Зерттеудің негізгі нысаны


Ш.Смаханұлының бірқақпайларының тілдік ерекшеліктері



бет19/23
Дата27.09.2023
өлшемі352,5 Kb.
#110333
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Шона Смаханұлы және Садықбек Адамбековтің шағын прозасындағы тілдік ерекшеліктер

6. Ш.Смаханұлының бірқақпайларының тілдік ерекшеліктері
Шона Смаханұлының шығармашылығына тән бір ерекшелік – бітім-тұлғасы, мағынасы мақал-мәтелге ұйқас құрылымдар кездеседі. Қаламгер кітаптарында бұл құрылымдарды «Елпекбайдың нақыл сөздері» деп атайды. Кең көлемде түсінілетін нақыл сөздер қатарына фольклорлық және авторлық афоризмдер жататына ғылыми әдебиеттен белгілі.
Дала философтары жыраулар мен орақ ауызды, от тілді шешендер сөзінен бастау алып, ұлы Абайдың дидактикалық поэзиясы мен қара сөздерін де жалғас тапқан авторлық афоризмдер қазақ әдебиетінің ілгерідегі, кейіндегі өкілдері шығармашылығында кездесетінін зерттеуші А.С.Әділова [35] қарастыра келіп, авторлық афоризмді екіге бөледі: афоризм және сентенция. Шығарма контексінде кездесетін авторлық афоризм-сентенция көптеген прозалық, поэзиялық туындыларда түрлі стильдік қызмет атқаратынын көрсете отырып, төмендегі мысалдарды келтіреді:
«Ақыл менен парасат бұғынады,
Шынайы шын сезімге кезіккенде» (М.Мақатаев).

Адамда да құпия күштер қанша


Өсіретін бір-бірін, өшіретін!» (ф.Оңғарсынова).

«Жарасады жалыны бар өлеңге


Жақсылардың ғұмырындай қысқалық» (Ж.Нәжімеденов)

«Кездесуді аңсамаған адамдар


Өмір бақи бірін-бірі алдайды» (К.Салықов).

«Арманы үлкен адамның


Өзі де үлкен әрқашан» (Қадыр Мырза Әли)

Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды (Қ.Жұмағалиев).


Бұл үзінділердің синтаксистік конструкциясы, дыбыстық үндестігі арқылы мазмұны, эстетикалық әсер-қуаты оқырманға бірден әсер ететіні байқалады.
Бұл қағидаға сәйкес «Абай афоризмі» кітабының авторы Қ.Өмірәлиевтің [36] келтірген мысалдары белгілі бір контекстен үзіп алынғандықтан сентенцияға жататыны байқалады, өйткені: «Сентенция – белгілі бір автор шығармашылығында ұшырасатын, жеке фактіден шығарылған жалпыға ортақ қоратындысы бар, философиялық оға құрылған, терең мазмұнды ықшам тұжырым». Ал Ш.Смаханұлының нақыл сөздерін таза афоризм деп есептеуге болады, себебі: «Афоризм қаламгердің өз басынан өткерген, алайда дәлелдеуді қажет етпейтін шындықты рухани қорытып шығаруы нәтижесінде пайда болады. Афоризм, әдетте, көп мағыналы болып, өмір қайшылықтарының өткіншілігіне негізделеді» [37].
Қаламгердің нақыл сөздерінің саны – 52. Адам, қоғам өміріндегі түрлі жағдайларды тіке және астарлап көрсететін бұл нақыл сөздердің құрылымы фонетикалық, лексикалық, синтаксистік, морфологиялық деңгейдегі үйлесімге негізделгендіктен оқырман ойында түрлі ассоциация тудыруға, тез сақталуға, басқа бір жағдайға бейімдеп қолдануға лайық. Жаман қасиеттерді сынауға арналған нақылдар қатарында: Абайды оқымай ұлы ақын болғысы келеді; Көп сөйлеген дөп сөйлемейді; Өлермендік өзгеге жүрсе де, өлеңге жүрмейді; Өз тілінен айрылған өз өрісінен де айырылады; Ұрысқақтың баласы тырысқақ; О баста мансапқор дәрежесі өскенде түккөрмеске айналады; Өзен жылымы мен адам жылымы бірдей: екеуі де құрдымға тартпай қоймайды сияқтыларды атасақ, қоғамдағы әлеуметтік дерт, сорақы көріністерді төмендегі нақыл сөздер көрсетеді: Әкесі алқаштың баласы шәлкес болады; Бюрократ пен жағымпаз ауыз жаласып жүрсе де бір-біріне сенбейді; Ана тіліне күдікпен қарайтынға күдікпен қарау керек; Нанын жеген елдің тіліне түкірмес болар;
Аталған екі топқа кіретін нақыл сөздерге әсерлілік, бейнелілік, ішкі ұйқас, жалпы әдеби көркемдік тән, ал олардағы сатиралық мән меңзеу, параллелизм, антитеза, сөздің тура және ауыспалы мағынасы арқылы берілген. Мәселен, Абайды оқымай ұлы ақын болғысы келеді,
Ана тілін білмей роман жазғысы келеді.
Антитезаға құрылған параллель синтаксистік конструкциямен берілген сөздің уытты шенеуі айрықша. Контекстік антонимдер мен етістіктің болымды-болымсыз тұлғаларының қарама-қарсылығы түрлі ассоциацияға негіз болады. Бұл нақылды түрлі ситуацияға бейімдеп, тура және ауыспалы мағынада қолдануға болады.
Жазушы нақылдарында лексикалық антонимдердің қарама-қарсылығын аз пайдаланса (Ащы теңізден тұщы бұлақ артық), контекстік антонимдерді өте жиі қолданады: Пілді бір-ақ жерден көре аласың, зоопарктен, қанден әр көшеден кездеседі; Ой жеткен жерге көз жетпейді, сөз жеткен жерге, көз жетпейді; Жолбарыстың түшкіргені – мысыққа күш кіргені; Құлан болып келіп, жылан болып көрінгеннен жиіркенішті нәрсе жоқ.
Жазушының жекелеген нақылдары түрлі ассоциативтік байланыстар жасауға мүмкіндік береді. Мысалы: Биік жартас пен кабинеттегі бюрократтың айырмасы шамалы.
Осы мысалдағы «биік жартас» «Баяғы жартас – сол жартас, Қаңқ етер – түкті байқамас» деген Абай афоризмін еске түсіреді. Жартас пен бюрократ арасындағы тепе-теңдік автор контексінде жағымсыз қасиеті ерекше образ жасаған. Екінші нақыл И.А.Крыловтың «Тіл мен қанден» мысалын мезгейді.
Ал мына мысалдағы бірінші компоненттің де ассоциативті байланыстары ұлттық фольклорден бастап, Абай қара сөзіндегі, жазба әдебиеттегі, «қыран» сөз-образы бойына жинақтаған мағыналарды екінші компоненттегі тышқан сөзінің семантикасына контраста беріп, емес болымсыз етістігі арқылы өмір қайшылығы бір ғана ұғымда тоғысуы мүмкін екенін көрсетеді: Биікте ұшқанның бәрі қыран емес, жерде жүргеннің бәрі тышқан емес.
Бірқатар нақылдарындағы қайшылық субстантивтенген болымды-болымсыз есімше бастауыш пен болымсыз мәндегі предикат арқасында туындап, дыбыстық үйлесім, ішкі ұйқас, интонация арқылы әдеби көркем құрылым түзген: Ән жаза алмаған әуесқой эстрадаға жүгіреді; Өз тілінен айрылған өрісінен де айрылады; Көп сөйлеген дөп сөйлемейді; Көп сүйген – дөп сүймейді; Сайтанға ілескен – санатқа қосылмайды.
Қазақ фольклорынан белгілі «Су ішкен құдығыңа түкірме» деген паремияның негізінде Ш.Смаханұлы жаңа окказионалды құрылым жасаған: Нанын жеген елдің тіліне түкірмес болар.
Бұл окказионалды қолданыстың лексика-грамматикалық құрылымында автор әр халықтың тіршілігінің өзегі болып саналатын нанды және сол халықты этнос ретінде танытатын алғышарттың бірі - тілді қатар қойған. Автор болымды-болымсыз есімшенің қайшылығы арқылы өзі ұстанған моральдық-этикалық норманы танытып, сол норманы бұзып, ұлт тілінің негізгі қолданыс аясының тарылуына әкеп соққан ұлт, тіл саясатына қарсылығын меңзеумен білдіреді. Әрине, түрі ұлттық, мазмұны социалистік деген стереотипті ұранды қоғам өмірінің кез-келген саласына қатысты насихаттап, таратуға күш салғанмен байтақ Кеңестер Одағында, оның ішінде Қазақстанда орыстандыру, новояз аталған құбылыс дәуірлеп тұрған кез еді. Мәселен, қоғамдық-саяси лексикада жиі кездесетін сайлау сөзі өзінің негізгі мағынасын жоғалтқаны белгілі, СОКП съездерінде Бас хатшының орнына бір адам ұсынылып, сол адам сайланып жүргені тарихи факт, соның нәтижесінде сайлау сөзінің семантикасындағы архисема мүлде ескерусіз қалғаны қалыпты жағдай еді. Міне, осы кездің өзінде ұлттық тіл болашағына, ұлт тағдырына алаңдап, Алматы қаласында қазақ тілінде оқытатын мектептер ашуға ат салысқан Ш.Смаханұлының нақылдары тіл мәселесіне арналған: Абайды оқымай ұлы ақын болғысы келеді, Ана тілін білмей роман жазғысы келеді. Өз тілінен айрылған өрісінен де айрылады; Ана тіліне күдікпен қарайтынға күдікпен қарау керек; Қойыртпақтап сөйлеген – қойыртпақтап ойлайды; Нанын жеген елдің тіліне түкірмес болар.
Келтірілген нақылдардың кейбірі субъект пен предикат арасындағы қайшылыққа негізделсе, енді бірі парадокске құрылғаны байқалады. Сөзқолданыс нормасы тұрғысынан келсек, бір микроконтексте бір сөздің қайталануы каламбур ретінде бағаланып, стильдік қателікке саяды. Ал Ш.Смаханұлы нақылындағы жағымсыз мәндегі күдік сөзінің субъекті білдіретін күрделі сөз құрамында да, предикат мүше құрамында да келуі автор позициясын айқын танытады деген пікірдеміз.
Әрине, келтірілген нақылдардың бәрі тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, айналасы жұмыр! Келіп жатпағаны шындық, алайда жазушының шығармашылығы, тіл фактілерін өз қажетіне қарай таңдап, іріктеп жаратуы, сөзқолданысы тұрғысынан біз оларды аттап кете алмаймыз әрі олар да өз кезеңінің азды-көпті қажетін өтегені күмәнсіз.
Ш.Смаханұлының бірқақпай әңгімелері коммуникативтік-ситуативтік диалогтерге негізделген, сол себептен де автордың өзі суреттеп отырған ситуацияға көзқарасы төл сөз арқылы да, автор ремаркасы арқылы да ашық көрініп отырады. Бұл орайда автор көбінесе Елпекбай бейнесін қолданады. Бұл әңгімелерде де сатирик жазушы адам бойындағы мақтаншақтық, даңғойлық, білімсіздік, тоғышарлық, арамдық, жалқаулық, көре алмаушылық, қызғаншақтық, мансапқұмарлық, сұғанақтық сияқты небір жағымсыз қасиеттерді меңзеу, тұспалдау, ишара арқылы сынап-мысқылдап көрсетеді. Бірнеше мысалдағы сөзқолданысқа назар аударып көрелік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет