118
әлеуетін ашудың мүмкіндіктері бар болады. Осылайша, осы берілген жағдай
жалпы «білу және түсіну» деген базалық қажеттілікті кезектес жүзеге асыруға
педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге дайын болуымен байланысты болады
[195], үнемі тиімді белсенділік көрсетумен және әлем туралы тұжырымдамалы
картинасының өзгеруімен, өзге ел мәдениетімен өзара әрекет ету жүйесін
құрумен де аса тығыз байланысты болады.
Бұл арада
жасалатын қорытынды мынау, яғни студенттерді оқытумен
байланысты және педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даяр болулары
мотивация құрылымындағы ішкі мотивацияның үлестік салмағының артуы
міндеті болады [196], бұл әрі жоғарыда аталған құзіреттердің қалыптасу
процесі үшін де аса маңызды болады.
И.А. Зимняя сияқты біздер де, жалпы үздіксіз білім беру жүйесінің
респонденттерінің (оқушылар, студенттер мен мұғалімдер, педагогтар) оқу
мазмұны мен оқу іс-әрекетінің өзіне қызығушылығын арттырып, үнемі
дамытып тудыруда
«оқу ісінде ақыл-ой дербестігі мен құлшынбалылық
байқату қажетттігін» айтамыз [34, с. 123]. Бұл
екінші ұйымдастырушылық-
дидактикалық жағдай, шарт. Неғұрлым оқытудың әдістері белсендірек болса,
соғұрлым оқып білім алушыларды қызықтыру оңай болады.
Сондықтан
ағылшын тілін педагогтардың меңгеруге даярлықтарын дамытудың негізгі қол
жеткізу шарасының бірі – ізденістік белсенділіктіқажет ететін түрліше
инновациялық технологияларды қолдану болып табылады.
Ағылшын тілін меңгеруге деген қызығушылықты дамытуда мәселелік
жағдаяттарды құру үлкен рөл атқарады және педагогтар алдында кездесетін
түрлі қиындықтар да маңызды, осы қиындықтарды олар өздеріндегі бар
білімдер қорына сүйене отырып, жеңе алады.
И.А. Зимняя, үнемі күйзелісті қажет ететін
жұмыс қана қызықты бола
алады дейді. Осылайша, мәселелік ситуация әрбір сабақта міндетті түрде орын
алуы тиіс. Сонымен қатар маңыздылығы кем емес жұмыс түрі – оқу-ғылыми
мәтінмен жұмыс жасау әдісі болады.
Оқып білім алушылар оқу-ғылыми мәтінді оқу арқылы одан ләәззат
алатындай болуы керек: қызықты сюжетті қабылдау арқылы адам өзінің
мүмкіндіктері жүзеге асуынан рахаттану сезімін алады, топта жағымды имидж
құрылады әрі бекиді, түрлі проблемалар шешіледі.
Осылайша,
соңғы
орынға
Достарыңызбен бөлісу: