Заттардың жіктелуі. Мүліктің жекеленген түрлерінің құқықтық режимі. Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)



бет6/8
Дата30.10.2022
өлшемі36,79 Kb.
#46291
1   2   3   4   5   6   7   8
Күрделі зат- бұл бір зат ретінде пайдалану үшін біріктірілген әр түрлі заттар жиынтығы. Ӛзара ортақ міндетпен байланысқанмен, екі дербес нысан болып табылатын басы заттар керек-жарақтардан айырмашылығы: күрделі зат- бұл бірнеше құрамдас бӛлшектерден тұратын бірбүтін нысан. Жетінші жіктеу заттарды екі түрге бӛлуді болжайды: 1) өзіндік белгілермен анықталған (жеке анықталған заттар) және 2) текті белгілермен анықталған заттар (текті заттар). Жеке дара анықталған заттар нақты, тек оларға тән белгілермен сипатталады және заңдық мағынада ауыстырылмайтын болып табылады. Ал бір тектен шыққан болғандықтан, текті заттар заңдық мағынада ауыстырылатын заттар саналады. Ал егер текті зат дараландырылса, онда ол жеке-дара анықталған зат мәртебесін алады. Заттар тұтынылатын және тұтынылмайтын деп бӛлудің практикалық та, теориялық та маңызы бар. Тұтынылатын заттар- олар пайдалану барысында жойылатын заттар (мысалы, шикізат және тауар ӛндірісінде пайдаланылатын материалдар). Тұтынылатын заттар пайдалану барысында ӛзінің табиғи қасиеттерін жоғалтқандықтан және оны бастапқы иесіне қайтару мүмкін болмайтындықтан, мүліктік жалдауға беруге жатпайды. Тиісінше, тұтынылмайтын заттар – бұлар жергілікті жергілікті ұзақ уақыт кезеңінде пайдаланылуы мүмкін заттар және біртіндеп не ішінара тозуы мүмкін. Заттар денелі (түйсінетін) және денесіз заттар (мүліктік құқықтар), жанды (мысалы үй жануарлары немесе зоопарк және цирк үшін сатып алынған жабайы жануарлар) және жансыз болуы мүмкін. Заттардың ерекше түрлеріне олардың жемістері, өнімдері және табыстары жатады. Бұның барлығы негізгі заттарды пайдалану нәтижесінде алынуы мүмкін түсімдердің сан алуан түрлері. Жемістер- негізгі заттың табиғи кӛбеюі; өнім- бұл заттар немесе жұмыстар қызметтердің негізгі затты пайдалану нәтижесінде алынған заттанған нәтижелері; табыстар-бұл мүліктің, ақша түріндегі ӛсімі (экономикалық ұлғаюы). ҚР АК 123-бабына сәйкес, жемістер, ӛнім және табыстар, егер заңмен немесе бұл мүлікті пайдалану туралы шартпен басқадай кӛзделмесе, осы мүлікті заңдық негізде пайдаланатын тұлғаға тиесілі болады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет