Зерттеуші



Pdf көрінісі
бет18/22
Дата06.03.2017
өлшемі3,02 Mb.
#7739
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Әдебиеттер 
1 Нефедова Б.Б. Методы рекреационной оценки территории / Б.Б. Нефедова // 
Вестник МГУ. – 1973. – №5. – Б. 49-55. 
2  Агроклиматический  справочник  по  Павлодарской  области  /  Управление 
гидрометеорологический институт. – М.: Гидрометеоиздат, 1958. – 130 б. 
3  Никитинский  Е.С.  Этапы  становления  и  научные  основы  развития 
туристской  индустрии  в  Республике  Казахстан:  автореферат  диссертации  /  Е.С. 
Никитинский. – Алматы, 2006. – 31 б. 
4  О  программе  комплексного  развития  туризма  и  отдыха  на  территории 
БГНПП на 2001-2005 годы: Решение Павлодарского облмаслихата 12 сессия, 2 созыв 
от 25.05.2001 // Звезда Прииртышья. – 2001. – 24 июля – Б. 5. 
5 Алиева Ж.Н. Туризмология негіздері / Ж.Н. Алиева. – Алматы, 2004. – 310 б. 
6 Волкова И. Место  встречи  – Баянаул /  И.  Волкова // Звезда  Прииртышья.  – 
2002. – 4 июля – Б. 5. 
7  Кораблев  В.А.  Новые  технологии  в  туризме  /  В.А.  Кораблев  //  Вестник 
университета «Туран». – 2004. – №№3, 4. – Б. 99-103. 
8 Бугабаев В. Горный марафон у озера Торайгыр / В. Бугабаев // Экспресс К. – 
2003. – 30 мая – Б. 4. 
9 Абуков А.Х. Туризм сегодня и завтра / А.Х. Абуков. – М.: Вильямс, 1978. – 
450 б. 
10  Бугабаев  В.  На  «Иртышском  меридиане»  /  В.  Бугабаев  //  Казахстанская 
правда. – 2003. – 3 сент. – Б. 2. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
130 
МҤТӘЛӘП Зере, 
№77 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы, 
Есіл ауданы, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ҚЫПШАҚБАЕВА Айгерім Қуанышбекқызы, 
№77 мектеп-гимназиясы «Ағылшын тілі» пәнінің мҧғалімі, 
педагогика ғылымдарының магистрі, Есіл ауданы, Астана қаласы, 
Қазақстан Республикасы 
 
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ БҤРКЕНШІК АТАУЛАРДЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ 
СИПАТЫ 
 
Тіл білімінің басқа салалары сияқты ономастика да бҥгінгі таңда терезесі тең, 
дербес  пәнге  айналып  отыр.  Жалқы  есімдердің  жинақтық  атауын  лингвистикада 
ономастика дейді де, оны зерттейтін ғылым ономасиология деп аталады. 
Ономастика  –  кез  келген  жанды  және  жансыз  заттарды  не  қҧбылыстардың 
есімін  зерттейді.  Ономастика  грек  сӛзі  «ономия»  (грек  тілінде  «оnomа»  есім,  ат), 
onomastika  –  ат  қою  ӛнері,  яғни  атауларды  зерттейтін  ғылыми  сала.  Ономастиканы 
(кісі  аттарын,  жер,  су,  ру,  тайпа  аттары  т.б.)  зерттеудің  теориялық-әдістанымдық 
негіздері мен тілмен сабақтастықта қарастырылатын ҧлттық этномәдени, әлеуметтік 
сипатын  анықтаудың  қажеттілігін  В.В.  Радлов,  В.В.  Бартольд,  Н.  Катанов,  А.Н. 
Самойлович, С.Е. Малов, Н.К. Дмитриев, А.Н. Кононов, Н.А. Баскаков, Қ. Жҧбанов, 
І.К.  Кеңесбаев,  С.  Аманжолов,  Ә.  Қайдар,  Т.  Жанҧзақов,  Ә.  Абдрахманов,  Е. 
Жанпейісов,  Қ.  Рысбергенова,  Г.  Мадиева,  А.  Жартыбаев  т.б.  ғалымдар  ӛздерінің 
еңбектерінде жан-жақты кӛрсетті. 
Ономастиканың  зерттелу  бағыты  XVIII  ғасырдың  аяғында  лингвистикалық 
қауымда  ерекше  дамыды.  Жер  жҥзінде  ономастика  бойынша  жыл  сайын  қисапсыз 
ғылыми  әдебеттер  мен  ресми  журналдар:  Поляк  Халық  Республикасының  Краков, 
Варшава  қалаларында  1950  жылдан  бері  «Onomastica»,  Верклай,  Лос  Анжелес 
қалаларында  1958  жылдан  бері  «Names»,  Хейлденберг  қаласында  1949  жылдан 
«Beitrage  zur  Namenfor  schung»,  Парижде  1949  жылдан  «Revue  international 
d’Onomastique» журналдары шыға бастады [3]. 
Ономастиканың  антропонимика  саласының  негізгі  мәселелерінің  бірі  – 
бейресми  жалқы  есімдер  (бҥркеншік  атаулар).  Бейресми  жалқы  есімдер  барлық 
халықтарда бар. Жалпы этнос ӛкілдерінде лақап ат қою адамның бет-пішініне, мінез-
қҧлқына,  істейтін  қәсібіне  немесе  бір  ерекшелігіне  байланысты  қойылады.  Кейбір 
тура тауып қойылған есімдер, сол адамға ӛмір бойы қосалқы ат болып қалады. Міне, 
осы  ретте,  ағылшын  дәстҥрінде  де  адамның  жалқы  есімнен  басқа  да  толып  жатқан 
(жанама,  бҥркеме  лақап,  балама  т.б.)  қосымша  аттардың  бар  екендігін  айтқымыз 
келеді. 
Лақап  аттардың,  есімдердің  пайда  болу  себептері  мен  мотивациясы,  лақап 
аттарды  зерттеп  жҥрген  ағылшын  ғалымдарының  қызығушылығын  арттырды. 
Мҧндай  тарихи  қатынас  қызық  болуы  мҥмкін.  Дегенмен  оның  пайда  болу 
мотивациясы тҧрақты емес, ол ӛзгеруде және анықталуда. Кейде лақап аттың пайда 
болуы  кездейсоқ  болуы  мҥмкін,  кейде  қазіргі  қолданыстағы  лақап  есімдер 
мотивацияланбағандай  кӛрінеді.  Мысалы:  екінші  дҥние  жҥзілік  соғыстың  авиация 
маршалы Артур Конингемнің  ‘Mary’ атты лақап есімі болған. Аталмыш есім Жаңа 
Зеландия  халықтарының  Маоrі  деген  сӛзінен  туындаса  керек.  Себебі  Артур  ӛз 
заманында аталмыш елде әуе қызметі бойынша ӛз борышын ӛтеген. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
131 
Американдық 
адмирал 
У. 
Холсидің 
мінезі 
жҧмсақ 
болғанымен, 
журналистердің  ол  туралы  материалда  қателік  жіберіп,  оның  Bill  есіміндегі  «i»-дің 
орнына  «u»  жазылып  кеткендіктен  «Вull»  деген  лақап  есім  берілген.  Бҧл  берілген 
мысалдарда  да  лақап  есімдер  экспрессивті  және  мотивацияланған  болғанымен, 
образдар  лақап  есімдерді  ешқандай  сипаттай  алмайды.  Лақап  есімдердің  кҥтпеген 
мотивация  арқылы  жасалып,  бірақ  тҥсіндіруге  қиын  келетін  тҧстарын  Л.  Кэролл 
ӛзінің «Alice in Wonderland» ертегісінде ҧтымды қолданған. 
«The man was an old Turtle – we used to call him Tortoise –», «Why did you call 
him Tortoise if he wasn’t one?», «Alice asked. We called him Tortoise because he taught 
us», «said the Mock Turtle angrily…» 
Бҧл  мысалда  лақап  аттың  пайда  болуы,  Л.  Кэроллдің  пікірінше,  ‘Tortoise’  – 
taught  us  қарапайым  сәйкестігі  болды.  Ертегіде  бҧл  ӛте  кҥлкілі,  бірақ  Maori  –  May 
сияқты  лақап  есімдердің  пайда  болу  тәсілі,  шынында  кездесетініне  кӛз  жеткіздік. 
Аралас  типті  бірлі-жарым  кездесетін  лақап  есімдерде  осындай  қҧрылым  болады. 
Олардың қатарына танымал, атақты адамдардың лақап есімдерін жатқызуға болады: 
Bloody  Mary  (Мария  Тюдор),  Charles  the  Wise  (француз  корольі  Карл  V),  the  Divine 
Sarah (Сара Бернар француз актері). 
Роман-герман  тілдеріндегі  лақап  атаулардың  ерекшелігін  зерттеген  Г.Д. 
Томахин, Д. Ермоловия, N. Rees,  A. Delahunty, J. Barns. Ал, қазақ тіліндегі  жанама 
есімдерді  зерттеушілер  Т.  Жанҧзақов,  Т.  Абдрахманова,  А.  Бахамова,  Г. 
Байғонысова т.б. 
Зерттеушілердің  пікірі  бойынша,  жалпы  лақап  есімдер  ӛзіндік  белгілері 
бойынша  лексика-семантикалық топтарға бӛлінеді. 
Әрбір  ҧлттың  тіліндегі  лақап  атаулардың  қолданылуында  ерекшеліктер  бар. 
Мәселен,  қазақ  халқында  ерте  кезде  лақап  тек  адамдардың  ғана  емес,  тіпті  кейбір 
рулардың  да  лақап  аттарының  болғаны  байқалады.  Бҧл  қҧбылыс  тҥркі  халықтары 
арасында  кӛбірек  кездеседі.  Мысалы:  қара  кесек,  қара  қыпшақ,  ақ  найман,  қара 
қаңлы,  сары  қаңлы,  сары  үйсін,  жанышқылы,  байұлы,  таз,  жетіру,  семіз  найман, 
жуанбұт  найман,  шымыр,  кӛкірек,  шуылдақ,  қайшылы,  алғалы,  ошақты,  ойықты, 
шимойын,  момын,  жетімомын,  қарауыл,  сасық,  құйысқансыз,  жаулы,  сарықасқа, 
тӛртқара, ақкете, т.б. 
Әлбетте,  рулық  сипаттың  тек  тҥркі  тілдес  халықтарға  ғана  тән  екендігі 
айқындай  отырып,  ағылшын  тіліндегі  лақап  атаулардың  қолданыстағы 
айырмашылықтарының  бар  екендігін  аңғаруымызға  болады.  Ағылшын  тіліндегі 
лақап  есімдердің  мотивациясы  мен  ішкі  формасы  да  болмайды,  олар  кӛбінесе 
фамилияға  қатысты  болып  келеді.  Мысалы:  Cooper        Coop,  Wilson              Willie, 
Rockefeller      Rocky. 
Мҧндай  лақап  есімдер  функциясы  адамды  сипаттау  емес,  бҧл  тек  адамды 
атаудың стандартты емес тәсілі, яғни антропонимдерді тҥрлендіру. Бҧлар тек лақап 
есімге эмоционалды-бағалаушылық реңк береді. 
Ағылшын  және  американдық  баспасӛз  беттерінде  саясат  пен  байланысты 
немесе билік басындағыларға лақап ат беру ҥрдісі кеңінен тарағандығын байқадық. 
Мәселен,  Қаржы  министрі  Дэнис  Хилли  «Dismal  Denis»  ‘қара  бұлтты  қабағы 
ашылмайтын  Денис’  деген  атқа  ие  болған.  Бҧл  лақап  атаудың  шығу  тарихы  сол 
кезеңдегі  Ҧлыбританияның  қаржылық  жағдайының  дағдарысқа  ҧшырауынан 
туындаса керек. Консервативті партияның премьер-министрі Маргарет Тэтчер «Cold 
War  Witch»  ‘соғыс  жалмауызы’  атағына  ие  болған.  Аталмыш  лақап  атау  саяси 
жағдайдың тҧрақсыздығынан туындаған. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
132 
Лақап  атаулар  әлем  халықтарына  кеңінен  тараған.  Мысалы,  Дж.  Свифтің  70-
тен, В. Скоттың 160-тан астам лақап аттары болған. 
Зерттеулер  нәтижесінде  ағылшын  тіліндегі  бҥркеншік  атаулар  лексикалық 
мағыналық сипатына қарай тӛмендегіше сипатталатынын айқындадық. 
Адамның  жалпы  кейпіне  қатысты  лақап  есімдер:  Buttercup,  Cookie,  Bunny 
(әдемі,  сұлу  қыздар  үшін);  Scarecrow,  Goofy,  Ugly,  Mug,  Fich  Face,  Monkey  Face, 
Horse Face, Toad, Owl (сҧлу емес, кӛріксіз қыздарға қатысты); Slob, Dirty Dick, Stinky, 
Fleabait (жинақы емес, қалай болса солай жҥретін қыздар ҥшін). 
Адамның бойына, дене бітіміне қатысты айтылатын лақап есімдер: Lanky, 
Lanky Liz, Lanky Panky, Bony Morony Bony Melony, LSD (Long Skinny Davy), Skinny Liz, 
Skinny  Minnie,  Spindle  Dick,  Thinima  (арықтар  үшін);  Long,  Longshanks,  Longfellow, 
Long  John  Silver,  Tall  Paul,  Spike,  Skylon,  Gulliver,  Goliath,  Tower  of  London,  Everest, 
Wagstaffe,  Stretch  (бойшаңдар  үшін);  Fatty,  Fatso,  Fatima,  Buster,  Billy  Bunter,  Bessy 
Bunter, Billy Harbottle / Arbuckle / Arbicle, Tubby (семіз адамдарға қатысты); Shorty, 
Tiny, Tiny Tim, Tom Thumb, Titch, Midge (бойы қысқа, қортықтар үшін); 
Сыртқы келбет пен дененің жеке мҥшелеріне қатысты лақап атаулар: Big 
Head,  Buffhead,  Melon  Head  (басы  үлкендер  үшін,  қазанбас),  Big  mouth  (ауыздары 
үлкен,  кӛп  сӛйлейтін  мылжыңдар  үшін),  Bow  Legs  (қисық  аяқтар  үшін),  Freckles, 
Spotty Dick (секпіл бет), Red, Rusty, Ginger (Tom), Blue, Bluey, Carrot Top, Gingernut, 
Boodnut (қызыл шаштыларға арналған); Baldy, Skinhead (шашы жоқ таз адамдарға 
қатысты);  Goldilocks,  Goldy  (ашық  түсті  шаштары  бар  адамдарға  қатысты); 
Fuzzy  (бұйра  шаштыларға  арналған);  Peggy  Parrot  (үлкен  мұрындылар  үшін); 
Wingnut (қалқан құлақтыларға); Specky, Four-eyes (кӛзілдірік киюшілерге қатысты); 
Адамның  мінез  ерекшелігі  мен  әдетіне  қатысты  лақап  есімдер:  Slow  Joe 
(жалқау),  Speedy  (пысық,  жылдам),  Limpy  (ақсақ);  Lefty  (солақай);  Gabby 
(мылжың);  Merry  Andrew  (күлдіргі);  Flash  Harry  (тек  мақтаныш  үшін  жұмыс 
істейтін  адамдар  үшін);  Marred  Lip,  Moan-a-Lot,  Waterworks  Willie,  Tearful  Tilly, 
Mona  Lisa,  Crybaby  Joe,  Whiner  (жылауық);  Tom  O’Dream  (ұмытшақ  адам);  Lost 
Lawrence (кешігіп жүретін адамдар), Gobble Girty, Hungry Horace (сараң адам); 
Этникалық немесе нәсіліне шығу тегіне байланысты лақап есімдерMick, 
Paddy (ирландиялық); Jock, Mack, Sandy (шотландық); Taffy (Уэльстік); Frog, Froggy 
(француз); Moses, Ikey (еврей); Yank(ee), (Brother) Jonathan (американдық); Bluenose 
(канадалық);  Jap  (жапондық);  Chink  (қытайлық);  Aussie  (австралиялық);  Limey, 
Limejuicer (ағылшын); Fritz, Heinie, Kraut, Boche, Jerry (неміс); Jim Crow, Uncle Tom 
(негр); Charlie (негрлер тілінде-ақ американдықтар); 
Кәсіп,  мамандық,  лауазымға  қатысты  лақап  есімдер:  the  Boss,  the  Gaffer, 
the  Guv’nor  (бастық,  директор);  Chips  (ағаш  ұстасы);  Spuds  (бақ  күтуші);  Mrs 
Mopp  (еден  жуушы);  Billy  (полиция  қызметкері);  Holy  Joe  (дін  немесе  шіркеу 
қызметкері); 
Жалпы мінезді субьективті бағалауға қатысты лақап есімдер: Buddy, Bub, 
Pops, Precious, Peanuts, Goo Goo, Creep, Boo; 
Ақыл-ой  қабілеттілігін  бақылауға  қатысты  лақап  есімдер:  Clever  Dick, 
Smart  Alec,  Tricky  Dickie,  Fox  (ақылды  қу);  Birdbrain,  Saphead,  Jughead,  Thickhead, 
Dumb  Dora,  Numb  Scull,  Silly  Billy,  Thick  Mick,  Nutcase  (ақымақ  ойсыз);  Tom 
O’Bedlam, Tom Fool (есі дұрыс емес, нақұрыс жынды). 
Ағылшын  тілінде  лақап  есімдер  сын  есім,  жалқы  зат  есім  немесе  етістікпен 
тіркес  негізінде  жасалып,  оларға  титульдік  қосымша  кӛздер  қосылатын  моделі 
ӛнімді тәсіл болып саналады. Мҧндай лақап есімдер әдетте белгілі бір нақты себеп 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
133 
бойынша, бір ситуация ішінде бір рет немесе бірнеше рет қолданылады, бірақ олар 
ӛте тҧрақты емес. 
Бҥркеншік  атауларды  лексика-семантикалық  тҧрғыдан  зерттеудің  мәні  де 
айтарлықтай.  Лақап  есімдердің  тҥрлері,  әрбір  адамның  мінез-қҧлқы,  жҥріс-тҧрысы, 
адамдардың  ӛзара  қатынасына  т.б.  байланысына  тағылған  аталмыш  атаулар 
ағылшын  тілінде  аз  емес.  Осы  тҧрғыдан  қарағанда,  олар  кӛбіне  ӛзгергіш, 
экспрессивтік мәнге ие, бірақ этномәдени сипатқа негізделген. 
 
Әдебиеттер 
1 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 1971. 
2  Delahunty  A.  Oxford  Dictionary  of  Nicknames.  –  Oxford:  Oxford  University 
Press, 2003. – 229 p. 
3 Мадиева Г.Б. Теория и практика ономастики. – Алматы: Қазақ университеті, 
2003. – 28-29 с. 
4  Nickname  Stories.  URL:  http://nicknamestories.com/images/stories_to_date.pdf  
20.06.2009. 
5 Morgan J., O‟Neill Ch., Harre R. Nicknames. Their Origins and Social. 
6 Consequences. – London, Boston, and Henley: Routledge and Kegan Paul, 1979. – 
153 б.  
 
Резюме 
В  статье  дана  лексико-семантическая  характеристика  псевдонимов  на 
английском языке. 
 
Summary 
This article considers the lexico-semantical meaning of English nicknames and their 
developments. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
134 
СӘБИТОВ Мирас Мҧқанҧлы, 
Сәкен Сейфуллин атындағы №20 мектеп-гимназиясының 
10 «Ә» сынып оқушысы, Ақсукент ауылы, Сайрам ауданы
Оңтҥстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: СРАЙЛОВА Гҥлнар Айтмҧратқызы, 
Сәкен Сейфуллин атындағы №20 мектеп-гимназиясы 
«Тарих» пәнінің мҧғалімі, Ақсукент ауылы, Сайрам ауданы, 
Оңтҥстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
АҚШ БҤКІЛ ДҤНИЕЖҤЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫСТАН КЕЙІН 
 
Кіріспе.  Тақырыптың  ӛзектілігі.  XX  ғасырдың  30-жылдарының  соңында 
АҚШ-та  ӛндіріс  пен  капитал  миллион  доллардан  астам  ӛнім  шығаратын  ірі 
кәсіпорындарында  шоғырланды.  Ол  американ  кәсіпорынының  жалпы  кӛлемінің 
5,2%-ын  қҧрады.  Онда  кәсіпорындарда  жҧмыс  істейтін  жҧмысшылардың  55%-ы 
жинақталған. Ол ӛнеркәсіп ӛнімінің 67,5%-ын ӛндіреді. 
Американ  корпорациясының  жалпы  санының  1000-нан  астамын  қҧрайтын 
алып  концерндер  барлық  активтердің  жартысын  иемденді.  ХХ  ғасырдың  30-
жылдарының  соңында  жекеменшік  иелерінің  1%-ы  елдегі  ҧлттық  байлықтың  59%-
ына ие болды. Елдің басым кӛпшілігі ҧлттық байлықтың 8%-ына ие. 
Негізгі  бӛлім.  Франклин  Рузвельт  ҥкіметінің  сыртқы  саясаты  алдыңғы 
кезеңдегі  ҥкіметтің  саясатынан  гӛрі  бҧрмалаңқы  саясат  болды.  Америка  ҥкіметі 
Латын Америкасы елдерімен «Тату кӛршілік» саясат ҧстанды.  
ХХ  ғасырдың  30-жылдарының  басында  АҚШ  дҥниежҥзілік  нарықта  ҥлкен 
бәсекелестікке  тҥсті.  Оның  бәсекелестері  Германия,  Жапония,  Италия  болды.  Осы 
бәсекелестік олардың арасында қайшылықтардың шиеленісуіне әкеп соқты. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
135 
1929-1933 жылдары ӛндірілген тауарларды сату мен ӛткізу саласында дағдарыс 
туды.  Ол  дағдарыс  Американың  Нью-Йорк  биржасында  басталып,  Еуропаның 
барлық капиталистік мемлекеттерін қамтыды. 
 
 
 
Франклин  Делано  Рузвельт.  АҚШ  тарихындағы  ең  атақты  президент  және 
осы  лауазымға  қатарынан  тӛрт  рет  сайланған  кӛрнекті  мемлекет  қайраткері 
Франклин  Делано  Рузвельт  1882  жылы  30  қаңтарда  АҚШ-тың  Нью-Йорк 
штатындағы Гудзон ӛзенінің жағасындағы Хайд-Паркте дҥниеге келді. 
Балалық  кезінде  Франклиннің  достары  болмады,  оның  орнын  Рузвельттер 
әулетінің  кӛптеген  тҧқымдары  толтырды.  Бірақ  олармен  достар  ретінде  тіл  табысу 
қиынға соқты. 
Франклиннің  жеке  кҥтушісі  және  ҥйде  оқытатын  мҧғалімдері  болды.  Әке-
шешесі  де  оған  жақсы  білім  мен  тәрбие  берді.  Франклинге  Еуропада  кең  тараған 
неміс  және  француз  тілдерін  ҥйретті.  Рузвельттер  отбасындағы  бай  кітапхана  да 
Франклиннің  жас  кезінен  бастап-ақ  кітап  оқуға  қҧмарлығын  оятты.  Марк  Твен, 
Редьерд  Киплингтердің  шығармаларымен  қатар  жас  Франклин  Альфред  Тайер 
Мэхеннің де кітаптарын қызыға оқыды. 
1896  жылы  Франклин  Гротондағы  жергілікті  элитаның  балалары  оқитын 
Эндикотта  Пибоди  мектебіне  барады.  Одан  кейін  атақты  Гарвард  университетіне 
оқуға  тҥседі.  Бҧл  жерде  ол  кӛптеген  достар  табады,  әртҥрлі  студенттік  клубтарға 
мҥше болады, университет газетімен де байланыс жасайды. 
1904  жылы  Колумбия  университетінің  заң  факультетінде  оқуын  одан  әрі 
жалғастырады.  Бірақ  АҚШ-тың  болашақ  президенті  бірнеше  емтиханды  тапсыра 
алмай,  бакалавр  дәрежесіне  ие  бола  алмайды.  Дегенмен  де  Франклин  1907  жылы 
адвокаттар  коллегиясына  қабылданып,  Нью-Йорктегі  сол  кездегі  атағы  шығып 
тҧрған  «Картер,  Ледиярд  энд  Милберн»  фирмасына  жҧмысқа  орналасады. 
Таусылмайтын машақаты бар адвокаттық қызмет Франклинді қызықтыра қоймайды, 
ол ҥлкен саясатқа араласудың жолдарын іздейді. 
Франклин  Рузвельт  1905  жылы  Элеонора  Рузвельтке  ҥйленеді.  Элеонора 
Франклинге  бесінші  атадан  қосылатын  туысы  және  1901  жылы  АҚШ-тың  жиырма 
алтыншы  президенті  болып  сайланған  Теодор  Рузвельттің  жақын  қарындасы 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
136 
болатын.  Элеонораның  бай  жасауы  мен  сол  кездегі  ел  президентіне  кҥйеу  бала 
болуы да оның қызметтік ӛрлеуіне септігін тигізеді. 
