Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Темір (III) гидроксидін алу және қасиеттері



бет69/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

8. Темір (III) гидроксидін алу және қасиеттері. а) Темір (III) гидроксидін алу. Оның түсіне, түріне көңіл бөліңдер. Темір (III) гидроксидінің сұйытылған қышқыл ерітінділеріне қатынасын сынаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Жаңа тұндырылған темір (IIІ) гидроксидінің тұнбасы ыстық концентрлі сілті ерітінділерінде біртіндеп ериді. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Алынған Ғе(ОН)3- ті сүзгіде сумен жуып фарфор тигельге кептіріңдер. Қандай өзгеріс бар? Реакция теңдеуін жазыңдар. Темір (ІІІ) гидроксиді қандай қасиет көрсетеді?
9. Темір тұзының гидролизі. а) Аз мөлшердегі темір (ІІІ) хлоридін суда ерітіңдер. Ерітіндіні лакмус қағазымен сынаңдар. Гидролиз реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Екі сынауыққа 2-3 мл темір (ІІІ) хлориді ерітіндісін құйыңдар. Біреуіне бірнеше тамшы концентрлі тұз қышқылы ерітіндісін құйып, ерітіндінің түсінің өзгеруін түсіндіріңдер. Екінші сынауыққа темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне су араластырып қайнағанға дейін қыздырыңдар. Ерітіндінің түсі қалай өзгереді? Тәжірибенің нәтижесін түсіндіріңдер.
б) Темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне сода ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған тұнба көмір қышқылының тұзы емес екендігін қалай дәлелдеуге болады. Темір (ІІ) немесе темір (ІІІ) тұздарының қайсысы тез гидролизденеді және неліктен, түсіндіріңдер.
10. Темір (ІІІ) сульфидін алу. Темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне аммоний сульфиді ерітіндісін қосыңдар. Не жүзеге асады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
11. Темір (ІІІ) ионына реакция. а) Темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне сары қан тұзы калийдің гексацианоферраты (ІІ) ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Алынған зат берлин лазуры деп аталады. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне калий роданиді ерітіндісін қосыңдар. Алынған темір (ІІІ) роданидінің түсін анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
12. Темір (ІІ) қосылыстарының тотығуы. Үш сынауыққа 2-3 мл темір (ІІ) сульфаты ерітіндісін алып, әрқайсысына сұйытылған күкірт қышқылын құйыңдар. Сонан соң 1-ші сынауыққа аз мөлшердегі азот қышқылын қосып, оны қайнағанға дейін қыздырыңдар. 2-ші сынауыққа бром суын қосып, 3-ші сынауыққа калий перманганаты немесе калий дихроматы ерітінділерін құйыңдар. Не байқалады? Осы реакцияларда темір (ІІ) сульфаты қандай қасиет көрсетеді? Осы үш тәжірибе нәтижесінде ионы ионына дейін тотығатындығын түсіндіріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет