125
әдістемелерін қолдануда педагогтардың тиісті мамандығына сәйкес оқу-
ғылыми материалдарға байланысты өнімдер жасай алулары дамитын болады.
Басқаша айтқанда, біздер таңдап, бейімдеген әдістемелерде педагогтар
өздерінің ағылшын тілді меңгеруге даярлығын
қамтамасыз ететін өнімдер
жасауға қабілеттіліке ие болады.
Аталмыш болжам, гипотеза тәжірибелік-эксперименттік оқытуды
ұйымдастырудың келесі
шарттарын, жағдайларын жүзеге асырғанда ғана
расталып, мойындалуы мүмкін:
1) егер де бұл оқытуға педагогтардың жеткілікті саны қатысатын болса;
2) егер де эксперименталды мен бақылау топтары статистикалық
тұрғыдан шынайы, рас түрде ажырата алмаушылық негізделетін болса;
3) егер де педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын
қамтамсыз ететін қажетті жалпы кәсіби құзіреттер қалыптасатын болса;
4) егер де тәжірибелік-экспериментік оқытудың кезеңдерінің нәтижелері
үнемі тіркеліп отыратын болса (тәжірибелік-экспериментік жұмыстар
барысында педагогтардың тілді меңгеруге даярлығы дамуының шеберліктер
деңгейі үнемі қадағаланып, отыруы);
5) егер де алынған нәтижелерді өңдеу үшін дұрыс статистикалық әдістер
таңдалатын болса.
Экспериментті даярлау кезеңінде эксперименттік (ЭТ) пен бақылау (БТ)
топтарының құрамы анықталды.
Тәжірибелік-эксперименттік оқытудың барысында ағылшын тілінен
негізгі оқу құралдарына қосымша оқу материалдары қолданылды.
Берілген
материал тапсырмаларға ұласатын кәсіби мен мәдениетаралық сипаттағы оқу-
ғылыми мәтіндер жинағы болды. Педагогтарға
ұсынылған мәселелік кәсіби-
коммуникативті міндеттер мен оның алдынан жүретін жаттығулар үздіксіз
білім беру жүйесі педагогтарының жалпы кәсіби құзіреттері қалыптасуын
көздейтін жобаланған әдістемелер негізінде құрылды.
Диагностикалаушы кезеңнің басында ағылшын тілдерін меңгерудің
бастапқы деңгейін анықтау қажет болды, ол әрине оқу-ғылыми әдебиеттерді
таңдауға мүмкіндік берді (біздің жағдайымызда А2– B1 деңгейлері).
Осы мақсатта педагогтарға тілдік шеберліктерінің бастапқы деңгейлерін
анықтау тестісі ұсынылды. Бұл тест педагогтардың жазбаша сөйлеу,
ауызша
монологты және диалогты сөйлеу деңгейлерін меңгерулерін анықтауға
мүмкіндік берді. Біздер ағылшын тілі сабақтарында педагогтардың
шығармашылық даралығы байқалуының маңызы критерийлерінің бірі –
қойылған оқу міндеттерін шешудің түрлі тәсілдерін меңгеру дәрежесі болады.
Жекелеп алғанда, контекст негізінде тілдік даму болады.
Диагностикалық
тесттің
жазбаша
тапсырмалары
педагогтардың
қаншалықты тілдік материалды біледі, грамматикалық нормалар мен
ережелерді біледі, міне осыларды анықтауға мүмкіндік берді. Мысалы, сұраулы
сөздерден басталатын арнайы сұрақтар қоя алу келесі тапсырмалар көмегімен
анықталды: «Келесі пікірлерге сұрақтар қойыңыздар. Сіздің сұрақтар Сіз
меңгеретін шығармашылық әлеуетті көруге көмектеседі». Көптеген
педагогтарда мұндай тапсырмалар үлкен қызығушылық тудырды, себебі
126
берілген бағдар шығармашылық әлеуетті жүзеге асыруға бағытталды. Сонымен
қатар тиісті грамматикалық формада түсіп қалған сөздерді дұрыс орнына тауып
қою тапсырмалары да берілді (төрт жауап нұсқасынан таңдау ұсынылды).
Тәжірибелік-эксперименттік кезеңнің келесі сатысы –
оқу- ғылыми
мәтіндер, материалдар негізінде өнімдер құрай алу шеберлігін дамытуға
бағытталатын жалпы мәдени, кәсіби құзіреттердің қалыптасқандығының
бастапқы деңгейін анықтаудың
алдын ала диагностикасын жасау болды.
Берілген деңгейді келесі параметрлер, көрсеткіштер бойынша
диагностикаладық:
1) педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге кәсіби бағдарлы өзгетілді
өнімді-бағытталған білім берудің ерекшеліктері жайлы ұғым-түсініктерінің
болу/болмауы, осы өнімді құруда орын алатын
проблемалар жайлы. Бұл
кезеңде көптеген педагогтар оқу-ғылыми мәтіндерден өзекті ақпаратты ала
алмайтындықтарын констатациялады: «Мәтінді оқуда басты негізгі ақпаратты
ерекшелеп бөліп алу қиынға соғады» (Алмаш С., магистр, аға оқытушы, 2018),
«Біздерге орыс тілінен мәтіндерге аннотация жазуға үйретпегендіктен, осы
тапсырманы ағылшын тілінде орындау қиынға соғуда» (Олжас Б., 2018);
2) педагогтардың ағылшын тілін меңгеруде табысты түрде кәсіби
коммуникацияны жүзеге асыру үшін арнайы кәсіби
бағытталған өзге тілді
меңгеруге қажетті арнайы шеберліктердің болу/болмауы (оқырмандық іс-
әрекеттің кәсіби мен жеке тұлғалық стратегиялары мен тактикаларын қолдану.
Тек аз ғана педагогтар бөлігі (7%) шетел тілдерінде әдебиеттерді оқиды.
Көптеген педагогтар (97%) ағылшын тілінен аутентті оқулықтармен таныс
емес; 98%-ы жеке дербес оқуға арналған түрлі Веб-сайт пен Британдық ұлттық
палатаның арнайы тіл үйрететін форумдары жайлы ресурстарды білмейді; 81%
өзінің жеке сөздік қорын толықтыру үшін Ғаламтор желісінің қызметін
қолданбайды.
Диагностикалайтын кезеңде ағылшын тілін оқуға деген мотивацияларын
білу үшін сауалнама жүргізілді. Ағылшын тілі қазіргі таңда бакалаврларды
жалпымәдени даярлауда маңызды бір компоненттердің бірі болып табылады.
Сауаланама нәтижелерін талдау, оқу процесін бақылау және студенттер,
педагогтармен әңгімелесулер келесіні көрсетті, яғни педагогтардың жалпы
кәсіби құзіреттері қалыптасуының мотивациялық компоненті педагогтарға өзін
өздері жүзеге асыруға көмектеседі және ең бірінші кезекте өзгетілді түсінуге
деген мағыналық бағдарлар мен байланыстардың жиынтығы түрінде және сол
тілде еркін сөйлеуге деген әрі белгілі бір өнімдер жасауға шығармашылық
көзқараспен қарау керек деген ойлармен бейнеленеді.
Сауаланаманың бірінші сұрағына жауап бере отырып («Ағылшын тілін
меңгеруді кәсіби іс-әрекетіңіздің маңызды компоненті деп санайсыз ба?») 47%
оқытушылар өздерінің ағылшын тілін оқып меңгеруге байланысты жағымды,
дұрыс көзқарастарын білдірді. Ал сұралғандардың көбісі, яғни (68%) ағылшын
тілін күнделікті сабақ ретінде беретіндіктен оқитындықтарын айтты. 32%
педагогтар ағылшын тілі сабақтарында өздеріне жаңа нәрсені білуге
тырысатындықтарын және коммуникация бойынша
серіктестерімен келісімді
әрекеттер жасауға, алынған ақпаратпен бөлісуге тырысатындықтарын айтты.
127
Бакалавриат студенттерінен сауалнама алу келесіні анықтауға мүмкіндік
берді, 80% көп студенттер жоғары оқу орнында оқу басталарда
шетел тілін
Достарыңызбен бөлісу: