Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет54/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   71
18. Каломель алу. а) Сынап (I) ерігіш тұзынан каломель алыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Сынауыққа 2-3 мл сулема ерітіндісін кұйып, оған ерітіндісін тамшылатып қосыңдар, не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Сілтілік металдар
Бақылау сұрақтары
1. Металдық байланыстардың қандай ерекшеліктері бар? Осыған байланысты металдар қандай физикалық қасиет көрсете алады?
2. Литий, натрий калий, рубидий, цезий атомдарының электрондық формулаларын жазыңдар. Литийден цезийге қарай атом радиустарының және иондану потенциалы, химиялық активтілігі қалай өзгереді?
3. Сілтілік металдардың оттегіне, сутегіне, суға және қышқылға әсерін реакция теңдеулері арқылы көрсетіңдер.
4. Сілтілік металдардың гидридтері мен бейметалдардың сутекті қосылыстарының химиялық және физикалық қасиеттерін салыстыру.
5. Сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің алыну реакция теңдеулерін жазыңдар.
6. Сілтілік металдардың тұздары қандай физикалық және химиялық қасиет көрсетеді?
18 зертханалық жұмыс
Тәжірибелер:
Аспаптар мен реактивтер: таразы, Кипп аппараты, Бунзен колбасы, Бюхнер воронкасы, сақинасы бар штатив, қыздырғыш, фарфор тигелі, фарфор келі келісабымен, кішкене фарфор табақшасы, құйғы, шыны таяқша, 50 -100 мл стақан, сынауықтарымен штатив, шыны түтікше, платина сымы бекітілген шыны таяқиа, сүзгі қағазы, литий, натрий, калий, натрий пероксиді , натрий хлориді , калий хлориді , натрий нитраты , калий нитраты , аммоний карбонаты , натрий сульфиді , сөндірілген ізбес , ерітінділер: күкірт қышқылы , тұз қышқылы , азот қышқылы , аммиактың судағы ерітіндісі , натрий хлориді ,калий хлориді , литий хлориді , калий иодиді , лакмус, фенолфталейн.
Сілтілік металдармен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасын сақтау керек! Сілтілік металдарды қолмен ұстауға болмайды! Сілтілік металдардың қалдығын зертхана қызметкерлеріне өткізу керек!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет