176
Катехоламиндер α
1
-
рецепторлармен байланысып, цГМФ-ң түзілуін тездетіп,
фосфолипаза С-ны активтендіреді, ал ол ДАГ пен ІР
3
артуын қамтамасыз етеді.
Катехоламиндер α
2
–адренорецепторлармен байланысып, цАМФ-тың түзілуін
тежейді, ал β-рецепторлармен байланысып цАМФ-тың түзілуін стимульдейді.
Сондықтан 1 гормон әртүрлі рецептор арқылы әсер етіп қарама-қарсы эффект
туғызады. Гормон-α-рецептор комплексінің түзілуі гликоген мен липидтердің
синтезін арттырады, гормон- β-рецептор
керісінше олардың ыдырауын
тудырады. Сонымен қатар гормондардың қан тамырлары қабырғасына
физиологиялық әсері ӛзгеше, әсіресе ми және коронарлық қан тамырларына:
гормондардың α-рецепторлармен байланысқан түрі қан тамырлардың тарылуын
туғызады, ал β-рецептормен байланысқаны-кеңейтеді.
Норадреналин α
1
және β
1
-рецепторларына, адреналин α
2
және β
2
–
рецепторларына ӛте ынтық екенін білеміз. Осы қасиетіне байланысты олардың
органдарға және тіндерге әсері әр түрлі. Адреналин жоғары концентрацияда α-
рецепторлармен де байланысуы мүмкін.
Нысана-жасушалары – бауыр, қаңқа және жүрек бұлшық еттері, май тіні,
ОЖЖ, тамыр бұлшық еттері, ӛңеш, ішек, зәр жолдары.
Физиологиялық әсері: Адреналин цАМФ-ң түзілуіне әсер ететіндіктен,
нысана-жасушаларында гликогенолиз жоғарылайды. Бауырда түзілген глюкоза-
6-фосфат молекуласы дефосфорланып, глюкоза қанға ӛтеді. Бұлшық еттерде
глюкоза-6-фосфат (глюкоза-6-фосфатаза ферменті болмаған жағдайда)
гликолизге ұшырап энергия кӛзі
ретінде жұмсалады, глюкоза бұлшық еттерде
сүт қышқылына дейін ыдырап, бауырға түсіп глюконеогенезге жұмсалады.
Инсулин секрециясының тӛмендеуі, адреналин әсерінен бұлшық еттерде және
басқа органдар мен тіндерде глюкозаның сіңірілуін тӛмендеп, нәтижесінде
тіндердегі глюкозаның пайдаланылуы тежеліп,
оны мидың пайдалануына
сақтайды.
Май тіндерінде, бауырда липолиз жоғарылайды, бӛлінген БМҚ бауыр
жасушаларында β-тотығуына ұшырайды, кетон денелерінің кӛп мӛлшері
түзіледі. Олар қанға түсіп одан бұлшық ет жасушаларына түседі де ,сонда
жанып кетеді. Глюконеогенезге глицерин жұмсалады.
Жүрек қан тамырларының кеңеюі, ми
тіндерінің және олардың
органдарының қан айналуын жақсартады, тіндерді энергия мен оттегімен
қамтамасыз етеді, тотығу-тотықсыздану роцесін жоғарылатады, соның
нәтижесінде жүрек және қаңқа бұлшық еттерінің жұмысы жақсарады. Сонымен
адреналин жүрек соғысын жиілетіп, жүрек
және қан қысымын жоғарылатып,
экстремальді жағдайда жүрек қан тамырлар жүйесін белсенділікке дайындайды.
Сонымен адреналин кардиотоникалық, гипергликемиялық және калоригендік
қызмет атқарып, органдар мен тіндерді, кӛбінесе жүйке жүйесі мен бұлшық
еттерді энергетикалық субстраттармен- глюкоза және кетон денелерімен
қамтамасыз етеді.
Бұл тіндерде оттектің пайдаланылуын және зат алмасуының жоғарылауын
тіндердің тыныс алуын жоғарылатады. Органдар
мен тіндерде адреналин
әсерінен жүретін процестерді кесте түрінде кӛрсетуге болады.