Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Бор қышқылының тұздарының қасиеттері



бет39/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

3. Бор қышқылының тұздарының қасиеттері. а) Натрий тетрабораты (бура) ерітіндісінің лакмус қағазына әсерін байқаңдар. Натрий тетраборатының гидролиздену реакциясының теңдеуін жазыңдар.
ә) Платина немесе нихром сымын иіп, сол иілген жеріне аз ғана натрий тетраборатының ұнтағын салып спирт-шамының жалынына ұстаңдар, шыны тәрізді мөлдір қауырсынының түзілгендігін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
б) Түзілген қауырсынды сынауықтағы концентрлі кобальт тұзының ерітіндісіне салыңдар, қауырсынның құрамы қандай және түсі өзгере ме? Түс беріп тұрған қандай қосылыс?
в) 3б-тәжірибені қайталап, қауырсынды хром (III) тұзының қаныққан ерітіндісіне салыңдар. Түсі қандай, қай қосылыс түс беріп тұр?
4. Алюминийдің оттегімен әрекеттесуі. Алюминий пластинкасын зімпарамен тазалаңдар. Сонан соң немесе ерітіндісін тамызыңдар (бұл ерітінді өте улы). Тамшының әсерінен пластинканың түсі қалай өзгереді, неге? Тамшыны жуып, сүртіп пластинканы ауада қалдырыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар,
5. Алюминийдің сілтімен әрекеттесуі. Сынауыққа алюминий жаңқасын салып, 30% ерітіндісін құйыңдар. Бөлініп жатқан газдың сутегі екенін дәлелдеңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Түзілген гидроксокомплексті қосылыс қалай аталады?
6. Алюминийдің сумен әрекеттесуі. Сынауыққа аз ғана алюминий үгіндісін салып, 3-5 мл су қосып араластырыңдар. Реакция жүре ме? Қыздырыңдар. Енді сынауыққа 2-3 мл сұйытылған сілті ерітіндісін құйып, төгіп тастап, сумен бірнеше рет жуыңдар, қайтадан су құйып қойыңдар. Біраз уақыттан соң газ көпіршіктерінің бөлінгендігі байқалады. Қандай газ бөлініп жатқандығын дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Реакция қандай жағдайда жүреді?
7. Алюминийдің қышқылдармен әрекеттесуі. (ә,б-тәжірибелері тартпа шкафта жүргізілуі керек). а) Алюминийді металдардың электрохимиялық кернеу қатарындағы орны мен стандартты электрондық потенциалының шамасымен танысыңдар. Осыған орай сұйытылған мен әрекеттесу мүмкіндіктері жөнінде қорытынды жасаңдар. Реакция нәтижесінде не түзіледі?
Жасаған қорытындының дұрыстығына тәжірибе арқылы көз жеткізейік. Екі сынауыққа алюминий түйіршіктерін салып, біреуіне 2 н , екіншісіне 2 н ерітіндісін құйып қыздырыңдар. Не байқалады? Бөлініп жатқан қандай газ? Молекулалық және иондық түрде реакция теңдеулерін жазыңдар.
ә) Сынауықтағы алюминий түйіршіктеріне конц. құйыңдар. Сынауықты баяу қыздырыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
б) Алдын ала зімпара қағазымен тазаланған алюминий қиындысын сынауыққа салып, конц. құйыңдар. Алюминий ери ме? Біраз уақыттан кейін металды сілкімей (неге?) ақырын қышқылды құйып алып, алюминийді 2-3 рет сумен жуу керек. Содан кейін конц. құйыңдар. Реакция жүре ме? 7а-тәжірибелермен салыстырыңдар, конц. (қыздырмай тұрғанда) әсер еткен алюминий бөлігінің үстіңгі қабатында қандай өзгеріс болғанын түсіндіріңдер. Енді ерітіндісін төгіп тастап қайтадан конц. құйыңдар. Ақырын жайлап қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеуін жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет