Зерттеудің негізгі нысаны



бет20/23
Дата27.09.2023
өлшемі352,5 Kb.
#110333
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Шона Смаханұлы және Садықбек Адамбековтің шағын прозасындағы тілдік ерекшеліктер

Епілеш кабинет есігінен қарады да, күндегі әдетінше:

  • Сыртқа шығып кетші, - деді сұқ саусағын имейтіп.

Бүгін бір сом жоқ, - деді Елпекбай (1).
Бұл мысалда автор өз кейіпкерін ұзақ сонар суреттемей-ақ, оның сұрамшақ сұғанақтығын, жанындағы жұртты әбден мезі қылғанын Елпекбайдың бір ғана сөзімен береді және бұл автордың да позициясын көрсетеді.
Кітаптың беташарында: «Райым Нүсіпов – тау қыранының шабытындай өлеңдер жазған. Оны «Тау ақыны» десе болғандай», - деген сөздер жазылыпты.

  • Шіркін-ау, оның туған жерінде тау түгілі төбе де жоқ еді ғой, - деді Елпекбай (2).

Ал мына мысалда автор тау мен төбе контекстік антонимдерін ойнату арқылы ситуация мен шындықтың сәйкес келмеуін сынайды, мұндағы жағымды мағынадағы тау ақыны тіркесінің символдық сипатын жоққа шығару арқылы мысқыл пайда болған.
Алақанында аялап ұстап отырған сәбиін көтермелеп:

  • Біздің Айдаржан екі жарым айлығында «ТУ-154» самолетімен ұшқан, -деді Епілеш.

  • Сен оны айтасың, біздің Құралай сол самолетіңмен іште жатқанда ұшқан, - деді Елпекбай (3).

Келтірілген бірқақпайда алогизм Елпекбайдың мақтаншақтықпен айтылған сөздеріне құрылған.

  • Осы бар ғой, -деді Епілеш, - маған тіпті уақыт өтпейтін сияқты. Сен қалай өткізесің? Ішің пыспай ма?

  • Түске дейін өмірзая деген өлең жазамын; түстен кейін оқырмансыз роман жазамын; түн ортасына дейін ағыл-тегіл аударма жасаймын; түн ортасынан кейін суы сорғалаған сын жазамын. Сөйтіп күннің батқанын да, елдің жатқанын да, таңның атқанын да білмеймін (4).

Берілген мысалдағы Елпекбайдың сөзі сатирадағы «Неправдоподобное правдоподобие» ұстанымына толық сәйкес келеді. Айтып отырған ісінің бәрі істеліп жатқандай, бірақ іс те, нәтиже де жоқ. Автор мұнда эмоционалды-экспрессивті болуы айқын эпитеттердің әсер-қуатын орынды қолданған: өмірзая деген өлең, оқырмансыз роман, ағыл-тегіл аударма; суы сорғалаған сын. Әр эпитеттің жағымсыз мәнін тәуліктің 4 бөлігін бір-біріне контраста алу одан сайын ұлғайтып тұр. Келтірілген мысалдардағы дыбыстық үйлесім, қайталама оқырман назарын бірден аудартады.
Бұдан кейінгі бірқақпай аллегорияға құрылған, контекстік антонимдер (өгіз-қоян, қырлы стақан-жартылық, келідей бас – кішкентай бас) адамға тән өзіне-өзі есеп беру, өз мүмкіндігін шамалау сияқты қасиеттер кез келген адам бойынан табыла бермейтінін көрсетеді:
Өгіз ресторанға келіп, даяшыға:

  • Коньяк әкел! – дейді.

Даяшы қырлы стаканға меймілдете коньяк құйып әкеледі.

  • Мынауың маған көптік қылады, - дейді Өгіз.

  • Не дейді? – Даяшы шошып кетеді. – Қарағайдай қос мүйізі бар, келідей басы бар сен түгіл әлгі маубас қоян да жартылыққа жығылмай кетеді ғой!

  • Қоянның кішкентай басына аз ақылы молынан жетеді. Ал менің келідей басыма қанша ақыл қажет екенін білесің бе? – депті Өгіз (5).

Ал келесі бірқақпайдағы бір лексикалық-тақырыптық топқа жататын сөздерден автор теңеу де, эпитет те жасаған: Қыржанов деген комбайным; алтын бидай, маржан күріш, сабан-сабақ, масақ. Соның нәтижесінде нұсқаушының сөзі екі жақты мағынада ұғынылады: өзі мен бастығын қарсы қойса да, екеуі де автордың да, оқырманның да жағымсыз реакциясын тудырады. Оны автор эмоционалды-экспрессивті бояуы айқын сөз бен бейтарап стильдегі сөздерді шендестіре қою арқылы көрсетеді:
Оқу бөлімі нұсқаушысының айлық жалақысы жүз сомнан аспаса да, өзгелерден әлдеқайда бай тұрыпты. Ыдыс-аяғының өзі алтын-күмістен, мебельдері шетелдік, әйелі мен өзінің киімі кремплин, трикотиннен болса керек. Бір құрдасы одан сұрапты:

  • Әй, алатын жалақың бізге белгілі, сен басқа жұрттан қалайша бай тұрасың?

  • Менің алдымда оқу бөлімінің бастығы Қыржанов деген комбайным бар. Ол пісіп тұрған алтын бидайды, маржан күрішті сабан-сабағымен қоса асап-асап қылғытып отырғанда, мен содан қалған масақты ғана теріп жүремін. Соның өзі-ақ маған жетіп жатыр (6).

Жетінші мысалдағы дыбыстардың морфологиялық тұлғалардың үйлесіміне құрылған тіркес әлдеқашан-ақ қанатты сөзге айналып, қуыс кеуде болса да, көк тірейтін, мансапқұмар адамдарды атау үшін қолданылатын претекске айналып кеткені белгілі, қазіргі қолданысымызда кекету мәнінде жиі ұшырасады.
Орысшадан қазақшаға кітап аударып отырған аудармашыға: «Исполняющий обязанностей директора неполной средней школы» деген сөз кездеседі. Әрі ойланып, бері ойланып, бұл сөзді аудармашы «Толар-толмас мектептің болар-болмас директоры» деп аударды (7).

  • Мына сөзіңіз үшін сотқа беруге болар еді… әттең, айтысып жүруге уақыт жоқ-ау, - деді жәбірленуші. – Сен өзіңнің кім екеніңді білесің бе?

  • Білмеймін!…

  • Ендеше, тыңда: мен сенің кім екеніңді жақсы білемін. Сен мазасыздығың жөнінен жылқы мінездісің; зымияндығың жөнінен түлкі секілдісің; пасықтығың, настығың жөнінен шошқа секілдісің; көрсеқызар, қомағайлық жөнінен қасқыр секілдесің; тойған жеріңнен кетпейтінің жөнінен ит секілдісің.

Соңғы бірқақпайда дәстүрлі метафораларға түсіндірме берген кейіпкер арқылы автор адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді аяусыз сынайды (8).
Жалпы алғанда Ш.Смаханұлының нақыл сөздері мен бірқақпайлары өз заманының қажетін өтегені, көкірегі сәулем оқырмандарын әрі езу тартқызғаны, әрі кіжінткені, әрі жирендіргені анық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет