Заттардың жіктелуі. Мүліктің жекеленген түрлерінің құқықтық режимі. Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)


Мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылатын шаруашылық жүргізу құқығынан айырмашылығы



бет3/8
Дата30.10.2022
өлшемі36,79 Kb.
#46291
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7лекция

. Мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылатын шаруашылық жүргізу құқығынан айырмашылығы — мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар, қазынашылық кәсіпорындар тікелей басқару құқығы субъектілері бола алады. Мүлік (түсінігі және құрылымы Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін субъектінің оқшауланған мүлкі болуға тиіс. «Мүлік» ұғымының негізгі 3 бағыты.1) мүліктің материалдық түсінігі; 2) мүліктің міндеттемелік түсінігі; 3) мүліктің кең мағынадағы түсінігі. Заң шығарушы «мүлік» ұғымының кең түсініктемесін қабылдады, себебі ҚР азаматтық заңы мүліктің құрылымын анықтап берді: заттар (ақша мен бағалы қағаздарды қосқанда); жұмыстар мен қызметтер; зияткерлік меншік; мүліктік құқықтар (талап ету құқығы); міндеттер (борыштар). Кәсіпкерлік қатынастар, мүліктік қатынастар бола отырып, заттық немесе міндеттемелік құқық қатынастары да бола алады, нысандары ретінде заттар, мүліктік құқықтар мен міндеттер, әрекеттер қолданылады.Кәсіпкерлік мүліктік емес қатынастардың нысандары болып рухани шығармашылық ӛнімдері, мүліктік емес құқықтар мен міндеттер, әрекеттер саналады. Мүліктің түрлері: 1) Заттар; 2) Ақша; 3) Бағалы қағаздар; 4) Жұмыстардың нәтижелері; 5) Қызметтер; 6) Шығармашылық зияткерлік қызметтің нысандырылған нәтижелері; 7) Ақпарат; 8) Мүліктік құқықтар. Мүліктің жекелеген түрлерінің құқықтық режимі Азаматтық құқықтың ең кӛп тараған нысандарының қатарына заттар жатады. Заттар деп адамдарды қоршаған сыртқы ортаның материалдық нәрселері түсініледі, оған қоса заттардың мәртебесі олардың пайдалы қасиеттерін тек адамдар түйсінетін және игеретін материалдық құндылықтарға ие. Заттың мүлік ретіндегі мәнін ашатын белгілер: 1) зат — адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын мүліктік игілік;2) зат тұтынушылық және айырбас құнына ие; 3) заттың кӛбінесе ақшалай құны болады; 4) зат айналымға қабілетті болуға тиіс. Заттардың топтары:
1) айналымға рұқсат етілген, айналымға шектеулі қабілетті және айналымнан шығарылған (ҚР АК 116-бабы);
2) жылжитын және жылжымайтын заттар (ҚР АК 117-бабы);
3) табиғаттан шыққан заттар және адам еңбегімен құрылған заттар (1996ж 27 қаңтар №2828 «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңы 1-бабы);
4) бӛлінетін және бӛлінбейтін заттар (ҚР АК 120-бабы);
5) басты заттар және керек-жарақтар (ҚР АК 122-бабы);
6) күрделі және қарапайым заттар (ҚР АК 121-бабы);
7) дара белгілі заттар және тектік белгілерімен айқындалатын заттар (ҚР АК 715-бабының 1-тармағы, ҚР АК 177-бабы);
8) тұтынылатын және тұтынылмайтын заттар (ҚР АК 541-бабының 1- тармағы);
9) денелі және денесіз заттар;
10)жанды және жансыз заттар (ҚР АК 124-бабы)
Азаматтық құқықтағы заттарды жіктеудің ең маңызды белгісі олардың айналымға қабілеттілігі яғни азаматтық айналым нысаны болу және ӛзінің меншік иелерін ауыстыру қабілеті болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет