8. Алюминий гидроксидін алу және оның қасиеттерін зерттеу. а) Сынауықтағы алюминий тұзының ерітіндісіне тұнба түзілгенше ерітіндісін қосыңдар. Түзілген тұнбаның түсі қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Тұнбаны екіге бөліп біріне , екіншісіне ерітіндісін қосыңдар. Алюминий гидроксидінің химиялық қасиеті жөнінде қорытынды жасаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
б) Тұнбаны алып сүзіп, сүзгі қағазында жуыңдар. Содан кейін қандай болмасын бір органикалық бояудың, айталық метилен көгінің ерітіндісіне салыңдар. Бұл тәжірибеде алюминий гидроксиді қандай қасиет көрсетеді?
9. Алюминий тұздарының гидролизі.а) Алюминий сульфатының ерітіндісіне лакмус қағазын салыңдар. Лакмус қағазының түсінің өзгеру себебін түсіндіріңдер. Гидролиздену реакциясының теңдеуін жазыңдар. Неліктен осы тұздың гидролизі аяғына дейін жүрмейді?
ә) Алюминий сульфатының ерітіндісіне аммоний сульфидін қосыңдар. Түзілген тұнбаны сүзіп, оны сүзгі қағазында жуыңдар, тұнбаны екіге бөліп, біріне сұйытылған , екіншісіне ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Осы тәжірибеге сүйене отырып, алынған тұнбаның құрамы туралы не айтуға болады? Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Гидролиздің аяғына дейін жүруіне не әсер етеді?
б) Алюминий сульфатының ерітіндісіне натрий ацетатының ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Ерітіндіні қайнатыңдар, бұл жағдай реакцияның жүруі үшін қандай маңызы бар? Қай зат тұнбаға түседі?
в) Натрий гидроксоалюминатын алу. Оған қанық ерітіндісін құйып қыздырыңдар. Не байқалады? Тұнбаның түсі және құрамы қандай? Қандай газ (иісі бойынша) бөлінетіндігін анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
10. Алюминий ашудасын алу.Алюмокалий ашудасын алу мына реакцияға негізделген:
7,5 г таразыда өлшеп алып, 50 мл суда ерітіңдер. Реакция теңдеуі бойынша -тің ерітіндісін араластыра отырып ерітіндісін қосыңдар. Біраз уақыттан соң ашудас кристалдарының түзілгендігі байқалады. Кристалдар тұнған соң, ерітіндісін төгіп тастап, ашудас кристалдарын сүзгі қағазының арасына салып кептіру керек. Алынған затты таразыда өлшеп, шығымын (%) есептеп шығарыңдар.