Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет42/58
Дата07.11.2022
өлшемі3,93 Mb.
#48276
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58
Байланысты:
Ағылшын әдістеме

2-ші бөлім бойынша тұжырымдар
Бұл бөлімде педагогтардың ағылшын тілін меңгерулерінің үздіксіз 
әдістемелік даярлық алғышарттарының үш негізгі тобы ерекшеленіп бөліп 
көрсетілген. Жаңартылған білім беру жағдайында педагогтардың ағылшын 
тілін меңгеруге әдістемелік даярлығы модернизациясының әлеуметтік-мәдени 
алғышарттары да талданады.
Кейбір ғалымдардың әдістемелік шеберлікті педагогикалық іс-әрекет 
шеберлігі және алдыңғы озық педагогикалық тәжірибенің түрі дейтіндігі 
аталған. Енді баз-біреулер әдістемелік шеберлікті педагогикалық іс-әрекеттің 
тиімділігінің бірі деп санайды. Көптеген зерттеушілердің мына анықтамада 
ойлары бір жерге тоғысады, яғни әдістемелік шеберлік оқытушының кәсіби 
біліктілік деңгейін сипаттайды. Соңғы уақытта оқытушының әдістемелік 
шеберлігін зерттеу педагогикалық инновацияларлды зерттеу ұстанымы 
тұрғысынан жүзеге асырылуда. 
Қазақстандық ғалым Н.Қ. Тоқсанбаеваның зерттеу жұмысында ЖОО 
оқытушысын жүйелі-психологиялық даярлығының қазіргі заманғы жағдайы, 
ЖОО оқытушысын жүйелі-психологиялық даярлау үдерісінің барысындағы 
маңызды әдіс ретінде, ЖОО болашақ оқытушысын жүйелі-психологиялық 
даярлығының жүйе құраушы факторы ретінде терең талдауы жасалған. Сондай-
ақ ЖОО оқытушысын жүйелі-психологиялық даярлығының авторлық моделі 
құрастырылған, зерттеудің әдіснамалық негіздері, атап айтқанда гуманистік 
психологияның негізгі тұрғылары дәйектелген. Ағылшын тілін меңгерудегі 
басты нәрсе сол не өзге функцияны жүзеге асыруда тілдік шараларды 
қолдануды түсіну болады.
Тілдік коммуникацияға оқыту барысында дискурсқа зейіннің артуымен 
тілдің формальды аспектілері ғана емес, тілдік функциялары да маңызды 
болғаны анықталды. E. Hatch келесіні ескертеді, шетел тілдеріне оқыту үнемі 
ең алдымен тілдік құрылымдар жиынтығын жаттап алуға және оларды 
манипулияция жасауға, кейін барып оларды тілде қолдануға негізделеді. Оның 
ойынша, оқыту ісі басқаша жолмен құрылу керек. Міндетті түрде ағылшын не 
шетел тілінде сөйлеп, қарым-қатынас жасау керек, міне сонда ғана сол процесте 
тілдік құрылымдарды түсіну қалыптасады. Тілді қолдану және оны игеру 
барысында бірқатар құзіреттер дамитын адамның іс-әрекетін қосып алады, олар 
– жалпы және коммуникативті тілдік құзіреттер. Олар түрлі жағдайларда 
міндеттердің шешілуін мәтіндерді қабылдау не тудыруға байланысты түрлі 
шектеулерге қарамастан тиісті стратегияларды қолдана отырып қамтамасыз 
етеді. Осы процестерді коммуниканттардың бақылауы ары қарай даму мен 
құзіреттердің модификациясына алып келеді. Келтірілген тұжырымдамаларды 
басшылыққа ала отырып, келесі фактіні констатациялауға болады, жоғары оқу 
орнында ағылшын тілі оқытушысының өзгетілді даярлығының міндеті кәсіби 
білімдік міндеттерді шешу үшін өзгетілді коммуникативті құзіреттіліктерін 
қалыптастыру болады, әрі ол өз кезегінде әдістемелік іс-әрекеттің шаралары 
арқылы шешілуі мүмкін. Бұл бөлімде соынмен қатар ең маңыздысы үздіксіз 
білім 
беру 
жағдайында 
педагогтардың 
ағылшын 
тілін 
меңгеруге 


123 
даярлықтарының моделі ұсынылған. Үздіксіз білім беру жағдайында 
педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлықтарын қалыптастыру моделі 
өз алдынша өзіне ағылшын тіліне оқыту жүйесі жайлы фундаментальды 
білімдерді қосып алады. Аталмыш бөлімде үздіксіз кәсіби білім беру 
жағдайында 
педагогтардың
ағылшын 
тілін 
меңгеруге 
даярлықтары 
қалыптасқандығының критерийлері мен көрсеткіштері бейнеленген кестелер 
аса мазмұнды да ұғынымды берілген. 


124 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет