228
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
жəрдемдесу керек. Өнерді арттыру үшін орыс халқымен достасып,
оның мəдениетінен үлгі алу шарт, сонда келешек өмір кемеліне кел-
мек, бұл халықтың пайдасын бұрын да көргеміз, хандар, төрелер аза-
бынан орыс халқы құтқарған:
Бұл зорлық қияметке кетпек еді,
Түбіңе залым төре жетпек еді.
Орыс халқы зорлықтан құтқармаса,
Қазақ өзі төреге не етер еді
451
, –
дейді.
Мақыштың «Тұрмыш» деген өлеңдер жинағы 1959 жылы
Қазан архивынан табылды. Қолжазбаның аяғында «Мақыш Қалтаев
Қараөткел» деген сөздерді оқисыз. «Патша хазреті қазақтан солдат
алады деген бір сөз тарады. Бұл сөз һəркімді ойға, уайымға салды»
452
деген сөздерге қарағанда жинаққа кірген «Зылиха ханым», «Бір
қыздың жеңгесімен сөйлесуі», «Жүректі қатын», «Кемпір мен келін»,
«Дүниеде қалай тұру керек», «Табылған хат» сияқты шағын көлемді
20-дан астам шығармалар 1916 жылдары жазылған ба дейсің.
«Дүниеде қалай тұру керекте?» М. Қалтаев байлардың дəуірі
жүріп, есе бермей тұрғанына қынжылады, олардың арамдығын,
пасықтығын баса көрсетеді. Малы азға есе тимейді, момынның сөзі
жүрмейді, адал ісі іске аспайды, байларды жақтап, ақшаға сатылып
жалпақтағандар, өтірікті күбіткендер тобын көреді. «Дүниеде... өтірік
айтып, алдап, əйтеуір мал жина, малың болмаса сен бақытсызсың...
жақсы тұрмыста тұрғың келсе, ешбір уақытта хақ тура сөз айтпа...
Мал хайуанмен бірге қосылып жүре бер»
453
, – деген кекесін сөздер
айтады.
«Табылған хатта» М.Қалтаев болашақ жарқын өмірден үміттеніп,
қазіргі қайғылы заманның қарасы өшетініне сенетінін білдірмек.
Бостандық көксеген сөзіне қарағанда, əділетсіздікке қарсы баян-
ды іс жүргізген, бұқараның қамын ойлаған жақсылар «хабары жұртқа
тараған» «адал азаматтардың есімі жұртқа кейінгі ұрпаққа ардақты
болмақ, оларды қадір тұтып, бастарына құлпытас қоятын шақ болар
деп үміттенгендігі байқалғандай. Қашан да болса бір... таң туар, бізде
сол күнде бұлбұлдар секілді сайрап өмір етерміз. Сол уақытта менің
бір ойым... құлпытас қою болар. Егер өзім қоя алмасам, балаларыма
451
Достарыңызбен бөлісу: