3. Мырыш гидроксидінің алынуы мен қасиеттері. Зертханада бар реактивтерден мырыш гидроксидін алыңдар. Тұнбаның сипаты мен түсін анықтаңдар. Мырыш гидроксидінің амфотерлік қасиетін тәжірибе жүзінде анықтаңдар. Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
4. Мырыш сульфидін алу. Екі сынауыққа мырыш сульфидінің тұнбасын алыңдар. 1-ші сынауыққа тұнба түсіргіш ретінде күкіртсутегі суын, 2-шіге аммоний сульфидін алыңдар. Түзілген тұнбалардың көлемін салыстырыңдар. Күкірсутегі әсерінен түзілген мырыш сульфиді тұнбасы тұнғаннан кейін сүзіп және натрий ацетаты ерітіндісін сүзіндіге құйыңдар. Байқалған құбылысқа түсінік беріңдер, реакция теңдеуін жазыңдар. Жасаған тәжірибелердің негізіне сүйене отырып, ионын түрінде қандай ортада толық тұнбаға түсіруге болады. Қорытынды жасаңдар.
5. Мырыштың комплексті қосылыстары. Мырыш тұзы ерітіндісіне аммоний гидроксиді ерітіндісін тұнба түзілгенше тамшылатып құйыңдар, одан кейін ол толық ерігенше тамшылатып қосыңдар. Алынған комплексті қосылыста мырыштың координациялық саны 4-ке тең екенін ескере отырып, реакция теңдеуін жазыңдар.
6. Мырыш тұздарының гидролизі. а) Мырыш сульфаты мен мырыш хлориді ерітінділерінің ортасын бейтарап лакмус ерітіндісімен сынаңдар. Гидролиздену теңдеуін жазыңдар.
Кадмий және оның қосылыстары 7. Кадмийді ерітіндіден оның иондарын тотықсыздандырып алу. Кадмий иондарын оның тұздарының ерітінділерінен тотықсыздандыра алатын металдарды стандартты электрод потенциалы кестесін пайдалана отырып таңдап алыңдар. Зертханада бар металдардың бірін пайдаланып сәйкес тәжірибе жасаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
8. Кадмий гидроксиді алу және оның қасиеттері. Зертханада бар реактивтерден кадмий гидроксидін алыңдар, сипатын және түсін анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Сұйытылған тұз қышқылына және көп мөлшердегі сілтіге кадмий гидроксидінің әсерін байқаңдар. Бұл гидроксид қандай қасиет көрсетеді. Кадмий және мырыш гидроксидтерінің айырмашылығын анықтаңдар.