Зерттеудің негізгі нысаны



бет9/23
Дата27.09.2023
өлшемі352,5 Kb.
#110333
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
Шона Смаханұлы және Садықбек Адамбековтің шағын прозасындағы тілдік ерекшеліктер

Піскелі тұрған уыз бидайға жабылған көк шегірткедей столдағы тағамдарды ә дегенде жамсатып жібергендердің…
Зузулә жеңгей сырғасын жұртқа анық көрсету үшін басын олай бір, бұлай бір бұрып сөйледі. «Сенде бар алтын сырға бізде жоқ па» дегендей, қонақ әйелдер де бастарын изеген болып, алтын алқа, сырғаларын жалт-жұлт еткізді.
майлы бет, шүйжелке біреу
Аусар майға шашалғандай «Ы-һы» деп, толық денесін әрең көтеріп. …әлем-жәлем киінген, саусақтары алуан жүзікке толы әйелдер.
Осы үзінділер Меселбайдың қонақтарын танытуға қызмет етеді. Мұндағы теңеу мен эпитеттер автордың сатиралық көзқарасын анық көрсетеді, ал қонақтарды зат есім емес, есімшемен, оның үстіне бейнелі де әсерлі коннатациясы айқын есімшемен көрсетудің өз стильдік мақсаты бар, яғни Меселбайдың дастарханына келушілердің адами қасиеттерінің аздығын көрсетеді.
Ал той иесінің ниетін автор қосүнді сөзбен берген:
Меселбай-мұнда сөмке толтырып шампан, коньяк әкелмейді. Тойханаға келушілер жаңа үйленуші жастар ойнап-күліп, домаланып жатсыншы деп, жималы диван-керует те әкелмейді. Оның «венгерский» мен «румынскиін» телефонның бір шылдырымен ақ үйіне тұп-тура баздан алдыруға Месекеңнің құдіреті жетеді. Бұл тойға баладан – балаға кететін, «мәңгі тозбайтын» аса бағалы заттар түсуге тиіс.
Осы үзіндідегі қосүнді сөзде қолданылған «құдіреті жетеді» тіркесі кейінгі абзацта нақтылана түседі. Меселбайдың дүниеқорлығы, байлықпен ерекшеленуге ұмтылысын, оның үстіне бәрінде де сапа белгісі болуы шарт парентезасы көрсетеді. «Сапа белгісі» бұрын тек аса сапалы, шетелге шығатын өнімдерге қойылатын, сондықтан Месекең қуанышқа жиналған сый-сияпат пен сол сыйды алушы өзінің арасында аналогия жасап өзінің соған лайық екенін еш күмән келтірмейді. Ал тырнақшадағы мәңгі тозбайтын» эпитетінің мысқылдау мәнімен қосылып, бұл қолданыс оқырманға ерекше әсер етеді. Бұл күлкі тудырады, себебі шындық пен ой арасындағы сәйкессіздік, кереғарлық айқын. Ал тырнақшадағы «мәңгі тозбайтын» эпитетінің мысқылдау мәнімен қосылып, бұл қолданыс аса әсерлі көрінеді.
Әңгімеде той иесі Месекең болғанмен, ең негізгі фигура – асаба. Оны «той төресі» деп атаудың өзі де информативті. Той иелері мен қонақтарын, дастарханын мадақтау үшін қолданған лексика стильдік контраста алынған: эмоционалды-экспрессивті бояуы ашық жайын мен жайсаң, ығай мен сығай сөздері мен оны айқындап тұрған сүт бетіндегі қаймағы фразеологизмі, анау есімдігі мен нейтралды лексика Аудашбектің сөзіне ащы мысқыл үстейді. Бұл мысқыл асабаның кейінгі сөздерінде үдей түседі: Анау отырған Меселбай ағамыз он бес жылдан бері қайсыңның үй-ішіңді асырамады. Шаруашылықтарымыздан «Тағамторгқа» түсіп жатқан қазы-қарта, жал-жая, құйрық-бауыр, шұжық, сары май, ірімшік дегендер сіздердің ауыздарыңызға түсті. Оны жай тіспен емес, алтын тіспен шайнадыңыздар.
Баса айтайын дегенім – сіздер дүние дегенде аса талғампаз жансыздар. Сіздердің үйлеріңізден кітап деген ырымға табылмайды. Өйткені оны дүние емес дейсіздер. Сондай ағамыздың бірі - «Алтын-күмісторгтың» бастығы Есейновке сөз беремін.
Қалада ет комбинаты мен «быткомбинаттың» бар екенін білесіздер, - деді той төресі сөзін жалғап. – Бірақ, бір шала сауатты олардың маңдайшасына «ит комбинаты», «бит комбинаты» деп жазып қойыпты. Сондай комбинаттың бастығы, түйені түгімен, биені бүгімен, торайды тобығымен жұтатын ағаларыңыз… .
Бұрын ел аузында «Есебін тапқан екі асайды» деген мақал болған екен. Қазір «Жүйесін тапқан жеті асар» деген сөз шығыпты. Бұл кімнің қолынан келеді?! Анау-мынау ынжық, момынның емес, айлакерлігі асқан жандардың ғана қолынан келеді. Олар, міне, осы отырған сіздер. Олай дейтінім, біріңіз – тағамның, біріңіз – алтын-күмістің, біріңіз – еттің, біріңіз – майдың-шайдың иесісіздер. Сіздер өзгелерге емес, тек өздеріңізге ғана қызмет істейтін жансыздар. Сол пиғылыңыз бастарыңыздан кетпесін, отау болғалы тұрған мына балаларыңызға, олардың қатар-құрбыларының басына жетпесін!
Аудашбектің осы репликасының соңы бата ретінде келтірілген, сондықтан да оның әсер-қуаты айрықша сезіледі. Бұл мысалдардағы сөз мағынасын кеңейту (қайсыңызды асырамады, аса талғампаз) сөз мағынасын ойнату (жай тіспен емес алтын тіспен шайнадыңыздар), сөзді, фразеологиялық тіркесті кері мағынада (ырымға табылмайды), дыбыстық каламбур (быткомбинат – иткомбинат, биткомбинат), окказионалды сөзқолданыстар (түйені түгімен, биені бүгімен, торайды тобығымен), лексикалық, контекстік антонимдер (кітап – дүние, жай тіс, алтын тіс, ынжық, момын жан – айлакерлігі асқан адам, өзгелер өздері) ащы мысқылды көрсетеді.
Меселбай мен қонақтарының дәреже-деңгейі, дүниетанымы, өмірге көзқарасы, өздерін-өздері бағалауы бірдей деуге болады және бұндай характерологиялық детальдар олардың сөздерінен-ақ байқалады:
Мұнда келіп отырғандар оу баста әр әке, әр шешеден тарағанмен, бертін келе араласып-құраласып, ымдасып-жымдасып кеткен жандар.
«Ит комбинатың» не, «бит комбинатың» не?! Түйе мен биең жөн, қайдағы торайды айтып тұрсың?! Ех, өзің бір үйректей су жұқпас қу боларсың!
Еһ, бүйтіп мақтағаның құрсын! Әй, Меселбай, сен бізді әшкерелейтін қырсықты қайдан тапқансың?!
Елпекбай баяндаушы ретінде көрінетін тағы бір әңгіме «Перзентханада» деп аталады. Әңгіменің жазылғанына 20 жылдай уақыт болса да, онда баяндалатын жайт қазіргі кезде де өзектілігін жойған жоқ: түрлі деңгейдегі кез келген мекемеде кездесетін тамыр-таныстық күлкіге айналдырылады.
Елпекбайдың баяндауында комизм тек ситуативті-контекстік сөзқолданыс арқылы байқалады.
Елпекбай іс-әрекетін юмормен суреттеуі сәтті шыққан:
«Уһ» деп маңдай терімді сыпырып: «Әйелімнен ащы толғақты аулақ ете гөр!» деп Бибі-Бәтимадан тіледім де, сырт киімдерін қоңыр чемоданға ұмар-жұмар салып, көшеге шықтым. Шүкір, перзентханаға өткізгесін, көңілімде қорқыныштан гөрі қуаныш басымдау. Өйткені аяғы ауырлаған айдан бастап, «толғағың жеңіл болады» деп күндіз-түні дамылсыз жұмыс істеткенмін. «Е, ренжіме, мамасы, әлі маған рахмет айтасың» деп, аңқау жұбайымды алдарқатып та қоятынмын.
Келтірілген үзіндіде автор лексикалық антонимдер, фразеологизм мен жеке сөздің қайшылығы арқылы оқырманға езу тартқызып отырады.
Ситуацияның көңілге қонбайтын күлкілі екенін Ерекең мен бас дәрігердің диалогі де айқындай түседі, өзі оң көзбен қарауды тапсырып отырған келінінің аты-жөнін білмеу мысқыл тудырады:

