Зерттеудің негізгі нысаны



бет5/23
Дата27.09.2023
өлшемі352,5 Kb.
#110333
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Шона Смаханұлы және Садықбек Адамбековтің шағын прозасындағы тілдік ерекшеліктер

- А, кел, сені күтіп отыр едім, - деп судья кабинетіне кіріп кетті де, секретары сары жігіттің беліндегі кілттерге қарап:
- О, бар дүниенің кілті сенің қолыңда екен ғой, - доп таңырқады.
Автор кілт сөзінің тура және ауыспалы мағынасын қатар ойнату арқылы мысқыл жасайды.
Оқиғаның шешілу сәтіне сай тағы бір қайталанған кілт сөзі соңғы абзацта да көрінеді:
Саяхов орнынан тұра беріп, беліндегі бір топ кілті сылдыратып-сылдыратып «ризамын, риза боласың» дегендей белгі берді.
- Е, қойшы сені осы. Сот үлесіне ортақ бола кетесің-ау, - деп Саяхов оған менсінбей қарады да, Бүркітовтың кабинетіне кілтін сылдырлатын кіріп кетті.
Мұндай заңдылықты басқа да әңгімелерден байқауға болады. Бұл ерекшелік Ш.Смаханұлы әңгімелеріне де тән, И.Р.Гальпериннің мына пікірі осы бір заңдылықтың жалпылық сипатын көрсетсе керек: «Но каково бы ни было название, оно обладает способностью, более того, силой ограничить тексти наделять его завершенностью» [4].
Көркем шығармада ерекше стильдік қызмет атқаратын элементтің бірі –антропонимдер. Кез келген антропонимнің қойылу уәжділігі бар болғандықтан, көркем мәтіндегі, оның ішінде сатиралық туындыдағы кейіпкер есімдерінің экспрессивтілігі дау тудырмаса керек. Бұл орайда көркем шығармадағы әрбір сөз, сөйлемнің контексте өзіндік мән-маңызы бар десек, кейіпкерге ат қоюдың да сыры тіпті айрықша. Кейіпкеріне ат қоюдан-ақ автордың талғамы танылады деген пікір С.Адамбеков пен Ш.Смаханұлы әңгімелерінің кейіпкерлері есімдеріне де қатысты деп ойлаймыз.
С.Адамбеков кейіпкерлері есімдерінің әрқайсысы-ақ информативті: Өткелбаев, Қодаров, Жұрқабай, Қырғи, Қаршыға Бүркітов, Жұрнақбаев, Ноқаев, Жатағанов, Майлыбаев, Томарша, Шалқаров. Бұл кейіпкерлердің іс-әрекеті, арман-тілегі, ой ниетінің оларды қоршаған ортамен сәйкессіздігі, қайшылығы оқырманға түрлі ассоциация туғызуға мүмкіндік береді.
Ал Ш.Смаханұлының сықақ әңгімелеріндегі Елпекбай, Меселбай, Зузулә, Таңқай, Күдірбек, Көжеков, Жұрынбай, Бәтіш, Бөстек, Аяукүл, Жұрнақ, Судырбек, Шіңкей, Тәтей, фельетондарындағы Буханов, Көшер, Аярова, Шаған, Петухова, Далбай сияқты антропонимдер автор ойына, баяндалып отырған оқиға желісіне, кейіпкер бейнесіне сәйкес келеді, яғни қаламгер кейіпкерінің есімін оның жалпы бітім-болмысы, қасиеті, ішкі әлеміне сай таңдаған. Әсіресе Меселбай мен Зузулә есімдері арқылы пайда болатын ассоциациялар тіпті кең ауқымды, Месел-мешелді де, меселді де еске түсірсе, Зузулә- зуылдаған сөз иесін көз алдыңыз келтіреді. Келтірілген кейіпкерлер еш мағынасы жоқ, көбіне жағымсыз мәндегі, күнделікті өмірде еш құны жоқ заттардың атымен аталып (Бөстек), қоршаған ортадағы ең кішкентай мақұлықпен ассоциация тудыруы (Шіркей) субъект туралы оқырман көңіліндегі пікірді толықтыра түсері даусыз. Сондай-ақ «Сағындырғыш сабазың» фельетонының кейіпкері Шаған О.Бөкеевтің «Маңдайдан бағың шайқалса» әңгімесіндегі аттасын еске түсіретінін де айта кеткен артық емес. Ал тағдырлас екі кейіпкердің суреттелуі екі жазушыда екі түрлі - Ш.Смаханұлы сатиралық мағынада шешсе, О.Бөкеевтің Шағаны драмалық тұрғыда көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет