Мемлекеттік меншік — республикалық және коммуналдық меншік түрінде кӛрінеді. Республикалық меншік мемлекеттік қазынадан және заң актілеріне сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.ҚР мемлекеттік қазынасын республикалық бюджет қаражаттары, алтын-валюта, алмас қоры, табиғи ресурстар және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген басқадай мемлекеттік мүлік құрайды. Коммуналдық меншік — жергілікті қазынадан және заң актілеріне сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген берілмеген басқадай коммуналдық меншік құрайды.Мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша облыстық және аудандық деп бӛлінеді. Заттық құқық жүйесіне тӛмендегілер: 1) меншік құқығы; 2) меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқығы (оның ішінде: жер пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, тікелей басқару құқығы) кіреді. Шаруашылық жүргізу құқығы мүлікті меншік иесі ретінде мемлекеттен алған және бұл мүлкін заң актілермен белгіленген меншіктерде иелену, пайдалану және билеу құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады.(ҚР АК 196-бабы). ҚР Азаматтық заңымен мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік құқықтарын іске асырудың айрықша шарттары белгіленген мемлекеттік кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқымен меншік иесінің немесе ол ӛкілеттілік берген мемлекеттік органның жазбаша келісімінсіз тӛмендегілерді: иеліктен шығаруға немесе басқадай тәсілмен билеуге, ұзақ мерзімді (3 жылдан артық) жалға беруге; ӛзіне тиесілі ғимаратты, құрылысты, жабдықтарды және кәсіпорынның негізгі құралдарын уақытша қайтарымсыз пайдалануға беруге; филиалдар, ӛкілдіктер, еншілес кәсіпорындар құруға; жеке кәсіпкерлермен бірігіп кәсіпорындар және бірлескен кәсіпорындар құрауға; оларға ӛзінің ӛндірістік және ақшалай капиталын салуға; ӛзіне тиесілі акцияларға, сонымен қатар дебиторлық берешектерге билік етуге; қарыз беруге; үшінші тұлғалардың міндеттері бойынша кепілгер болуға құқылы емес.(ҚР АК 200- бабы) Тікелей басқару құқығы мекеменің, меншік иесі қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің және мүлікті меншік иесінен алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және билеу құқықтарын ӛз қызметінің мақсаттарына, меншік иесіне тапсырмаларына, мүліктің қызметіне сай және заң актілерімен белгіленген шектерде жүзеге асыратын қазынашылық кәсіпорынның заттық құқы болып табылады