  • Ризагүл-жан, тыңдап тұрсың ба, Нүсіпбекова Алмагүл. Иә, иә. Сол келініме оң көзбен қарарсыңдар, жарай ма?… Сізде келін көп-ау дейсің бе? Ха-ха-ха! Әрине, көп. Жасы кіші інілерімнің бәрінің де әйелі келінім емес пе. Неткен бақыттысыз дейсің бе? Әрине. Көп жұрт сондай бақытқа жете алмай жүрген жоқ па. Жарайсың, Ризагүлжан.

Елпекбайдың әйелінің әңгімесі контрасқа құрылған, яғни оның перзентханаға алғаш келген сәті мен Ерекеңнің қоңырауынан кейінгі жағдай толық қайшылықта. Алғашқы медсестраның бейжайлығы оның іс-әрекетін ешқандай сипаттамай, қысқа қайырып берген сөзден байқалса, одан кейінгі метаморфоза әр іс-әрекетті, адамды детальді, егжей-тегжейлі суреттеуден көрінеді. Кейінгі медицина қызметкерлерінің киімін, (аппақ киінген екен), «сондай бір жұмсақ дауысын», іс-әрекеттерін (ақ пейілді аққулар қоршап тұрғандай, алақанына салып көтеріп ала жөнелді де, жайлап апарып жатқыза қойды) суреттеуі оқырманның жағымсыз сезімін тудырады. Бұл сезімді босанатын әйелді алғаш орналастырған ұзыннан ұзақ ауыз бөлмедегі кереует, кейінгі жап-жарық бөлмедегі аппақ жұп-жұмсақ төсек арасындағы контраст ұлғайта түскен.
Бұл ықыластың бәрі сатулы екені көп кешікпей-ақ көрінеді, оны медсестралардың репликалары дәлелдейді.
Елпекбайдың әйелінің сөзінде осы құбылысқа таң қалу байқалса, Елпекбайдың риторикалық сұрауында ащы мысқыл жатыр, бұл мысқыл сөзді өз мағынасына кері мәнде қолдану арқылы пайда болған:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет