Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері


педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің



Pdf көрінісі
бет10/58
Дата07.11.2022
өлшемі3,93 Mb.
#48276
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58
Байланысты:
Ағылшын әдістеме

педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің 
психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері» деп таңдауымызға себеп 
болды. 
Қарама-қайшылықтар. Білім беру ісін білім стандарттары, оқу 
жоспарлары, типтік бағдарламалармен регламенттеп реттеу өз кезегінде
маманды өмір алға қоятын көпнұсқалы талаптармен қарама-қайшылықта 
қалдырады. Кәсіби іс-әрекетке адамдарды бейімдеу – өте маңызды міндет, әрі 
аталмыш мәселе кеңтарапты зерттеуді қажет етеді. 
Зерттеудің мақсаты – педагогтардың кәсіби қызметке бейімделу 
міндеттерін шешуге көзделген үздіксіз білім беру жүйесінде тіл меңгеруге 
даярлықтарын анықтауда психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерді 
теориялық негіздеу және эксперименттік тексеру.
Зерттеу нысаны – үздіксіз білім беру мекемелеріндегі оқу процесі.
Зерттеу пәні – үздіксіз білім берудегі педагогтардың ағылшын тілін 
меңгеруге даярлықтары және осы даярлықты нәтижелі ететін оқытудың 
инновациялық әдістері. 
Зерттеу болжамы келесіде, яғни үздіксіз білім беруде үйлесімді дамыған, 
жоғары құзіретті білімді, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаның қалыптасуы келесі 
жағдайларда табысты болады: 
– педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығы тиісті талаптарға сай 
жүзеге асырылғанда;
– педагогтардың ағылшын тілін меңгеру қызметінде кәсіби ойындардың 
жүйесі қолданылғанда; 
– педагогтардың ағылшын тілін меңгеруде танымдық іс-әрекеттерін 
бірікккен-диалогты сипатта ұйымдастыру орын алғанда; 
– оқыту сапасын арттыруды көздеген белсенді оқыту әдістері жүзеге 
асырылып қолданылғанда. 
Зерттеудің міндеттері: 
– 
үздіксіз білім беру жүйесінде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге 
дайындығын теориялық- әдістемелік тұрғыдан анықтап, негіздеу; 
– 
үздіксіз кәсіптік оқытудағы инновациялық оқыту әдістерінің мәнін 
нақтылап анықтау; 
– 
үздіксіз білім берудегі белсенді оқыту әдістерінің жүйесін және оның 
қолданылу тәсілдерін теориялық тұрғыдан негіздеп, жасау және эксперименттік
жолмен тексеру;
– 
біріккен-диалогты танымдық әрекет үздіксіз білім беру жүйесіндегі 
оқыту процесінің мақсаты, әрі ең жоғарғы тиімділікке жету шарты болуын 
дәлелдеу; 


14 
– 
оқытудың белсенді әдістері (іскерлік ойындары, әлеуметтік-
психологиялық тренингтер, кәсіби ойындар т.б.) өте тиімді деп есептеліп
оларды ұйымдастырудың психологиялық негізі болып біріккен-диалогты 
танымдық әрекет алға шығуы; 
– 
үздіксіз кәсіби білім берудегі кәсіби ойындар жүйесін және оның 
қолданылу тәсілдерін теориялық тұрғыдан негіздеп, жасау және эксперименттік
жолмен тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет