138
the young people that if you know foreign languages, you will only benefit. First of
all, the rapid development of globalization requires us
to interact more with our
foreign partners. We can't do it if we don't know English or foreign languages.
Secondly, knowledge of foreign languages enriches and complements our knowledge
in any field, for example, in the field of art culture, pedagogy, psychology, and
jurisprudence. Finally, we want to be modern, successful and intelligent, intelligent
and fully developed people who speak foreign languages."
Келтірілген үлгілерден көретініміз, қалыптастырушы экспериментте ЭТ-ң
педагогтарының жалпы кәсіби құзіреттерінің келесі түрлері қалыптасты:
оқырмандық,
ақпараттық,
коммуникативті,
кәсіби-педагогикалық,
әлеуметтікмәдени, рефлексивті.
ЭТ-та 76% педагогтар үшін, теңдей дәрежеде келесі ұғым-түсініктер
маңызды болды, олар ағылшын
тіліне оқытудағы шығармашылық, өзгетілді
оқырмандық іс-әрекетте зерттеушілік шеберліктердің дамуы, оқу-ғылыми
мәтіндермен таныстық процесінде когнитивті-танымдық іс-әрекеттің дамуы.
16% педагогтар бірінші орынға құндылықтар жүйесінде жеке өздерінің
беделдерін, материалдық жағдайлары мен қанағаттанушылықты қойған. 8%
педагогтар өз мамандықтарын басты нәрсе емес деп (3% (барлығы әйелдер)
санап, ең маңыздысы отбасылық қолайлылық деп санаған; 5%-ы мамандық
бойынша жұмыс істемейтіндіктеріне сенімді болған).
Өнімді-бағытталған іс-әрекеттің шығармашылық
тапсырмаларды өзіне
аудармашылық іс-әрекетті де қосып алды: нақты концерттік бағдарламалардан
бастап буклеттер мен презентациялар үшін материалдарға дейін, бұл әрине
мәтінді оқу барысында терминологиялармен танысудан бастап кәсіби
педагогтың сөздігін құрауға дейін, тіпті сауалдар мен авторлық мәтіндерді де
қамтыды.
Аралық пен ақырғы анкеттеу нәтижелері мынадай: 74% ЭТ-ң педагогтары
өздерінің кәсіби лексикалық қорын кеңейткендіктерін, ағылшын тілінде
түйіндеме, эссе, аннотация мен рефераттарды еш
қиындықсыз жаза
алатындықтарын айтты.
Шығармашылық тапсырмалар олардың пікірлерінше:
– педагогтардың
шығармашылық
өзгетілді
кәсіби
іс-әрекетке
даярлықтарын дамытады;
– құлшынбалық ұстанымға ие болуды қамтамасыз етеді, мысалы,
сыныптан тыс іс-шаралар тақырыбын таңдау еркін негіздеу және т.б.;
– өз елі мен өзге елдердің ұлттық өнермен, педагогика және өмір сүру
салтымен байланысты ұлттық ерекшеліктерін терең тануға мүмкіндіктер береді,
яғни педагогтың әлеуметтікмәдени және мәдениаралық құзіреттерін дамытады;
– жаңа
феномендерді
түсіне
отырып,
жаңа
құндылықтарды
қалыптастыру арқылы мәдениет диалогына қатысуға жол ашады.
Өнімді-бағытталған оқытуды тиімді құрамдасы ретінде шығармашылық
тапсырмалардан бөлек педагогтардың пікірінше келесілер болды:
– ақпараттық/заманауи педагогтар үшін қызықты тақырыптағы кәсіби
оқу-ғылыми мәтіндер;
– коммуникативті тапсырмалар: адамдар мен заттарды, ситуациялар мен
139
оқиғаларды
суреттеу; белгілі бір фактілерге өз қатынасын білдіру; жазбаша
мәтіндерді құрау және т.б.;
– тез, әрі жылдам меңгергуе тиімді болатын лексико-грамматикалық
материалдарды беру тәсілі (мобильді технологияларды, электрондық
ресурстарды қолдану);
– жаңа материалды тиімді меңгеруге ықпал ететін және жеке мәтіндерді
жасау мен белсенді етуге көмектесетін түрлі схемалар мен кестелерді қосып
алатын вербалды тіректер;
–
вербалды, әлеуметтік, эмоционалды тәжірибемен байланысты
«контекст» түсінігін ескере отырып, өзгетілі материалдармен жұмыс жасау;
–
«
National geographic learning»
сайтын оқыту процесіне тарту және
қайнар көз ретінде өзге де әлеуметтік желілермен жұмыс жасау (В контакте,
Facebook және басқалары.).
Алынған материалдар математикалық және компьютерлік өңделуге
ұрынды, кейін кестелер мен диаграммалар түрінде ұсынылды.
Төменде біздер
көрсеткіш тиісті мәтіндік экспликациямен нәтижелерін береміз.
ЭТ мен БТ педагогтарының аралық пен қорытынды зерттеу нәтижелерін
салыстырмалы талдау жұмысы жеке өзіндік мәтінді құрауда кәсіби
терминологияны қолдану шеберлігінің артуында позитивті өзгерістердің орын
алғандығын анықтады (критерий 1). Мағыналық вариативтілік ЭТ-та 7,5%-ға,
ал БТ-да 1,6%-ға өсті. Тілдік дұрыстық ЭТ-да 6,2%, ал БТ-да – 0,5%-ға өсті.
Сөйлеу қарқыны ЭТ-та минутына 19 буынға, ал БТ-да – 12 буынға артты.
Қалыптастырып дамытушы кезеңде біздер педагогтардың білімдерін
және кәсіби мәдениетаралық коммуникация дәрежелерін ерекшеліктерін,
терминологиялық сөздік қорларының кеңею ерекшеліктерін және түрлі
бағыттағы бастапқы оқу-ғылыми мәтіндермен аналитикалық-синтетикалық
операцияларды орындай алушылық шеберліктерінің дамуын тексердік
(критерий 2).
Мысалы,
мәтіннің мазмұнына реферат, эссе, аннотациялар, жарнама,
мультимедиялы презентациялар жасайтындай шығармашылық өнімдерді құру
шеберліктерін бақылау тапсырмалары; байланысты ауызша және жазбаша
хабарламаларды жасауда алынған мәліметті қолдану алу шеберліктерін дамыту
жаттығулары; өтілген тақырыптар төңірегінде кең түрдегі эссе жоспарын құру
(критерий 1); аутентті оқу-ғылыми ақпаратын сыни тұрғыдан қабылдай алу
және ғаламтордан алынған мақалалар мен жарнамадағы, өзге де қайнар
көздердегі позитивті және негативті тұстарын ерекшелеп бөле алу (критерий 3);
кәсіби өзгетілді коммуникация процесінде пәнаралық
байланыстарды қолдану
алу шеберлігі (критерий 4).
Осы кезеңдегі алынған мәліметтерді 8 бен 9-кестелерде және
диаграммаларда ұсынамыз (7, 8, 9-суреттер). Таңдалған параметрлерді біздер
бесбаллдық шкалада бағаладық.
140
Кесте 8 – Бастапқы диагностика көрсеткіштері мен қалыптастырушы
эксперимент кезеңінің салыстырмалы нәтижелері
Критериилер
Көрсеткіштер
Диагностикалық кезең
Қалыптастырушы
кезең
БТ
ЭТ
БТ
ЭТ
Коммуникативті-кәсіби
Орташа мәнділік
2,80
2,87
2,93
3,40
Дисперсия
0,6
0,55
0,35
0,26
Когнитивті
Орташа мәнділік
2,67
2,73
2,80
3,27
Дисперсия
0,67
0,49
0,46
0,35
Рефлексивті
Орташа мәнділік
2,67
2,60
2,87
3,20
Дисперсия
0,38
0,54
0,41
0,46
Интегративті
Орташа мәнділік
2,27
2,33
2,47
3,00
Дисперсия
0,78
0,81
0,41
0,43
Достарыңызбен бөлісу: