. Құқық нысаны ретінде кәсіпорын деп кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға пайдаланылатын мүлік кеңінен танылады. Мүлікті кешен ретіндегі кәсіпорын құрамына ғимаратты, құрылысты, жабдықты, саймандарды шикізатты, ӛнімді, жер теліміне берілген құқықты, талап ету құқығын, борыштарлы сонымен қатар оның қызметін даралайтын белгілерге (фирмалық атау, тауар белгілері) берілетін құқықты қосқанда, егер заң актілерімен немесе шартпен басқадай кӛзделмесе, оның қызметіне арналған мүліктің барлық түрлері және басқадай айрықша құқықтар кіреді. (ҚР АК 119-бабы) Кәсіпорын жылжымайтын мүлік деп танылады және сол себепті оған қатысты жасалған мәмілелер мемлекеттік тіркеуге жатады. Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын мүліктің маңызды түрлерінің бірі ретінде ақша саналады. Ақша екі негізгі формада: 1) ақша белгілері (қолмақол ақша) және 2) олардың клиенттерінің банктегі шоттарында жазылған жазу түріндегі банктердің ақшалай міндеттемелері формасында қолма-қол емес ақша ӛмір сүреді. Қолма-қол емес ақша бұл банк шоттарында есепке алынатын және заттанған формасы болмайтын ақша сомалары. Ақша бірқатар қызмет атқарады: 1) тӛлем құралы қызметін; 2) жинақтау құралы қызметін; 3) құн шамасы қызметін атқарады . Алғашқы қызметі басты болып табылады, бірақ ақша ерекше тауар рӛлінде кейбір мәмілелердің мысалы банк қарызы шарты бойынша дербес құрал (ҚР АК 727-бабының 1-тармағына сәйкес қарыз беруші қарыз алушыға тӛлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақша беруге міндеттеледі) ретінде әрекет ете алады. ҚР АК қолма-қол ақшаны жылжитын мүлікке, ал қолма-қол емес ақшаны мүліктік құқықтарға (талаптарға) жатқызады. (ҚР АК 115-бабының 2-1 тармағы). Қолма-қол емес ақша мүліктің бір түрі болып табылады және мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның құрамына кіре алады немесе азаматтық құқықтардың дербес нысаны болуы мүмкін. Бағалы қағаздар да мүліктің ерекше бір түрі болып саналады. Бағалы қағаз - белгілі бір жазулардың және мүліктік құқықтарды куәландыратын басқа да белгілердің жиынтығы (ҚР АК 129-бабының 1-тармағы). Бағалы қағаздар шығарылу формасына байланысты құжаттамалық және құжаттамалық емес бағалы қағаздар деп бӛлінеді