Бірақ  ол  биік  мансапқа  туыстық  жолмен  емес,  ӛзінің  еңбексҥйгіштегімен, 
батыл  ерік-жігерімен,  алдына  қойған  мақсатына  ҧмтылумен  және  табандылығымен 
жетуді алдыңғы орынға қойды. 1921 жылы тамыз айында Франклиннің одан кейінгі 
тағдырына  ықпал  еткен  трагедиялық  оқиға  орын  алады.  Суық  суға  қҧлаған 
Франклинге  полиомелит  ауруы  жабысады,  екі  аяғы  сал  болып  қалады.  Тағдырдың 
бҧл жазғанына ҥлкен жігерлікпен кҥрескен Франклин 1922 жылдың кӛктеміне қарай, 
орнынан тҧрып, аз-аздап балдақпен жҥруді ҥйренеді, 1928 жылы мҥгедек арбасымен 
жҥруді  меңгереді  және  ӛзіне  қандай  да  бір  аяушылық  білдіруге  тиым  салады. 
Аталған  трагедия  Франклинді  одан  әрі  жігерлендіре  тҥседі  және  ӛзінің  алдына 
қойған мақсатына жетудегі кҥш-жігерін жинақтайды. 
1928  жылы  демократтар  партиясы  атынан  дауысқа  тҥскен  Ф.  Рузвельт  Нью-
Йорк штатының губернаторы болып сайланады. Бҧл жеңіс оған оңайлықпен келген 
жоқ  еді.  Ол  сайлау  алдындағы  ҥш  аптада  мҥгедектік  арбасымен  екі  мың 
шақырымдай  жол  жҥре  отырып  сайлаушылар  алдында  елуден  астам  рет  сӛз 
сӛйлейді.  Аз  ғана  басымдықпен  келген  жеңіс  Франклиннің  кҥш-қуаты  мен 
белсенділігін және халық алдындағы беделін одан әрі нығайтады. Рузвельт бай саяси 
тәжірибе ғана жинақтап қоймады, әртҥрлі этникалық, әлеуметтік, діни және қаржы-
шаруашылық топтарының ӛкілдерімен ортақ тіл табысуды да ҥйренеді. 
Ф.  Рузвельттің  штат  губернаторы  болып  сайлануы  АҚШ-тың  экономикалық 
ӛрлеуінің  ең  биік  шыңына  жетуімен  тҧспа-тҧс  келеді.  Бірінші  дҥниежҥзілік 
соғыстың  қорытындысы  АҚШ  экономикасының  дамуына  қолайлы  мҥмкіндік 
туғызды.  Еуропаның  дамыған  елдерімен  салыстырғанда  екінші  дҥниежҥзілік  соғыс 
барысында  АҚШ-та  ешқандай  қирап-бҥліну  болған  жоқ.  АҚШ-тағы  1861-1865 
жылдардағы азамат соғысынан кейін бҧл елде соғыс әрекеттері жҥрген жоқ еді. 
Бірінші дҥниежҥзілік соғыс жылдарында және одан кейін Еуропаның ірі елдері 
АҚШ-тан  қарыз  алды.  Бҧл  жылдары  АҚШ  экономикасының  дамуындағы  сапалы 
ӛзгеріс  – ӛндіріс пен капиталдың шоғырлануының кҥшеюі болды. Ел  ӛнеркәсібінің 
ҥштен екісі ірі монополиялық одақтарға бірікті. 1922-1929 жылдар аралығында ғана 
ӛнеркәсіп ӛнімінің кӛлемі 78 пайызға ӛсті. 
1922-1929 жылдар АҚШ экономикасының «гҥлдену жылдары» деп аталды. Ф. 
Рузвельттің  Нью-Йорк  штатының  губернаторы  болып  сайлануынан  кейін  6  ай 
ӛткенде  1929  жылы  29  қазанда  бҥкіл  әлемді  тітіреткен  «ҧлы  қҧлдырау»  басталды. 
Сейсенбі  кҥнгі  Нью-Йорк  биржаларындағы  қаржылық  қҧлдыраудан  бҥкіл  әлемдік 
экономикалық дағдарыстың уақыты басталды. 
1932  жылғы  президенттік  сайлауға  дейінгі  саяси  қызметінде  Ф.  Рузвельт 
әлеуметтік  әділдік  және  қоғамды  ізгілендіру  мәселелерінде  мықты  болғанымен 
экономикалық  проблемаларды  шешуде  тым  білікті  еместін.  Американдықтардың 
басым  кӛпшілігі  сияқты  Рузвельт  те  экономиканың  кенеттен  қҧлдырауының  болу 
мҥмкіндігін алдын-ала кӛре алмады. 
Губернаторлық  лауазымының  алғашқы  кҥндерінде-ақ  Рузвельт  штаттағы 
шаруашылық  дамуы  тҧрақты,  алаңдайтын  ешқандай  негіз  жоқ  деп  мәлімдеген  еді. 
1929  жылдың  кҥзінен  басталған  әлемдік  экономикалық  дағдарыстың  зардаптары 
бірінші  дҥниежҥзілік  соғыстың  шығынынан  да  асып  тҥсті.  Дҥниежҥзілік 
экономикалық  даму  XX  ғасыр  басындағы  деңгейіне  дейін  тӛмендеді.  Бҧл  дағдарыс 
АҚШ экономикасын ерекше қатты кҥйзелтті. 
Экономикалық  дамудың  жоғары  шыңында  тҧрған  ел  бір  сәтте-ақ  ҥлкен 
қҧлдырауды бастан кешті. 1929 жылдан 1932 жылға дейін Доу Джонс индексі 381,17 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
137 
сатыдан 41,22 сатыға дейін тӛмендеді. Осы жылдары АҚШ-тың ӛнеркәсіп ӛндірісі 46 
пайызға  қысқарды.  Ішкі  жалпы  ӛнім  103  млрд.  доллардан  58  млрд.  долларға  дейін 
кеміді. Автомобиль ӛндірісі 80%, темір балқыту 76%, прокат 74%, кӛмір ӛндіру 42% 
қысқарды.  Жҥз  мыңнан  астам  ӛнеркәсіп  және  сауда  фирмалары,  жиырмаға  жуық 
темір  жол  компаниялары  кҥйреді.  Мыңдаған  банктер  мен  фермерлік 
шаруашылықтар кҥйзеліске ҧшырады. 
Ҧлы  қҧлдырау  басталғаннан  кейін  Ф.  Рузвельт  республикалық  партиядан 
сайланған  АҚШ  президенті  Герберт  Гуверді  және  оның  әкімшілігін  батыл  сынға 
алды  және  мемлекет  пен  халық  арасында  жаңа  «қоғамдық  келісім»  жасауға 
шақырды.  Ф.  Рузвельт  аз  қамтылғандарға  кӛмек  қолын  созатын  әлеуметтік 
мемлекетті жақтады. 
1930  жылы  Рузвельт  Нью-Йорк  штатына  екінші  мерзімге  губернатор  болып 
сайланады.  1928  жылғы  сайлауда  ол  бар  болғаны  25  дауыс  артықшылығымен 
жеңіске  жетсе,  бҧл  жолы  700  мыңнан  астам  артық  дауыс  жинайды.  Гувердің  елді 
экономикалық  дағдарыстан  алып  шығу  әрекетінен  ешнәрсе  шықпайды.  Сондықтан 
да  Рузвельттің  маңайындағылар  одан  президенттік  сайлауға  ӛз  кандидатурасын 
ҧсынуды талап етеді. 
Рузвельт  те  елдегі  саяси  ахуалдың  тамырын  басып  кӛріп,  1932  жылғы 
президент сайлауына тҥсуге бел байлайды және ӛзінің интелектуалды командасын – 
«ақыл-ой  тресін»  қҧрады.  Олардың  арасындағы  ең  атақтылары  және  Франклинге 
жақын  болғандары  профессор  Раймонд  Моли  мен  Сэм  Розенман  болады.  Олар 
партияның сайлау алдындағы жалпыҧлттық бағдарламасын жасайды. 
Республикалық  партиядан  елдің  сол  кездегі  президенті  Г.  Гувердің 
кандидатурасы  ҧсынылады.  1932  жылы  30  маусымда  Чикагода  демократтар 
партиясының  съезі  басталады.  Кҥн  тәртібіне  партия  атынан  ел  президенттігіне 
ҥміткер  ҧсыну  қойылады.  Бірінші  турда  Рузвельт  қажетті  дауыс  жинай  алмайды. 
Екінші және ҥшінші турлар да кҥткендегідей нәтиже бермейді. 
Сол  кезде  Рузвельттің  сенімді  ӛкілдері  Техас  штатының  делегациясын  бастап 
келген  сенатор  Гарнерге  екі  жаққа  да  тиімді  мәміле  ҧсынады.  Аталған  мәміле 
бойынша Гарнер Рузвельтті қолдайтын болса, оны вице-президенттікке алуға келісім 
беретіндігі  айтылады.  Осыдан  кейін  съезд  тӛртінші  турда  Рузвельтті  ӛздерінің 
кандидаты етіп сайлайды. 
Ф.  Рузвельт  сайлаушыларды  «Америкаға  сенуге,  біздің  жеке  жауапкершілік 
дәстҥрлерімізге  сенуге,  біздің  мекемелерімізге  сенуге  және  әркімнің  ӛз-ӛздеріне 
сенуіне» шақырды. Американдықтар ҧлы қҧлдыраудан Рузвельттің ғана алып шыға 
алатынына  сенді.  Демократтар  президенттік  сайлауда  ғана  емес,  екі  палата 
сайлауында да жеңіске жетті. 
Жеңіске жеткізген сайлаудан кейін Рузвельт ӛз ҥкіметін қҧрады. Корделл Хэл 
мемлекеттік  хатшылыққа  тағайындалса,  Луис  Хоув  Рузвельттің  «жеке  штабын» 
басқарады. 1933 жылы 4 наурызда президенттік лауазымға кірісу рәсіміне арналған 
инаугурацияда  елдің  32-ші  президенті  Франклин  Делано  Рузвельт  баласының 
иығына  сҥйеніп  тҧрып,  АҚШ  халқының  атынан  салтанатты  сӛз  сӛйлейді  (оған 
дейінгі президенттер ӛз партиясының атынан сӛйлейтін) және бҥкіл халық алдында 
Американы қҧтқаруға уәде береді және ӛз уәдесін орындауға батыл тҥрде кіріседі. 
Елдің қаржы, ӛнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы мәселелерді 
шешу ҥшін шҧғыл шаралар қабылданады. Бҧл шаралар Рузвельттің «жаңа бағыты» 
деген  атауға  ие  болады.  9  наурызда  Рузвельт  Конгресті  шақырып,  ӛзіне  тӛтенше 
ӛкілеттікттер беруін талап етеді. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
138 
Президенттік қызметінің алғашқы он бір кҥнінде Рузвельт Конгрестен оның 70 
жылда  ӛткізген  заңынан  да  кӛп  заңды  ӛткізе  алады.  «Тӛтенше  жағдайдағы  банк 
қызметі  туралы»  шҧғыл  заңын  алғашқы  отырыста-ақ  қабылдатады.  Барлық 
банктердің  ақша  операцияларына  тӛрт  кҥндік  каникул  жарияланып,  елдегі  барлық 
банкілер  жабылады.  Алтын  мен  кҥмісті  сыртқа  шығаруға  тиым  салынады.  Бҧл 
тапсырманы  орындамағандарға  ҥлкен  кӛлемде  айып  салынып,  ірі  банктердің  ғана 
жҧмыс істеуіне рҧқсат етіледі. Ал екі аптадан кейін елдегі банктердің ҥштен екісі ӛз 
жҧмыстарын қайта бастайды. 
Президенттің  сол  кездегі  қызметтестерінің  бірі  айтқандай,  «капитализм  сегіз 
кҥн  ішінде  қҧтқарылады».  Ф.  Рузвельт  31  наурыз  кҥні  Конгреске  Азаматтық 
консервация корпусын қҧру туралы заң жобасын ӛткізеді. Бҧл шараның қабылдануы 
250  мың  жҧмыссызға  жҧмыс  береді.  Мыңдаған  адамдар  ҧлттық  парктер  мен 
ормандарда  жҧмыс  істеді.  Бҧл  корпус  арқылы  2  миллионнан  астам  жастар  жҧмыс 
тапты. 1934 жылы қаңтарда қоғамдық жҧмысқа тартылғандардың саны 5 миллионға 
жетті,  20  миллион  адам  жәрдемақы  алды.  Сәуір  айында  «ҥй  қожайындарына  несие 
беру туралы» Актіге қол қойылды. Бҧл акты арқылы кҥйзеліске ҧшыраған мыңдаған 
ҥй  қожайындары  қҧтқарылды.  Оларға  тӛмен  пайызбен  2  миллиард  доллар  кӛмек 
кӛрсетілді. 
1933  жылы  19  сәуірде  долларға  девальвация  жҥргізіліп,  инфляция  бақылауға 
алынды. Мамыр айында ашыққандар мен жҧмыссыздарға кӛмек беретін Федералдық 
тӛтенше әкімшілік қҧру туралы Заңға қол қойылды. 
Сонымен  бірге  «Банктер  қызметі  туралы»,  «Экономика  туралы»,  «Фермерлік 
борышкерлерді  қайта  қаржыландыру  туралы»,  «Ауыл  шаруашылығын  қалпына 
келтіру  туралы»,  «Ӛнеркәсіпті  қалпына  келтіру  туралы»,  «Бағалы  қағаздар  және 
биржалық  акциялармен  сауда  жасаудағы  адалдық»  туралы  заңдар  қабылданды. 
Осылайша  ауыл  шаруашылығы  мен  ӛнеркәсіптегі  ӛнім  ӛндіру  мен  оны  реттеу 
мемлекеттік бақылауға алынды. 
Банктерді  кҥйреуден  сақтайтын  және  ақшалар  мен  бағалы  қағаздармен  сауда 
жасауда  алыпсатарлықты  болдырмау  ҥшін  Федералдық  сақтандыру  компаниясы 
қҧрылды.  Рузвельттің  жарлығымен  елдің  ішкі  қажеттілігне  жарайтын  азық-тҥлік 
ӛнімдерін  сыртқа  шығаруға  тиым  салынды.  Азаматтық  жҧмыстар  әкімшілігі 
қҧрылып,  30  мыңнан  астам  жоба  іске  асырылды,  оларда  4  миллионнан  астам  адам 
жҧмыс  істеді.  Жаңа  жолдар,  кӛпірлер,  ауруханалар,  стадиондар,  әуежайлар  және 
тағы басқалардың қҧрылыстары басталды. 
Қазақстандағы  2009  жылдан  бастап  қолға  алынған  «Жол  картасы» 
бағдарламасы осы жылдардағы тәжірибеден алынған еді. Кәсіпкерлер ассоциациясы 
бҥкіл  ӛнеркәсіпті  он  жеті  топқа  бӛлді.  Әрбір  топ  «Адал  бәсеке  Кодексін»  жасады. 
Кодекс  бойынша  әрбір  кәсіпорынның  ӛндірістік  ӛнім  кӛлемі,  жалақы  кӛлемі, 
апталық жҧмыс уақытының ҧзақтығы, ӛнімді ӛткізу рыногы, бірыңғай баға саясаты 
белгіленді. 
Президент  әкімшілігі  746  Кодексті  бекітіп,  индустрия  мен  сауданың  99 
пайызын қамтыды. 1933 жылы ауыл шаруашылығын реттеу туралы заң қабылданды. 
Бҧл  заң  бойынша  ӛзінің  шығаратын  ӛнімдерін:  мақтаны,  бидайды,  жҥгеріні,  сҥтті, 
етті  ӛндіруді  азайтқан  фермерлерге  мемлекет  ӛтем  тӛлейтін  болды.  1933  жылы 
фермерлердің  келісімі  бойынша  бидай,  жҥгері,  мақта  егетін  егістік  жерлердің 
алаңдары қысқартылды. Бҧл шара қолданылғаннан кейін 5 миллион гектарлық мақта 
отырғызатын аймақ тың жерге айналды. 
Фермерлер  ӛнімінің  бір  бӛлігі  жойылғаннан  кейін  ауылшаруашылық 
ӛнімдерінің  бағасы  ӛсті.  Бҧл  ҥшін  оларға  сыйақылар  берілді.  Фермерлерге  несие 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
139 
беру  туралы  заң  қабылданып,  ол  іске  аса  бастағаннан  кейін-ақ  фермерлердің 
қарыздары азайды. Жалпы алғанда ауылшаруашылық ӛнімдерінің бағасы кӛтеріліп, 
фермерлер  қайыршыланудан  қҧтқарылды.  Ауылшаруашылық  проблемасы  осылай 
шешілді. 
1935  жыл  –  еңбек,  әлеуметтік  қорғау,  салық  және  банкілер  туралы  заңдар 
қабылданған  жыл  болды.  Бҧл  Рузвельттің  «Жаңа  бағытының»  екінші  кезеңі  еді.  36 
сағаттық  жҧмыс  аптасы  белгіленді.  Бҧл  ауқымды  шара  1  миллион  750  мың  адамға 
жҧмыс орнын тауып беруге мҥмкіндік жасады. 1935 жылы қабылданған әлеуметтік 
қорғау  туралы  федералдық  заң  бойынша  65  жасқа  толған  адамдарға  зейнетақы 
тӛленетін  болды.  Қоғамдық  жҧмыстарға  3,3  млн.  доллар  ақша  бӛлінді.  Бҧл  ол  кез 
ҥшін ӛте кӛп ақша болатын. 
1933  жылы  жҧмыссыздыққа  қарсы  шара  қолдану  ретінде  табиғатты  қорғау 
ҥшін  азаматтық  корпус  қҧрылды.  Оның  отрядтарына  18-25  жас  аралығындағы 
жҧмыссыз жастар тартылды. Олар лагерьлерде тҧрып, ежелгі спарталықтарға ҧқсас 
қауымдар  қҧрып,  кешкі  курстарда  білім  алды,  орман  ӛсіріп,  жердің  эрозиясына 
қарсы шаралар қолданды. 
30-жылдардың  ортасында  Рузвельт  ағылшынның  белгілі  экономисі  Джон 
Мейнард  Кейнсті  ӛзінің  экономика  жӛніндегі  кеңесшісі  етіп  тағайындады.  Ол 
экономикалық  теорияға,  атап  айтқанда  «Жҧмыспен  қамтудың,  пайыз  бен  ақшаның 
жалпы  теориясы»  деген  еңбегі  арқылы  экономикалық  саясатта  және  халықаралық 
экономикалық  келіссӛздерде  аса  маңызды  ҥлес  қосты.  Макроэкономиканың  негізін 
қалаған ол экономикада «тӛңкеріс» жасады. 
Батыс елдерінде бҧл кезде мемлекеттің экономикаға араласуына жол бермейтін 
либералды теория ҥстем болатын. Сондықтан да кӛптеген бизнесмендер Рузвельттің 
барлық  әрекетін  социализмге  қол  созу  деп  есептеді.  Рузвельт  жасаған  барлық 
әрекеттер Кейнс жасаған теорияда кӛрініс тапты. Рузвельт президенттігінің алғашқы 
жҥз кҥнінде «Жаңа бағыт» бағдарлмасы бойынша атқарылатын іс-шаралар негізінен 
айқындалып  болған  еді.  Аталған  жҥз  кҥн  аралығында  АҚШ-тағы  дағдарысты 
еңсеруге  және  экономиканы  сауықтыруға  бағытталған  он  бес  заң  қабылданып, 
кҥшіне енді. 
«Жаңа  бағытты»  іске  асыруға  бағытталған  заңдар  мен  іс-шаралар 
жиынтығының  айрықша  ерекшелігі  оның  қаржылық-экономикалық  саланы  ғана 
сауықтыруға  бағытталмай,  бірқатар  әлеуметтік  сипаттағы  іс-шараларды  да  қамтуы 
болатын. Кейбіреулер оны Рузвельттің «социалистік» заңдары деп те атады. 
Қалай  болғанда  да  Рузвельт  ӛзінің  «Жаңа  бағыты»  арқылы  АҚШ 
экономикасының  ҧзақ  уақытқа  арналған  тҧрақты  дамуын  да  анықтаған  еді. 
Рузвельттің  «Жаңа  бағыт»  бағдарламасы  мемлекет,  қаржы,  экономика  және 
әлеуметтік  саланы  қамтыған  жан-жақты,  терең  жҥйелі,  әбден  ойластырылған 
реформа  болды.  Рузвельт  әкімшілігінің  реформалары  әлеуметтік-экономикалық 
мәселелерді  шешуде  мемлекеттің  рӛлін  кӛтерді,  елдің  сыртқы  саясаттық 
бағдарлмасына да ӛзгерістер енгізді. 
«Жаңа бағытты» іске асыруға, жаңа заңдар қабылдауға, оны Конгрестен ӛткізу 
ҥшін  де  биліктің  басқа  тармақтарымен  айқасуға  тура  келді.  АҚШ  Конституциясы 
бойынша  атқарушы  билікті  ел  президенті  атқарады.  Заң  шығару  және  сот  билігі 
тармақтарының  да  ӛкілеттікттері  жетерлік  еді.  Сондықтан  да  Рузвельт  атқарушы 
биліктің  ӛкілеттігін  арттыруға  әрекеттенді.  Ол  Конгрестің  бірқатар  заң 
шығарушылық  қҧдіретін  тартып  алды  және  президенттің  заң  шығарушылық 
функциясын  арттырды.  Оған  қол  жеткізу  ҥшін  Рузвельт  әрқилы  әдістер  қолданды: 
беделді  депутаттар  мен  сенаторларды  ӛз  жағына  тартты,  қоғамдық  пікір  арқылы 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
140 
Конгреске  қысым  кӛрсетті,  ӛзінің  «вето  қою»  қҧқығын  пайдаланды  және  т.б.  Ол 
ӛзінің  президенттік  мерзімінде  635  рет  вето  қойып  абсолютті  рекорд  да  жасады. 
Олай  етпесе  «Жаңа  бағытты»  іске  асыруға  бағытталған  заңдардың  бір  бӛлігін 
қабылдаттыру мҥмкін болмаған да еді. 
Ең қиыны Жоғарғы Сотпен тіл табысу оңай болмады. Рузвельттің президенттік 
қызметінің алғашқы бір жылында ғана Жоғарғы Сот оның он бір заң шығарушылық 
бастамасын  конституциялық  емес  деп  тапты.  Бҧл  да  рекордтық  жағдай  болатын. 
АҚШ-тың  Рузвельтке  дейінгі  140  жылдағы  тарихында  Жоғарғы  Сот  60  заңды  ғана 
конституциялық  емес  деп  тапса,  Рузвельттің  бір  жылындағы  ғана  бҧл  жағдай  істің 
тҧйыққа тірелгенін білдірген еді. 
АҚШ  Конституциясы  бойынша  Жоғарғы  Соттың  9  мҥшесі  ӛмірбойы 
сайланатын.  Сондықтан  да  Рузвельт  Конгреске  Жоғарғы  Соттың  70  жастан  асқан 
мҥшелерін  тағайындауға  қҧқық  беруін  сҧрады.  Бҧл  кезде  Жоғарғы  Соттың  9 
мҥшесінің  алтауы  70  жастан  асқан  еді.  Рузвельтке  мҧндай  қҧқық  берілсе,  ол 
Жоғарғы  Сот  мҥшелерінің  басым  кӛпшілігін  ӛз  жағына  шығару  мҥмкіндігіне  ие 
болар еді. Бірақ Конгрестің екі палатасы да Президенттің бҧл бастамасына қарсылық 
білдірді.  Конгрес  Президентке  ондай  қҧқық  беру  билік  тармақтары  ӛкілеттігінің 
арасалмағы  бҧзылып,  атқарушы  билік  тым  кҥшейіп  кетеді,  оның  салдары  тым 
қауіпті болады деп Президентке ондай қҧқық беру бастамасын қабылдамай тастады. 
Бҧл  екі  арада  жасы  келген  Жоғарғы  Сот  судьяларының  бірі  ӛз  еркімен  қызметінен 
кетті.  Жоғарғы  Сот  та  Рузвельттің  аталған  заң  бастамасын  кҥндердің  кҥнінде 
қабылдатуы  мҥмкін  деп  Рузвельт  енгізген  заң  бастамаларына  жҧмсақтық  таныта 
бастады. 
Рузвельттің  «Жаңа бағыты» кӛп ҧзамай-ақ ӛз нәтижелерін бере бастады. 1934 
жылы  жағдай  біршама  тҥзелді.  Демократтардың  Конгрестегі  ықпалы  да  едәуір 
кҥшейді.  Сыртқы  саясатта  да  тҥбірлі  ӛзгеріс  болды.  АҚШ  ҧлы  державалардың  ең 
соңғысы болып, 1933 жылы КСРО-ны мойындады. 
Рузвельттің  бастамасы  бойынша  Кеңес  Одағымен  дипломатиялық  қатынас 
орнатылды.  1933  жылы  16  қарашада  Рузвельт  КСРО-ның  елшісі,  сыртқы  істер 
комиссары  М.  Литвиновты  жеке  қабылдап,  оған  КСРО-мен  дипломатиялық 
қатынастар  орнататынын  және  елшілер  алмасатынын,  екі  ел  арасындағы  қарым-
қатынастың одан әрі де жақсара тҥсетініне сенім білдіретінін мәлімдеді. 
1936  жылы  кезекті  президенттік  сайлау  науқаны  басталды.  Республикалық 
партия  ӛздерінің  ҥміткері  етіп  Канзас  штатының  губернаторы  Альфред  Лэндонды 
ҧсынды.  Ірі  бизнес  ӛкілдерінің  кӛп  бӛлігі  де  республикашылдарды  жақтады. 
Автомобиль  ӛндірісінің  королі  Генри  Форд  та  жиырма  жылдан  бері  дауыс  беруге 
қатыспағанын,  енді  Лэндонға  дауыс  беру  ҥшін  сайлау  учаскесіне  баратынын 
мәлімдеді.  Ірі  медиамагнат  Уильям  Херсттің  басылымдары  да  Ф.  Рузвельтті 
қаралайтын мақалалар жариялап жатты. 
Рузвельттің  маңайындағылар  сайлау  нәтижесінің  болжамына  қобалжи  да 
бастады.  Рузвельттің  ӛзі  ғана  ӛз-ӛзіне  сенімділік  танытып,  жігерлілік  пен 
байсалдылық  кӛрсетті.  Миллионерлердің  алпыс  пайызы  Ф.  Рузвельт  саясатын 
қолдамағанымен,  Американың  қарапайым  азаматтарының  басым  кӛпшілігі 
Рузвельтке қолдау білдірді. Рузвельттің радиодан сӛйлеген сӛздері «Кешкі каминнің 
жанындағы  сҧхбат»  деп  аталды.  Оның  халыққа  арнаған  сӛздері  ӛте  әсерлі  де 
жағымды  шығып  жатты.  Оның  халықпен  сҧхбаттасудағы  бҧл  ерекшелігі  оған  кӛп 
тиімділік әкелді. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
141 
Президент  халықтың  әрбір  тобына  ӛз  саясатын  қарапайым  тілмен  тҥсіндіре 
білді.  Халықтың  алдында  жауапкершілік  туралы  айту  оның  сӛз  мәнерінің  басты 
ерекшеліктерінің бірі болды. 
Рузвельт 1936 жылғы президенттік сайлау науқанындағы ӛз саясатының негізгі 
ҧранын  «Жақсылықтан  жақсылық  іздемейді»  деп  белгіледі.  Рузвельт  сайлау 
алдындағы  науқанда  27  маусым  кҥні  жҥз  мың  адам  қатысқан  стадионда  және  31 
қазан кҥні Мэдисон-Сквер-Гарденсте жалынды сӛз сӛйледі. Ол бҧл сӛздерінде ӛзіне 
ҥлкен  жауапкершілік  ала  отырып,  басталған  істі  одан  әрі  жалғастыратынын, 
халықтың  тҧрмыс  жағдайын  жақсарту  ҥшін  ауқымды  шаралар  қабылданатынын 
және кҥрестің енді ғана басталғанын жариялады. 
Дауыс  беру  кҥні  де  жетті.  Ф.  Рузвельт  оған  дейін  АҚШ-тың  саяси 
тәжірибесінде кездеспеген ҥлкен жеңіске жетті. Рузвельт ҥшін 46 миллионнан астам 
сайлаушының  27,7  миллионы  дауыс  берді.  48  штаттың  46-сы  Рузвельтті  қолдады. 
Конгрестің  екі  палатасында  да  демократтар  басым  дауысқа  ие  болды.  Ӛкілдер 
палатасындағы  435  орынның  332-сін,  Сенаттағы  100  орынның  83-ін  Рузвельттің 
партиясы иеленді. 
1939  жылдың  басында  Рузвельт  «Елдегі  жағдай  туралы»  Жолдауында 
Италияны,  Германияны  және  Жапонияны  басқыншы  мемлекеттер  деп  атады  және 
кӛптеген  мәселелерді  соғыс  кҥшімен  емес,  басқа  да  қарапайым  әдістермен  шешуге 
болатынын  атап  кӛрсетті.  Германияның  1939  жылғы  наурызда  Чехословакияны 
басып  алуын  АҚШ-тың  ҧлттық  мҥддесіне  тӛнген  қауіп  деп  бағалады.  1939  жылы 
Панамерикандық одақтың мәжілісінде сӛйлеген сӛзінде Ф. Рузвельт қазіргі заманда 
АҚШ-тың  ӛмірлік  маңызды  аймақтары  Латын  Америкасы  ғана  болып  табылмайды 
деп  мәлімдеді.  Мҧның  ӛзі  АҚШ-тың  еуропалық  және  азиялық  аймақтарға  да 
мҥдделік  танытатынын  және  бҧл  қҧрлықтардағы  оқиғаларға  бей-жай  қарай 
алмайтынын аңғартқан еді. 
1939  жылы  1  қыркҥйекте  Германия  Польшаға  шабуыл  жасап,  Франция  мен 
Англияның Польшаның мҥддесі ҥшін Германияға қарсы соғыс жариялауынан және 
екінші дҥниежҥзілік соғыстың басталуынан кейін 3 қыркҥйекте Рузвельт АҚШ-тың 
бейтараптығы туралы мәлімдеме жасады және сонымен бірге Англия мен Францияға 
қару-жарақ сатуға мҥмкіндік беретін заңды қайта қарау қажеттігін де жариялады. 
АҚШ-тың  Гитлерге  қарсы  одаққа  қатысуы  да  Рузвельт  есімімен  тығыз 
байланысты.  Рузвельттің  басшылығымен  30-жылдары  фашистік  мемлекеттердің 
басқыншылық саясат жҥргізуі және соғыс қаупінің кҥшеюіне байланысты Еуропаға 
қатысты саясатқа да ерекше назар аударылды. 
1940 жылы 10 маусымда Францияның талқандалатыны белгілі бола бастағанда 
Рузвельт  бейтараптықтан  бас  тартатын  ниетін  жасырмай,  Англияны  қолдайтынын 
мәлімдеді. Германияның Еуропадағы қауырт жеңістері АҚШ-тағы кезекті президент 
сайлауына да ықпалын тигізбей қоймады. 
АҚШ  Конституциясы  бойынша  президенттікке  сайлану  мерзімі  шектелмеген 
болатын.  Бірақ  АҚШ-тың  бірінші  президенті  Джордж  Вашингтон  президенттікке 
ҥшінші  мерзімге  сайланудан  бас  тартқан  еді.  Содан  бері  бҧл  дәстҥрді  ешкім  де 
бҧзбады.  Германияға  бҥйрегі  бҧратын  кейбір  топтардың  Рузвельттің  ҥшінші 
мерзімге  сайлануына  ашықтан-ашық  қарсылық  білдіруі  оның  ҥшінші  мерзімге 
сайлану ниетін туғызды. 
1940  жылы  15  маусымда  Демократиялық  партияның  Чикагода  ӛткен  съезінде 
Рузвельт съез делегаттарының 945 дауысына, ал демократиялық партияның басқа екі 
ҥміткері  бірігіп,  173  даусына  ие  болды.  Басым  дауысқа  ие  болған  Ф.  Рузвельтке 
қарсы республикалық партияның жетекшісі Уилки Уэнделл кҥресті. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
142 
Республикалық партия кең ауқымды сайлауалды насихатын жҥргізіп жатқанда 
Рузвельт  алдыңғы  орынға  сайлау  насихатын  емес,  ӛзінің  ел  алдындағы  қызметін 
қойды  және  ӛзінің  басты  қызметі  ел  қауіпсіздігі  мен  Еуропадағы  жағдай  екендігін 
білдірді. 
1940  жылы  5  қарашада  ӛткен  сайлауда  Ф.  Рузвельтке  27  млн.  (54,7%),  У. 
Уэнделлге  22  млн.  дауыс  (44,8%)  берілді.  Рузвельт  ҥшінші  мерзімге  АҚШ 
президенті болып сайланды. 
Президенттік сайлаудағы айқын жеңісінен кейін Ф. Рузвельт АҚШ-тың Англия 
жағында екінші дҥниежҥзілік соғысқа қатысуын тездетті. Ол әскери бюджетті едәуір 
арттырды  және  бейбіт  уақытта  жалпыға  бірдей  әскерге  шақыруды  талап  етті.  Бҧл 
шараны қолға алу ҥшін германдық лоббистердің қарсылығын еңсеруге тура келді. 
1941  жылы  жазда  Конгресс  бір  дауыс  артықшылығымен  жалпыға  бірдей 
әскерге  шақыруды  қабылдады.  1941  жылы  наурызда  Рузвельт  ленд-лиз  туралы 
заңды  қабылдатуға  қол  жеткізді.  Бҧл  заң  бойынша  президент  американдық  қаруды 
және  әскери  қару-жарақтарды  қарызға,  несиеге  беруге,  нақты  емес  ақшаға  сатуға 
қҧқық алды. 
Германия КСРО-ға шабуыл жасағаннан кейін 24 маусымда Рузвельт АҚШ-тың 
бҧл  елге  де  кӛмек  беруге  дайын  екендігін  мәлім  етті.  Осы  жылдың  тамыз  айында 
Рузвельт пен Черчилль Нью-Фаундленд маңында «Гэмпшир» крейсерінің бортында 
кездесті.  Екі  елдің  басшысы  Атлантикалық  хартияға  қол  қойды.  Бҧл  хартияда 
соғысты тҧтандырушы тирандарды жеңу ҥшін барлық кҥшті жҧмсау қажеттігі және 
оларды талқандағаннан кейінгі қарусыздандыру мәселелері қамтылды. 
1941  жылы  Жапонияның  әскери  теңіз  әуе  флоты  АҚШ-тың  Гавай 
аралдарындағы  Перл-Харбор  әскери  базасына  кҥйрете  соққы  берді.  Бҧл  әскери 
операцияны  1941  жылдың  басында  Жапонияның  кӛрнекті  әскери  қолбасшысы, 
адмирал  Ямамота  талдап  жасаған  болатын.  Бҧл  кезде  адмирал  Ямамота  ҧсынған 
стратегиялық  жоспар  бойынша  соғыс  барысын  бір  кҥннің  ішінде  Жапония 
пайдасына қарай шешетін кҥйрете соққы беру акциясы ҧсынылған еді. 
Мҧқият дайындалған бҧл операцияның нәтижесінде 1941 жылы 7 желтоқсанда 
АҚШ-тың  әскери  базасына  ауыр  соққы  берілді.  Кҥтпеген  соққыдан  АҚШ  қарулы 
кҥштері ҥлкен шығынға ҧшырады. Біржарым-екі сағатқа созылған әуе шабуылынан 
АҚШ  9  линиялық  кемесінен  6  крейсерінен,  3  эсминецтен,  3  кӛмекші  кемеден,  347 
ҧшағынан  және  3400  адамынан  айрылды.  Жапондықтар  бар  болғаны  29  ҧшағын,  5 
кіші сҥңгуір қайығын және 1 ірі сҥңгуіріп жоғалтты. 
Бҧл  кҥнді  АҚШ  президенті  Ф.  Рузвельт  американ  тарихындағы  «Масқара 
болған  кҥн»  деп  атап,  АҚШ  халқынан  ресми  кешірім  сҧрады.  8  желтоқсанда  Ф. 
Рузвельт Конгресс алдында сӛз сӛйледі. Сенат пен ӛкілдер палатасы (бір депутаттың 
қарсы  болуымен)  Жапонияға  қарсы  соғыс  жариялады.  11  желтоқсанда  Германия 
АҚШ-қа  қарсы  соғыс  жариялады.  Бҧл  мәліметті  Гитлер  радио  арқылы  тікелей 
сӛйлеген  сӛзінде  хабарлады.  Осы  кҥні  Италия  да  одақтас  державаларға  соғыс 
ашатынын жария етті. Осыдан кейін АҚШ бірыңғай соғыс лагеріне айналды. 
Рузвельттің басшылығымен АҚШ тарихындағы ең қуатты әскер қҧрылды. 1942 
жылы  6  маусымда  Тынық  мҧхиттағы  Мидуэй  аралындағы  жеңістен  кейін  Тынық 
мҧхиттағы кҥштер арасалмағы АҚШ-тың пайдасына қарай ӛзгерді. 
Екінші дҥниежҥзілік соғыстың барысына Ф. Рузвельтпен бірге И. Сталин және 
У. Черчилль орасан зор ҥлес қосты. 1943 жылы 28 қараша – 1 желтоқсан Тегеранда 
ҥш  ҧлы  держава  басшылары  –  Ф.  Рузвельт,  И.  Сталин,  У.  Черчилль  бас  қосты. 
«Ҥлкен ҥштіктің» бас қосуында Германияны талқандап, екінші майданды ашу және 
соғыстан кейінгі реттеу мәселелері талқыланды. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
143 
1944 жылдың ортасында Рузвельттің президенттікке тӛртінші мерзімге сайлану 
мәселесі қойылды. Ҥшінші мерзімге сайлану мәселесінде Рузвельт аздап қобалжыса, 
тӛртінші  мерзімге  сайлану  мәселесі  қойылғанда  батыл  әрекет  етіп,  ӛз 
кандидатурасын  ҧсынады  және  бҧл  сайлауда  «қарғыс  атқыр  Гитлерді  жеңу  және 
соғысты  аяқтау  ҥшін»  қалай  болғанда  да  жеңіске  жетуге  бар  кҥш-жігерін  салады. 
Бҧл  сайлауда  Рузвельт  «Аттарды  ӛткелде  ауыстыруға  болмайды»  деген  ҧранмен 
шығады. 7 қараша кҥні ӛткен сайлауда Рузвельт сайлаушылардын 53,5 % даусына ие 
болады.  Осылайша  Ф.  Рузвельт  тӛртінші  мерзімге  АҚШ  президенті  болып 
сайланады. 
1945 жылы ақпанда Ялтада ҥш ҧлы держава басшылары тағы да кездеседі. Ялта 
конференциясында  қаралған  ең  басты  мәселе  –  Германияның  болашағы  туралы 
шешім қабылдау болды. Конференцияда сонымен бірге азат етілген Еуропа туралы 
Деклерация қабылданды. 
Ф.  Рузвельт  Германия  мен  Жапонияның  жеңілуін  және  екінші  дҥниежҥзілік 
соғыстың  аяқталуын  кӛре  алмай  кетті.  Ол  1945  жылы  12  сәуірде  Джорджия 
штатындағы  «кіші  Ақ  ҥйде»  миына  қан  қҧйылуынан  кӛз  жҧмды.  Оның  ӛлімін  тек 
Америка  ғана  емес  Англия,  Батыс  Еуропа  елдері,  КСРО  және  тағы  басқалар  аза 
тҧтты. 
Ф. Рузвельттің саяси  беделі тек АҚШ-та ғана емес, бҥкіл әлемде оның  «Жаңа 
бағыт»  реформаларымен,  антигитлерлік  коалицияның  қалыптасуымен  және  оның 
нығаюымен,  одақтастардың  әскери  жеңістерімен,  Біріккен  Ҧлттар  Ҧйымын  қҧру 
идеясымен,  сонымен  бірге  соғыстан  кейінгі  әлемді  қайта  қҧру  туралы 
ҧсыныстарымен белгілі болды. 
Рузвельттің  есімі  АҚШ  тарихында  Американы  американдықтарға  қайта 
сыйлаған адам ретінде де аталады. Рузвельттің президенттік қызметі, АҚШ-тай алып 
мемлекетті басқаруы мемлекетті қиын дағдарыстан, қауіп-қатерден алып шығуымен, 
тӛтенше  ӛкілеттіктерімен,  әр  қилы  реформаларымен  ғана  емес,  әлемдік  қауіпсіздік 
ҥшін  кҥресімен  және  АҚШ-тың  державалығын  сақтай  отырып,  жаңа  әлемді 
қалыптастыру бастамаларымен де билік етудің тәжірибелік ҥлгісі бола алды. 
Оның  елді  экономикалық  дағдарыстан  шығару  амалдарын,  реформаларын, 
батыл  әрекеттерін,  сыртқы  саясаттағы  тиімді  нәтижелерін,  саяси  жҥйесі  басқа 
мемлекеттермен  қарым-қатынасын,  бейбітшілікті  нығайтудағы  кҥресін,  тіпті  ӛз 
мемлекеті, ӛз ҧлты және әлемдік қауіпсіздік ҥшін кҥш кӛрсету саясатын кейінгілер 
тиімді пайдаланды. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет