16
– математикалық статистика әдісі арқылы бақылаулар нәтижелері мен
эксперименттік мәліметтерді өңдеу;
– алынған нәтижелерді олардың шынайылығы, теориялық маңыздылығы
мен практикалық қолданылуы тұрғысынан талдау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
1) үздіксіз білім беру жүйесінде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге
дайындығын теориялық- әдістемелік тұрғыдан анықталып, негізделді;
2) үздіксіз кәсіптік оқытудағы инновациялық оқыту әдістерінің мәні
нақтыланып, анықталды [56];
3) үздіксіз білім берудегі белсенді оқыту әдістерінің жүйесі және оның
қолданылу тәсілдері теориялық тұрғыдан негізделіп, жасалып және
эксперименттік жолмен тексерілді;
4) біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет үздіксіз білім беру жүйесіндегі
оқыту процесінің мақсаты, әрі ең жоғарғы тиімділікке жету шарты екендігі
дәлелденген;
5) оқытудың
белсенді әдістері (іскерлік ойындары, әлеуметтік-
психологиялық тренингтер, кәсіби ойындар т.б.) өте тиімді деп саналып,
олардың ұйымдастырылуының психологиялық негізі болып біріккен-диалогты
танымдық іс-әрекет екендігі анықталған;
6) үздіксіз кәсіби білім берудегі кәсіби ойындар жүйесі және оның
қолданылу тәсілдері теориялық тұрғыдан негізделіп, эксперименттік жолмен
тексерілген.
Достарыңызбен бөлісу: