады, шығарманың драма түрінде
жазылғандығы байқалады. Өмірді баяндау арқылы ғана көрсетпей,
адамдар сөз таластыруды айтыстардағы диалог шеңберінен асып,
басқа үлгіге меңзеу бар. Бұрын диалогқа құрылған шығармаға қажетті
мəн берілмей келсе, енді ондай шығармалардың құны арта түседі.
Əдебиет өрісі кеңейе түсіп, драмалық элементтер шоғырлана бастай-
ды, драма жанрының даму процесі басталады.
Драмалық үзінді ретінде жазылған «Екі қыздың мұңы» атты
шығармада еркіндік іздеген қазақ қыздары сөз болмақ. Ұлбосын:
«Малға сатылып мен отырмын, алпысқа келген шалға баруға сен
отырсың», – дейді. Нұрила: «Шаһарларда қыздар бұрынғыдай шапан
бүркеніп, ат үркітіп жүруді қойып келеді, өнерлі жұрттың əйелдері
біздердей қорлықта емес, əйелдерден патша болғандар да бар» деп
тең құқықты болуға үгіттейді. Ол əділетсіз өмір сүйегін жасытып,
зəрезап болған Ұлбосынды өрлендіріп, жігерін оятпақ. Əйелдердің
«көз жастары тыйылар, халық қатарына қосылар, сүйген жарымен
ғұмыр бойы рахат жасар, бастарынан қара тұман серпілер... мұның
бəрі бір болар, болар Ұлбосын»
482
, – дейді.
«Үйшік-үйшікте» (1910) персонаждарға арналған диалог та, моно-
лог та бар. Сырым: «жасың отызда, əлі əйелсізсің қайран мал-ай, қайтейін
сені, малсыз күн өкінішті, байдың парлап ат жегіп, ауылдан ауылға
қонақтап шалқып жүргені анау. Ол мені Құтпаны құрлы көрмейді», –
деп бай есігінде өткізген өміріне қынжылады. Бай мен жалшы арасында
татулықтың жоқ екенін өз тəжірибесінен түсінгендей болады.
«Байғұстарда» (1910) жесір əйелден үміттеніп, топырлап, бірінің
үстіне бірі келіп, өрескелдік көрсеткендердің күлкі ісі баяндалмақ.
Сұлушаш абысыны Жамалмен мұңдасады. Жамал: «өлгенді ойлап
бос қажыма, шамаң келгенше өзіңді таза ұста, жас жаныңды жасыт-
па, ерге барсаң, өзіңнен кішіге тиме, төсегіңді көргенше төбесінен
көтерер, төсегіңді көрген соң, төбеңе шығар қадіріңді білетін теңіңе
бар»
483
, дейді. Сұлушаш абысынының бұл сөздерін есепке сала-
ды да, «ананы, мынаны қыламын деуге болып тұр ма? мынау өмір
күйзелтпей қояр дейсің бе» деп қамығады.
Сұлушашты өзіне сырттай ұйғарғандардың бірі шал, бірі
байлығына мастанған əйелі бар егде адам, енді бірі Сұлушаш жесір
482
Достарыңызбен бөлісу: