2. Мыстың қасиеттері. а) Мыс активтілігі аз металдармен әрекеттеседі. Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын пайдаланып, қандай металдардың иондары олардың тұздарының ерітіндісінде мысты тотықтыра алатындығын анықтаңдар.
Мыс сымының ұшын сынап (II) нитраты ерітіндісіне батырыңдар, ол зімпара қағазымен тазаланған болуы керек. Химиялық реакцияның жүруінің қандай белгілері байқалады. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Мыстың қышқылдармен әрекеттесуі. Аздаған мыс түйіршіктеріне жеке сынауықтарда сұйытылған және қою , және қышқылдарының ерітінділерін құйыңдар. Болған құбылысты бақылаңдар. Реакция жүрмеген (әлі басталмаған) сынауықтарды жайлап қыздырыңдар. Мыс барлық қышқылдармен әрекеттесе ме? Ерітіндінің түсіне назар аударыңдар. Бұл түсті қандай ион көрсетеді? Реакция нәтижесінде бөлінген газды түсіне және өзіне тән иісіне қарап анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазып, коэффициенттердің қойылуын түсіндіріңдер. Мыстың тотықсыздандырғыш қасиетіне қорытынды жасаңдар.
3. Мыс гидроксидін алу және қасиеттері.а) Мыс (ІІ) гидроксидінің тұнбасын алыңдар. Тұнбаның түсі мен қасиетін белгілеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Мыс тұздарының гидролизі. Мыс (II) сульфаты ерітіндісіне натрий карбонатының ерітіндісін құйыңдар. Реакция жүргені қандай белгілерінен байқалады? Мыс (II) сульфатының су қатысында натрий карбонатымен реакция теңдеуін жазыңдар.
4. Мыс (II) комплексті тұзын алу және қасиеттері. Мыс (II) сульфаты ерітіндісіне аммиак ерітіндісін алдымен түскен негізгі тұздың тұнбасын ерігенше тамшылатып құю керек. Реакция теңдеуін жазыңдар. Мыс атомдары қандай иондардың құрамына кіреді? Түзілген ерітіндінің түсі қандай? Түзілген комплексті тұздың электролиттік диссоциациясының теңдеуін құрыңдар және комплексті ионның тұрақсыздық константасының көрсетілуін жазыңдар. Бұл тұздың ерітіндісіне сульфат ионының болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеңдер. Ерігіштік кестесін пайдаланып, мыс (II) иондарының комплексті тұзының ерітіндісі анықтауға болатын реактивті табыңдар.