Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Кадмий сульфидін алу және қасиеттері



бет52/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

9. Кадмий сульфидін алу және қасиеттері. Күкіртсутегі суын тұнба түсіргіш ретінде қолдана отырып, кадмий сульфидін алыңдар, сипатын және түсін анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Тұнбаны ерітіндіден бөліп алып, тұнбаға сұйытылған тұз қышқылын құйыңдар. Тұнба ери ме? Ерігіштік көбейтіндісінің көрсеткіштерін пайдалана отырып, неге мырыш сульфиді мен кадмий сульфидінің тұз қышқылына әр түрлі әсер ететінін түсіндіріңдер.
10. Кадмийдің комплексті қосылыстары. Кадмий сульфаты ерітіндісіне алғаш тұнба ерігенше тамшылатып аммиак ерітіндісін қосыңдар. Алынған комплексті қосылыстағы кадмийдің координациялық саны 4-ке тең екендігін көрсете отырып, реакция теңдеуін жазыңдар. Кадмийдің комплексті қосылысының электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңдар, комплексті ионның тұрақсыздық контантасын көрсетіңдер.
11. Кадмий тұздарының гидролизі. а) Кадмий сульфаты ерітіндісінің ортасын бейтарап лакмус ерітіндісімен анықтаңдар. Гидролиздену реакциясының молекулалық және иондық теңдеуін жазыңдар.
ә) Кадмий сульфаты ерітіндісіне натрий карбонаты ерітіндісін құйыңдар. Тұнбаның түсін бақылаңдар. Пайда болған зат гидролиздің қай сатысының өніміне жатады? Кадмий карбонатының сатылап гидролиздену реакциясын молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
12. және иондарын айыру. және иондарын айыру үшін олардың сульфидтерінің сұйытылған тұз қышқылында әртүрлі ерігіштігін пайдалануға болады. Күкіртсутегін немесе күкіртсутегі суын пайдалана отырып, және иондарын бір-бірінен айыру жоспарын жасаңдар. Жоспарды оқытушыға көрсетіңдер. Мырыш және кадмий тұздары ерітінділерінің қоспасын дайындаңдар және жасалған жоспар бойынша қоспаны айыруды жүргізіңдер.
Сынап және оның қосылыстары
Сынаппен жұмыс жасау ережелері
Сынап буы, оның барлық қосылыстары улы, сондықтан сынаппен және оның қосылыстарымен жұмыс жасағанда мына ережелерді сақтау керек:
1. Сынап бар сынауықтар мен ыдыстарды ерекше қойғыштарға, мысалы, биік қабырғалы подносқа қою керек!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет