Осы белгі бойынша барлық заттар үш топқа бӛлінеді. 1) айналымға рұқсат етілген заттар,
2) айналымда шектелген немесе айналымға шектеулі қабілетті заттар;
3) айналымнан алып тасталған, меншік иесі мемлекет болып табылатын заттар. Заттар азаматтық құқықтық нысандарының табиғи қасиеттерімен тығыз байланысты және заттар жылжитын және жылжымайтын деп бӛлінеді. ҚР АК жылжымайтын мүліккке жер телімдері, ғимараттар, құрылыстар, кӛпжылдық ӛсімдіктер және жермен тығыз байланысты басқа да мүліктер, яғни орнын ауыстыру олардың атқаратын қызметіне ӛлшеусіз шығын келтірмей мүмкін болмайтын нысандар (117-бап) жатады. Жылжымайтын мүліктің құқықтық режимінің ӛзгешелігі жылжымайтын мүлікке берілетін құқықтарды және олармен жасалатын мәмілемелерді мемлекеттік тіркеуде болып табылады. Мемлекеттік тіркеуге мүлікке берілетін құқықтар жатады: 1) тікелей басқару құқығы; 2) шаруашылық жүргізу құқығы; 3) бір жылдан аз емес мерзімге берілетін жерді пайдалану құқығы; 4) бір жылдан аз емес мерзімге басым жер телімі немесе басқадай жылжымайтын дүние-мүлік нысанының пайдасына сервитут. (2007ж 26-шілде №310-ІІІ ҚРЗ «Жылжымайтын мүлікке берілетін құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңы. Мемлекеттік тіркелуге иісті ауыртпалықар қатарына заң шығарушы мыналар жатқызады: 1) бір жылдан кем емес мерзімге берілетін пайдалану құқығы, оның ішінде жалдау, ӛтемсіз пайдалану, сервитуттар, ӛмір бойы асырап, қамқорлық жасау құқығы;
2) сенімгерлікпен басқару құқығы, оның ішінде қамқоршы, жаңашыр болу кезінде, мұрагерлік құқық қатынастарында, банкроттықта және т.б; 3) кепілдік; 4) тыйым салу; 5) жылжымайтын мүлікті пайдалануға, билеуге немесе белгілі бір жұмыстарды орындауға мемлекеттік органдардың ӛз құзыреті шегінде шектеу қою (тыйым салуы); 6) басым мүдделерді қоспағанда, жылжымайтын мүлікке ҚР заңдарымен кӛзделген басқадай құқық ауыртпашылқтары. Құқықтарды тіркеудің арнайы ережелері ӛздерінің табиғи қасиеттеріне байланысты«жылжитын» болып табылатын нысандарға белгіленген, бірақ заң шығарушы оларды жлжымайтын мүлікке (әуе және теңіз кемелері, ішкі жүзу кемелері,ғарштық нысандар) жатқызады.