Заттардың жіктелуі. Мүліктің жекеленген түрлерінің құқықтық режимі. Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)


Заттардың үшінші жіктелуі екі топты



бет5/8
Дата30.10.2022
өлшемі36,79 Kb.
#46291
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7лекция

Заттардың үшінші жіктелуі екі топты:
1) шығу тегі табиғи заттарды (құндылықтар) және
2) азаматтық құқықтар ретінде кӛрінуге қабілетті, адам еңбегінен туған заттарды қамтиды. Қоғамның сыртқы әлемі адам еңбегінің қолданылуына байланыссыз ӛмір сүретін материалдық құндылықтардан, сонымен қатар адам еңбегі пайдаланылған заттардан тұрады. Алғашқы түріне жер, жер қойнауы, ормандар, сулар, және басқа да табиғат нысандары, ал екінші түріне тауар қасиеттерін иеленген материалдық құндылықар жатады. Тауар-материалдық құндылықтардың құқықтық-режимінің табиғат нысандарының құқықтық-режимінен айырмашылығы бар. Тауар материалдық құндылықтардың меншік иесі ӛз құқықтарын іске асырудың формалары мен әдістерін таңдауға ерікті және мүлікті иелену, пайдалану және билеу бойынша ӛз құзыреттілігін еркін іске асырады; табиғи ресурстарға қатысты табиғатты пайдалану бойынша әрекеттер жасауға құқылы заңды және жеке тұлғалардың мұндай еркіндігі жоқ. Табиғат нысандарының маңыздылығын құзыреттердің жекелеген азаматтарды меншік иеленушілерге айналдыра алмайтындай кӛлемі алдын ала айқындайды.Бұл саладағы мемлекеттік реттеу шаралары ішінен тӛмендегілерді бӛліп қарауға болады: әр түрлі салық режимінің тағайындалуы; меншік иесіне ӛте отырып, жерді қоғамдық мақсаттар үшін иелктен айыру; мұрагерлері жоқ қайтыс болған адамның жерінің мемлект меншігіне ӛтуі; қандай да бір табиғат нысанының мақсатты пайдалануын меншік иесінің ӛз еркімен ӛзгертуіне жауапкершілік тағайндау және т.б. Екінші жағынан, табиғат нысандарының бӛлініп кӛрсетілген айрықша ерекшеліктері олар әлі де азаматтық-құқықтық мағынады заттар деп таныла алмайды деуге жеткіліксіз. Тӛртінші жіктеу заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп ажыратады. Бөлінетін заттар-олар физикалық та, заңды бӛліне алатын және осыдан кейін оның бӛліктерінің әрқайсысы тұтастай алғанда заттың ӛзі атқаратын қызметті атқара алады.Бөлінбейтін заттар олардың бастапқы қызметін бұзбай, заттай бӛлудің мүмкін еместігімен ерекшеленеді. Заттарды басты заттар және керек-жарақтар деп бӛлуге болады. Керек-жарақ басты затқа қызмет етуге арналған және онымен ортақ міндеті бойынша байланысты. Бұл жағдайда тіпті басты заттың құнынан жоғары болуы мүмкін керек-жарақтың құны айқындаушы маңызға ие бола алмайды, ӛйткені ӛзінің міндетіне қарай әрқашанда қосымша рӛл атқарады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет