233
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Алдыңғы толқын – ағалар,
Артқы толқын – інілер
462
, –
деп термелеп сөйлейді. Абай сөздерінің
жанрлық сипаты туралы
Х.Ж.Сүйіншəлиев: «Абайдың қара сөздерінің бəрін бір алып қарап,
бəріне ортақ прозаның бір түрін атауға болмайды. Оларды прозаның
бір түріне жатқызуға келмейді»
463
, – дейді. Абай «Сөздерін» көркем
прозаның новелла, не əңгіме сияқты дəл бір түрі демесек те, онда
көркем прозаға тəн өткір қиял, көркем сөздердің жарқылдаған ұшқыны
аз емес. «Сөздердің» философиялық, сындық,
публицистикалық,
ғылымдық, ақындық ой білдіру үшін де, тіл шеберлігін арттыру үшін
де қажетті жақтары бар.
А.Жандыбаевтың «Жас ғұмырым яки жастықта ғафлəт» – за-
манында өнер білімге шақырған шығарманың бірі. Мұнда тек
дидактикалық өсиет айтудан гөрі адамдардың ісін, тəрбиесін көрсету
арқылы өмірден қорытынды жасау құнтталады. Кең жайлау-
да еркін көшіп, ерте жатып кеш тұруды əдеті еткен, осы бір өмірін
дəурен көргендердің,
тұрмыс өзгерісінен хабарсыз, өнер-білімге
«ұмтылып, шөлдеген торғай сықылды сонан бір тамшы тамар деп,
аузын соған қарай ашып жүретін уақыт»
464
жеткенін сезбей, ескілік
шеңберінде қалғандар жайы баяндалмақ. Автор «Жас уақытта
өзімнің нешік тəрбие алғандығымды, өзімнен үлкен ағаларға, жасы
кіші інілерге біліп тұрсын үшін төмендегі бір аз ғана сөздерімді жа-
зып, бір кішкене кітап қылып шығардым»
465
, – дейді.
Қарапайым орта
жастарының қалай тəрбиеленгендігі, «он жылда он балаға хат таныт-
пай» молдалардың жастарды əурелегені, өнерлі болу үшін молда ал-
дын көру, Құран, Мұхтасарды жаттау міндет емес екендігі айтылады.
Адал азаматты – мəдениетті орта шығармақ, ғылымға жұмылайық де-
ген ой білдіріледі. Ескі оқудың бір азабы – əптиек, əбжатты жаттаудан
құтылудың қамын ойлайды. Ойына орай надан тəрбие, мешеу орта-
да өскен жастық өмірі ғафіллікте өткенін мысалға алады, «бəйгедегі
аттар секілді ілгері қарай ұмтылып»
өнер асырып, теңдікке жетеміз,
«оқылық, оқылық, оқылық», – дейді.
Автор бір жастың қалай оқып, қалай тəрбиеленгенін сөз етеді.
Оны тілі шығар-шықпастан ағалары өрескел сөздерге үйретіп,
462
Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының толық жинағы. – Алматы,
1948. 368-б.
463
Сүйіншəлиев Х.Ж. Абайдың қара сөздері. – Алматы, 1956. 121-б.
464
Жандыбаев А.А. Жас ғұмырым, яки жастықта ғафлəт. – Қазан, 1907. 13-б.
465
Сонда, 3-б.
234
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
қайталап айтқанына «мəз болып қарқ-қарқ» күледі, тəйіктікке
əдеттендірген бала атты басқа ұрып та өнегесіздік көрсетеді, ол 8–9-
ға келгенше оқу деген сөздің мəнісін де білмейді. Шешесі: «менің
естігенім болмаса», оқу дегенді өзім де білмеймін десе, ақыл сұраған
əкесі: «Шырағым, жасымда мен де молданың алдын көрдім,
бұдан
ештеме шықпағанын көрген атамыз: «мал бағып, пішен шауып» жүре
бер деген еді, бұрынғы ата-бабаларымыздың даңғыл жолымен малы-
мызды бағып, шаруамызды жайлап жүре берерміз»
466
, – дейді.
Тəрбиесіз, оқусыз қалып өкінген бұл жас, əсіресе молдаларға ыза-
лы. Олардың дүниеқорлығын, ғылымның жарық сəулесін көлеңкелеп
жүргенін көреді. Молда «балаңды орысшаға берме... орысша оқып
өліп кетсе, имансыз кетеді деп,
атамды қорқытып, мені орысша оқуға
бергізбеді... Біз өзіміз «А, Б, Т» деп жаттай білеміз, қарап мынау нен-
дей қарып екенін біз түгіл арамызда екі-үш жыл оқыған балалар да
білмейді» деп кейиді. Сайып келгенде, түрлі мысалдармен – үлгісіз
оқу, надан тəрбие, мешеу орта тосқауылына түскен жастардың өмірі
зая екенін көрсетпек.
М.Нұрбаевтың «Көргенді бала үлгілі ана» – ананы ардақтауға
арналған. Шығармада гуманистік ойлар айтылады.
Қоғам адам-
дарының мəдениетті, мейірімді, əдепті болуы керек екені ескертіледі.
Жас ұрпақ оқымысты, көргенді болып өссе, ел мешеуліктен ада бол-
са, гүлденген өмір көрер едік деген ой айтылады. «Бұл жалғанда
алтыннан қадірлі, меруерттен бағалы» жастар қиянатшыл, жалақор,
ғылымға ынтасыз, ынжық, еңбек сүймейтін жалқау, халықты, ата-
ананы сыйламайтын арсыз,
өзімшіл өркөкірек болма, оқымысты адам,
азамат бол. «Бүтін халықтың көңілін ағартып, надандықтан шығар,
бұзық фитнə істен қаш, мұндай жастар ата-анасы қандай фақыр бол-
са да, қадірлі, бұл жалғанда қандай жұрт болсын бəрі ғылым, өнер
жолына түсуде, өнерсіз һəр жерде кемшілік көрер, осыдан сақтанып
ғылым өнер жолына»
467
түсейік дейді.
Шығармада саналы жастардың өсуіне жақсы ана «себепші бо-
лады», ана қоғамның қадірлі мүшесі, ойлы
ана талапты жасты дұрыс
жолға меңзейді, ержүрек, ақжарқын, еңбек сүйгіш етіп тəрбиелейді.
«Үлгілі ана – бітпейтін мүлік, бұл жалғанда үлкен бақыт, игілік. Ол өз
баласына ғана ана болмайды, бəлки бүтін жұртқа ана болады» делінеді.
1911–1912 жылдары ұсақ-ұсақ бір топ проза үлгілері «Айқапта»
жарияланды. Бұлардың бірі Əкрəм Ғалимжанов жазған «Бишара қыз»
466
Достарыңызбен бөлісу: