Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Көміртегі (II) оксидінің алынуы және қасиеттері



бет33/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71
6. Көміртегі (II) оксидінің алынуы және қасиеттері. (көміртегі (II) оксидімен барлық жұмыстарды тартпа шкафта жүргізу керек). а) Вюрц колбасына 5 г қымыздық қышқылын (құмырсқа қышқылы да болады) салып бөлгіш воронкаға 12-15 мл концентрлі күкірт қышқылын құйындар. Қымыздық қышқылына біртіндеп концентрлі күкірт қышқылын құйып, қоспаны қыздырыңдар. Реакция басталғаннан 1-2 минут өткеннен кейін бөлінген газды цилиндрге судың үстіне жинаңдар (72-сурет). Цилиндрді судың ішінде шыны пластинкамен жауып, кристаллизатордан алып, келесі тәжірибеге сақтап қойыңдар.
ә) Цилиндрді ашып тұрып 6а-тәжірибесінде жиналған газды жағыңдар. Барлық газ ығысып шыққанша цилиндрге су құйыңдар. Жалынның түсін байқаңдар. Көміртегі (II) оксидін алу және оның жану реакциясының теңдеуін жазыңдар.
б) Сынауыққа 1/4 бөлігіне дейін күміс нитратын қосып оған түзілген күміс оксиді ерігенше аммиак ерітіндісін қосыңдар. Одан соң ерітіндіні қыздырып, оған 6а-тәжірибесінде қолданылған кұралдан көміртегі (II) оксидін жіберіңдер, алдын - ала газ түтікшенің орнына бұрыш тәрізді түтікшені алу керек. Қара ұнтақ металл күмістің түзілгенін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы процестегі тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.
в) Колбаға 10-15 мл концентрлі күкірт қышқылын, ал воронкаға 4-6 мл құмырсқа қышқылын құйыңдар (6а-тәжірибедегі кұралды да қолдануға болады). Қиын балқитын шыны түтікке аздап мыс (IІ) оксидін салып, сынауыққа әк суын құйыңдар. Күкірт қышқылын сақтықпен қыздырыңдар, оған тамшылатып құмырсқа қышқылын құйыңдар. 2-3 минуттан кейін, көміртегі (II) оксидіне толғанда, газ түтікшені әк суы бар сынауыққа салып, мыс (II) оксидін қыздырыңдар, сынауықтың аузында реакцияласпаған газды оқтын-оқтын жағыңдар. Болып жатқан құбылыстарды байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Көміртегі (II) оксиді тотығу-тотықсыздану реакцияларында қандай қасиет көрсетеді?

72-сурет. Көміртегі (ІІ) оксидін алуға арналған қондырғы. 73-сурет. Металл оксидтерін көміртегі (ІІ) оксидімен тотықсыздандыруға арналған қондырғы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет