Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет29/58
Дата07.11.2022
өлшемі3,93 Mb.
#48276
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58
Үздіксіздік пен сабақтастық – оқып-білім алушының кез-келген іс-
әрекетінде жекелеген бөліктер арасындағы тұрақты байланыстар қажеттігін 
талап ететін сияқты олардың кез-келген іс-әрекетіндегі ішкі өзара 
байланыстары болады. Үздіксіздік пен сабақтастық принциптерінің интегралды 
мәнін Г.Я. Файзуллина айқын білдірді [142], әрі ол осы түсініктерге анықтама 
беріп те өтті, үздіксіздік деп оқып-білім алушының кезектес әрбір уақыт 
аралығында бір-біріне ауысатын тұрақты, объективті әрі субъективті және алға 
жылжып дамуын қамтамасыз ететін бүкіл білім алуы барысында кезектес оқу 


78 
міндеттері шеңберінің болуын айтады. Білімнің үздіксіздігі оқытуда мазмұнды, 
технологиялық және ұйымдастырушы сабақтастықты қамтамасыз ететін 
білім беру институттары арасындағы өзара әрекетті білдіреді. Ал сабақтастық 
деп түрлі кезеңдер мен оқыту формалары (балабақша-мектеп, мектеп-жоғары 
оқу орны, жоғары оқу орны-дипломнан кейінгі білім алу) шеңберіндеғі 
үздіксіздік, яғни тұтастай білім беру жүйесі шеңберіндегі осы барлық кезендер 
мен формалардың бірыңғай, бірдей ұйымдасуын айтады.
Үздіксіз білімнің жүйеқұраушы факторы болып әрбір адамның үнемі 
дамуын қоғамдық қажетсіну болады. Осы арқылы көптеген білімдік 
құрылымдардың тәртіптеліп реттелуі анықталады – негізгі мен көлденең, 
базалық пен көлденең, базалық пен қосымша, мемлекеттік пен қоғамдық 
формальды 
мен 
формальды 
емес. 
Олардың 
өзарабайланысы 
мен 
өзарашарттастығы деңгейі бойынша ортақ субординация, бағыттылығы 
мақсаттылығы координация, арасында өзара әрекетті қамтамасыз ету – мұндай 
құрылымдардың барлық жиынтығын біртұтас жүйеге айналдырады. «Үздіксіз 
білім берудің мақсаты адамды өмір бойына оқыту емес, ол өзі соны жасауға 
үйрету болып табылады. Басқаша сөздермен айтқанда, үздіксіз білім беру 
жүйесі бастапқыдан-ақ егер де дамытушы сипат оған органикалық тұрғыдан 
тән болатын болса өмірлік болады». 
Заманауи түсініктерге сай, білімнің үздіксіздік ұғымы жеке тұлғаға, білім 
бағдарламаларына, білімінің ұйымдастырушылық құрылымына қатысты 
болады. Жеке тұлғалық қатыстылық, бұл адамның үнемі ешқандай ұзақ 
мерзімді үзіліссіз оқуы болады. Әрі оның түрлі қозғалыс векторы болуы 
мүмкін: өз мамандығы шеңберінде шеберлікті жетілдіру; сатыларға және білім 
деңгейлері бойынша «жоғарыға» қарай, білім алу бейіні және мамандығы 
бағытында қозғалыс.
Білім беру процесінде үздіксіздік жеке тұлғаның білім берудің дамуының 
барлық сатыларына ену, қосылу сипаттамасы болады. Ол сонымен бірге бір 
түрден екіншіге, бір өмірлік кезеңнен екіншіге, бір білімдік деңгейден 
келесісіне ауысардағы білім беру іс-әрекетінің сабақтастығын сипаттайды. 
Білім берудің құрылымындағы үздіксіздік тұтас қоғамда ғана емес, жекелеген 
аумақта ғана емес, әрбір адамда білімдік қажеттіліктердің барлығын 
қанағаттандыра алуға қабілетті, білім бағдарламаларының өзара байланысы мен 
сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру қызметінің кеңістігін құрайтын 
білім мекемелерінің шоғыры номенклатурасын сипаттайды.
Үздіксіздік білім беру жүйесін жетілдірудің басты мақсаты ол – білім беру 
процесінің тұтастығына қол жеткізу, яғни оның барлық кезеңдері мен 
сатыларының интеграциялылығы (бірлігі). Яғни білім алу ісі үздіксіз, себебі 
адам үнемі бір оқу түрінен үнемі басқа оқу түріне ауысады, себебі ол белгілі бір 
деңгей мен сипаттағы білімге ие бола отырып, ол сонымен қатар немесе 
қажеттілігіне орай ол білімін түрліше тәсілдермен кеңейтіп толықтыра алады, 
айталық ұйымдастырылған институционалды білім алу арқылы да және өзі 
жеке білім алу арқылы да.


79 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет