15
тұлғаның білім алуы процесіндегі этникалық көзқарасты теориялары;
С.М. Жақыповтың [46] үздіксіз білім беруді ұйымдастырудағы біріккен-
диалогты танымдық іс-әрекеттің даму тұжырымдамасы; Н.Қ. Тоқсанбаеваның
[47] үздіксіз кәсіби білім беру процесіндегі білім алушылардың кәсіби ұстаздық
қабілеттері мен қарым-қатынастарын дамыту жайлы іргелі теориясы; Отандық
лингвист ғалым С.С. Құнанбаеваның «Қазіргі шеттілдік білім беру: әдіснамасы
және теориясы» докторлық диссертациясындағы іргелі тұжырымдамалар [48];
Г.Р. Каримованың үздіксіз білім беру жүйесінде денсаулық сақтаушы
технологияларды қолдану жайлы ілімді қағидалары [49]; Л. Көмекбаеваның
үздіксіз білім беру барысында кәсіби біліктілікті
арттыру мақсатында
психологиялық
қызмет
көрсету
жайлы
тұжырымды
еңбегі
[50];
Г.С. Майлыбаеваның педагогтардың диагностикалық іс-әрекеті жайлы өзекті де
келелі ілімі және өзге де теориялы тұжырымдар [51].
Соңғы жылдары психология, педагогика ғылымдары саласында жарық
көрген еңбектерге жасаған талдау үздіксіз кәсіби білім беру жүйесін құрудың
теориялық-әдіснамалық
және
тұжырымдамалық
негіздерінің
(А.П. Владиславлев, Б.С. Гершунский, А.В. Даринский, А.М. Новиков,
В.Г. Онушкин, В.П. Понасюк, В.А. Сластенин [52] және т.б.), орта және жоғары
кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесін жетілдірудің теориясы мен
тәжірибесінің (С.С. Абдыманапов, Г.К.
Ахметова, С.А. Ұзақбаева [53],
Д.З. Жусупова, Х.М. Рахымбекова, Е.А. Мамбетказиев, Т.С. Садықов және т.б.),
үздіксіз педагогикалық білім беру мәселесінің теориялық және әдіснамалық
аспектілері мен түрлі елдердегі үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің
даму жолдарының (Е.П. Белозерцев, Н.Д. Никандров, Б.С. Гершунский,
Н.К. Гончаров, В.Г. Онушкин, А.Н. Орлов, В.Н. Турченко, А.К. Кұсайынов,
Б.К. Момынбаев, Ш.Т. Таубаева [54], М.Н. Сарыбеков [55], Е.Ш.
Қозыбаев
және т.б.) салыстырмалы түрде жан-жақты қарастырылғанын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: