Ахмет – Ыбырайдың ізбасары. Ахмет Байтҧрсынов – қыры мен сыры
мейлінше кӛп адам. Ол – қоғам қайраткері, ӛз заманындағы саяси басшы, дарынды
ғалым-тҥрколог, ол – әдебиетші. Ол – Абайдың кесек тҧлғасын алғаш таныған, оның
әдеби мҧрасын алғаш жоғары бағалаған сыншы. Ол – әдіскер педагог.
Халық ағарту ісіне білек сыбанып, тікелей кіріскен, мектептер ашып, оқу
қҧралдарын жазып, ҧстаздықпен айналысқан Ы. Алтынсарин екені белгілі. Ол:
«Мектеп – қазақтарға білім берудің басты қҧралы. Біздің ҥмітіміз, қазақ халқының
келешегі осы тек мектептерде», - деп жазды.
Ҧлы ағартушы бастаған осы ойды, ҧстазлық жҧмыстарды дамыта
жалғастырушы А. Байтҧрсынҧлы болды. Ол 1905 жылы педагогикалық училищені
бітірісімен Қазақстанның әр тҥрлі облыстарынан мектептер ашып, ҧстаздықпен
айналысты.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды кӛңілге,
Ықыласпен тоқылық! - деп балаларды оқуға шақырған Ыбырайдың ізімен
Ахмет те:
Балалар, оқуға бар, жатпа қарап,
Жуынып киініңдер шапшаңырақ.
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тҧр терезеден кҥн сығалап, - деген ӛлең шумағынан балаларды мектепке,
оқуға шақырады.
Ахмет «Айқап» журналының 1912 жылғы тӛртінші санында жарияланған
мақаласында балалардың тез ӛсіп, жетілуінің бір кілті – оларды ана тілінде оқыту, ол
ҥшін ана тілінде оқу қҧралдарын жазу, оны жазу ҥшін қазіргі қолданылып жҥрген
жазуымызды (араб жазуы) ӛз тіліміздің дыбыстық жҥйесіне сәйкестендіру деп жазды
және айтқандарын бірінші болып ӛзі орындап шықты. Араб әліппесін қазақ әліппесі
етіп ӛзгертті.
Қазақ тілінің дыбыстық, грамматикалық жҥйелерін зерттеп, одан мектептерге
арнап оқу қҧралдарын жазды. Бҧл істердің қай-қайсылары болса да, ана тілімізде
жарық кӛрген тҧңғыш туындылар болатын. Ғалымның ғылыми-әдістемелік
дидактикалық кӛзқарастары «Баяншы», «Тіл – қҧрал», «Әліппе астары», «Әліпби»
сияқты оқулық, оқу-әдістемелік қҧралдарда да кең орын алған.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
______________________________________________________________
159
Ахмет 1926 жылы ӛзінің әйгілі «Әдебиет танытқыш» кітабын бастырып
шықты. Бҧл кітапты біз Аристотельдің «Поэтикасымен» қатар қойып,
салыстыруымызға болады. А. Байтҧрсыновтың осы еңбегінің ең басты бағалылығы –
әдеби терминдерді қазақша қалыптастыруы. Әдеби терминдердің басым
кӛпшілігінің аудармасын ойлап тапқанда Ахмет Байтҧрсынҧлы кӛріктеу, айшықтау,
алмастыру, тҥйіндеу, т.б. сӛздерді пайдаланған. Осылардың бәрі М. Әуезовтің «Ахаң
тҥрлеген ана тілі» дейтін еңбегінде айқын кӛрсетілген. Ахмет қазақтың тҧңғыш
«Әліппесі» мен «Ана тілі», «Әдебиет» оқулықтарының авторы екенін, қазақ тілі
грамматикасындағы сан алуан лингвистикалық терминдрдің авторы екенін
білгеніміз жӛн. Кемеңгер ғалымның оқу-әдістемелік еңбектері, мектеп жҧмысына
қосымша ой-пікірлері осы кҥні де ӛз қҧнын жоя қойған жоқ.
Ыбырай мен Ахмет – «Қараңғы қазақ кӛгіне ӛрмелеп шығып кҥн болған»
алғашқы ҧстаздар. Олардың халық ҥшін, ӛнер-білім ҥшін, тәуелсіз, мәдениетті ел ету
ҥшін кҥрескен қажырлы еңбектерін халық ешқашан ҧмытпайды.
Ахмет Байтҧрсынов – тіл білімінің атасы. Қазақтың ҧлы ғҧламасы Ахмет
Байтҧрсынҧлының халық ҥшін істеген игі істерінің ішіндегі ең шоқтығы биік
қызметінің бірі – араб жазуына ӛзгерістер енгізіп, қазақ әліпбиін қҧрастыруы. Осы
арқылы ғалым халқының тез сауаттанып, хат тануына, оқу-білімге деген
қҧштарлықтарының оянуына ерекше ықпал етті.
Ахмет Байтҧрсынҧлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910
жылдардан бастап қолға алады да, оны 1912 жылдардан бастап қолданысқа енгізеді.
Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дҥниесінде кӛп ғасырлық дәстҥрі бар,
ӛзге тҥркі халықтары да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты
бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол ҥшін қазақ
дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ
дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды-жіңішкелі ҥндестік заңына сай
жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды.
Сӛйтіп, 24 таңбадан тҧратын ӛзі «Қазақ жазуы» деп, ӛзгелер «Байтҧрсынов
жазуы» деп атаған қазақтың ҧлттық графикасын тҥзеді. Одан осы жазуды ҥйрететін
әліппе жазады. Сӛйтіп, оқу-ағарту идеясына сол кезіндегі интеллигенциясы жаппай
мойын бҧрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол
әрекетті «Әліппе» қҧралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912
жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларында жарық кӛрген
Ахмет Байтҧрсынҧлының әліппесі «Оқу қҧралы» деген атпен 1912-1925 жылдар
арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ҧзақ әрі кең пайдаланылды.
1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа тҥрін жазды. Ахмет Байтҧрсынҧлының
қазақ тілінің табиғатын, қҧрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ
тілін пән ретінде ҥйрететін оқулықтар жазумен ҧласады. Осы тҧста оның атақты
«Тіл – қҧрал» атты ҥш бӛлімнен тҧратын, ҥш шағын кітап болып жарияланған
оқулықтар жазылды. «Тіл – қҧрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін
ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы
болып қаланды.
Жалпы қазақ тілі білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда
Ахмет Байтҧрсынҧлының «Оқу қҧралы» мен «Тіл – қҧралының» орны айрықша.
Қазақ тілі білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі –
ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына
қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ҧсынды. Осы кҥні қолданылып
жҥрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, ҥстеу, шылау, бастауыш,
баяндауыш, жай сӛйлем, қҧрмалас сӛйлем, қаратпа сӛз деген сияқты сан алуан
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
______________________________________________________________
160
лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтҧрсынҧлынікі. Бҧлар не бҧрынғы
қарапайым сӛздің мағынасын жанғырту арқылы, не жаңа тҧлғадағы сӛз жасау
арқылы дҥниеге келген соны сӛздер, сәтті шыққан атаулар екенін олардың кҥні
бҥгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.
Ғалым 1926 жылы Бакуде болған тҥркітанушылардың Бҥкілодақтық 1-ші
съезіне қатысып, «Тҥркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта
баяндама жасады. А. Байтҧрсынҧлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына
кӛп кҥш жҧмсады. Осы мақсатта «Оқу қҧралы» (1912), «Тіл – қҧрал» (1914),
ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты
оқулықтар мен тың еңбектер ҧсынды. Қазақ грамматикасына қатысты
категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық
тҧлға-тәсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы мен
грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен ӛзіндік даму
барысын ескеру принципін ҧстады. А. Байтҧрсынҧлы қазақ тілі білімін ХХ ғасырдың
бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген
қазақ жазуының реформаторы болды. А. Байтҧрсыновтың ӛзі «Қазақ жазуы» деп,
кейінгі зерттеушілер «Қазақтың тҧңғыш ҧлттық жазуы» деп аталған араб таңбалы
жазуды ХХ ғасырдың алғашқы жартысынан бастап латынға ауыстыру науқаны
басталды. Бҧл қарекет, әрине, жеке-дара қазақ мәдениетінде емес, тҥріктер мен
әзірбайжандарда басталып, Ресей қол астындағы тҥркі халықтарының (қазақ, татар,
ӛзбек, қырғыз, ноғай т.т.) барлығының саяси-мәдени ӛмірінде белсенді тҥрде орын
алғаны белгілі.
Бҧл қҧбылыстың алдыңғы кезеңдердегі алфавит, соған сәйкес жазу тәртібі –
орфография мәселелерінің қойылуынан ӛзгешелігі сол – бҧл кезеңде (1924-1929
жылдар) графика мен орфография ҥлкен саяси-әлеуметтік ҥн алды. Конференция,
жиындар ӛткізілді. Бҧл проблемаларға арналған ғылыми-практикалық негіздерге
сҥйенген баяндамалар жасалып, ҥлкен пікірталастар орын алды, қазақ ағартушылары
мен ғалымдары арабшылар – латыншылар болып айқын екі жікті қҧрады. А.
Байтҧрсынов пен М. Дулатов бастаған «арабшылар» (реформаланған араб жазуын
ҧсынушылар) азшылық болды. Сол кезеңнің саясатына қарай ӛзге тҥркі халықтары
ӛкілдерінің кӛпшілігі латын жазуын жақтап, Кеңес Одағына қараған тҥркі
халықтары ҥшін латын жазуына кӛшу ҧйғарылды. Кейін 1929 жылы қазақ халқы сан
ғасыр қолданып келген араб жазуынан жаңа жазу – латынға кӛшті. Оның қолданылу
тәртібі – орфографиясы 1929 жылы жеке талқыланып (Қызылордада ӛткен
конференцияда), осы кезден бастап іс жҥзінде қолға алынды: мектептер мен баспасӛз
және баспа орындары енді латынша жазуға кӛшті.
Қазақ мәдениеті ҥлкен таластармен қабылданған латын жазуының да
«қызығын» кӛп кӛре алмады. Тағы да коммунистік империялық саясаттың
тегеурінімен латын жазуы аласталып, кириллица – «орыс жазуы» қабылданды. Бҧл
тҧстағы «орыс жазуын» қостайтын ғылыми-теориялық негіздеме әлсіз болды, араб
жазуындай (сан ғасырлық) қолданыстағы тарихи дәстҥрі болған жоқ, не қазақ тілінің
дыбыс қҧрылымына сәйкестену мҥмкіндігі де (қазақ жазбасына қажет дыбыс
әріптерінің болу-болмауы) ӛзге жазулардан (айталық, алдыңғы латын әліпбиінен)
артықшылығы кӛрінбеді, не сауатты жазуға ҧсынылатын емле ережелерінде ҥлкен
ӛзгерістер болмады. Тек орыс тілінен және орыс тілі арқылы келіп жатқан
интерсӛздер орыс тіліндегі қалпында жазылатын ереже бел алды.
Бҧл ереже тіпті шет тілдік, әсіресе қазақ тіліне «орыс тілдік» сӛздердің қалың
нӛпірін қазақ фонетикалық жҥйесіне келтірем деп қиналмай, орыс жазуына
(кириллицаға) кӛшу процесі негізінен латынға кӛшкендегідей бҥкілодақтық ҥлкен
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
______________________________________________________________
161
жиын-конференцияларсыз, ғылыми негізді пікірталастарсыз, кӛп дайындықсыз ӛтті.
КСРО-ны мекендеген тҥркі халықтарының жазуы латыннан кириллицаға кӛшсін
деген ҥкімет қаулысы алынды да, 1940 жылы кҥзде қауырт жаңа әліпбиді қолдануға
жарлық шықты.
Әрине, оған кӛшудің алдында да кейбір жиын-жиналыстар мен баспасӛзде
жаңа жазуға қатысты пікір айтылып жатты. Ол пікірлер негізінен жаңа жазудың
емлесі жайында болды. Ӛйткені графика тҥрін таңдау ғалымдар мен
ағартушылардың (тіпті халықтың) қҧзырында болмай қалды. Оны ресейлік
империялық мҥдде мен коммунистік идеология ӛкілдері ӛздері шешіп, ӛздері
қабылдатты. Он-он бес жыл бҧрынғы латынға кӛшу қарекетінен бҧл іс-әрекеттің
айырмасы – тоқпақ кҥштірек соғылды, ғылым мен ағарту мҥдделеріне жол бермеді,
оның ҥстіне ҧлттық мҥдде ҥшін жандарын сала кҥресетін, ӛздеріне замандас орыс
және ӛзге ҧлт білімпаздарымен сауатты тҥрде айтыса алатын А. Байтҧрсынов, Ә.
Бӛкейханов, М. Дулатов, Т. Шонанов, Қ. Кеменгеров, С. Омаров, Н. Тӛреқҧлов, Б.
Сҥлеев сияқты ғалымдар «халық жауы» болып атылып-айдалып кеткен-ді. Қазақ тілі
мен жазуы ҥшін кҥресетін одан кейінгі ғалымдар легі ӛсіп, жетіліп, қайтпас қайсар
рух дәрежесіне енді келе жатқан болатын.
«Орыс жазуы» мен оның емлесіне қатысты пікірлерді С. Жиенбаев, М.
Балақаев, Ш. Сарыбаев, С. Аманжолов, І. Кеңесбаев сияқты тіл мамандары айтты.
Жаңа жазудың орфографиясына қатысты шешімі қиын тҧстары баршылық болатын.
Бҧл қиын тҧстар (ережелер) тек кірме сӛздерге ғана емес, тӛл сӛздерді дҧрыс жазуға
да қатысты болды. Жаңа жазуда қолданылатын емленің қиын тҧстары жайында
кейінгі тарауларда жеке-жеке талданады. Емлені талқылауда ҥлкен пікір таласы
болмағанмен, жеке ережелеріне келгенде айтарлықтай екі-ҥш ҧдайылық (қарама-
қарсылық) сипат алған ҧсыныстар мен дәлелдеулер орын алып отырды.
Жаңа «орыс жазуы» кеңінен таралып, игеріліп ҥлгермей жатқанда, қоғам
тіршілігін кілт ӛзгерткен Ҧлы Отан соғысы басталды. Тӛрт жылға созылған соғыс
жылдарында жазу мен оның емле ережелеріне мҧқиат ҥңіліп, қырнай тҥсетін іс-
шаралар жҥргізетін мҥмкіндіктер де бірінші кезекте тҧрмады. Дегенмен 1940
жылдың соңынан басталған жаңа «орыс жазуын» қазақ мәдениеті: оқу-ағарту
саласы, мерзімді баспасӛз, баспалар ісі тегіс пайдалануға кірісті. Ал қазақ ҧлты ҧзақ
тарих кӛшінде сан алуан жазуды қолданып келгені белгілі.
Бҥгінгі таңда елімізде латын әліпбиіне кӛшу әлі де екі жақты тартыс пен талас
тудырып отырған мәселе болып табылады. Латын әліпбиіне кӛшуді жақтаушылар
бҧл мемлекеттік тілдің ӛзінің кҥшіне енуіне оң әсерін тигізеді десе, латынға
қарсылық білдірушілер халық арасында сауатсыздық бел алады деп шошуда.
Кейбіреулер Ахмет Байтҧрсынов бастаған қазақтың ардақтылары латын әліпбиіне
қарсы болған деген пікірлерін де алға тартады.
Ахмет Байтҧрсынҧлының латын жазуына қарсы шыққандығы негізгі ойлағаны
– елдің мәдениеті мен экономикалық жағдайы еді. Ахаң латынға кӛшу арқылы бҥкіл
қазақ халқы, біріншіден, рухани-мәдени дҥниесінен айырылатындығын, екіншіден,
оқулық шығару, баспа ісі, т.б. латындандыру ҥшін орасан кӛп қаржы керек
болатындығын, қатты ескертумен болған (Еңбекші қазақ. – 1926. – №282. – 19
желтоқсан).
Сол кездегі жазуға қатысты пікірталастар «Әліппе айтысы» деген атпен 1927
жылы Қызылорда қаласында кітап болып басылып шыққан. Бҧнда А.
Байтҧрсынҧлының пікірін М. Дулатҧлы, Е. Омарҧлы, А. Байтасҧлы, І. Ахметҧлы
қолдап, сӛз сӛйлейді.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
______________________________________________________________
162
Қазіргі ғалымдар пікіріне қарасақ, қазақ әліпбиін латын графикасына кӛшіру
елімізге саяси жағынан да, ғылым-білім тҧрғысынан да, заман талабына сай даму
ҥшін де ӛте маңызды. Сондай-ақ, бҧл шараның қазақ тілінің дамуына,
қолданысының кеңеюіне қосар ҥлесі де қомақты. Себебі бҥгінге дейін ӛзіміз әбден
ҥйренісіп, қолданып келе жатқан кирилл жазуы да аса жетілген, кемел емес екені
белгілі. Мҧны тҥсіндірме сӛздікпен жҧмыс істеуде, әсіресе сӛздердің орфографиясы,
орфоэпиясына келгенде анық байқадық.
Жазуымызда қазақ тілінің дыбыс жҥйесіне бағынбайтын кемістіктер, кӛпшілік
ҥйреніп кеткенімен, кірме сӛздердің орыс тіліндегі заңдылықтар бойынша сақталып
жазылуы, басы артық ь, ъ белгілері, в, ф, ц, ч, щ, ю, я әріптері, т.б. қиындықтар
кездеседі. Латынға кӛшуде ӛзге себептермен қатар, тілдік тҧрғыдан осы бір
қиындықтарды шешуге, қазақ тілінің дыбыс жҥйесін сақтайтын, табиғатына сай
жҥйелі, жетілген әліпбиді тҥзу мҥмкіндігі туып тҧр.
Кемеңгер Ахмет Байтҧрсынов «Ау, қазақ» атты арнау ӛлеңінде:
Мінеки, жиырмасыншы ғасыр болды,
Ӛнерден осы кҥні дҥние толды.
Сен қашан қатарға келіп, ел боласың,
Әлі кҥн кӛрінбейді нәрсең оңды, - деп ҧрандап келсе, ал жалындаған Міржақып
Дулатов:
Кӛзіңді аш, оян қазақ, кӛтер басты,
Ӛткізбей қараңғыда бекер жасты! – деп халқына жаңа ой мен сергек те сенімді
пікірмен жар сала келді.
ХХ ғасырдың басында қалың бҧқараға жӛн сілтеп, жол кӛрсеткен ӛлең
жалдарынан екі ақынның бойындағы ой ортақтығын, мақсат бірлігін аңғаруға
болады. Бҧл идеялық саяси бірлікті, ой мен ҥндестікті олар ӛмірлерінің ақтық
сәттеріне дейін адал әрі абыроймен атқарып кетті. Мҧны біз ардагер
арыстарымыздың қоғамдық-саяси қызметтерінен де, педагогтік-ағартушылық
жҧмыстарынан да, әдеби шығармаларынан да байқаймыз. Олар – ақын, жазушы,
журналист, ағартушы, педагог, әдебиетші, саясаткер, ғылымның әр саласында еңбек
етіп, оқулықтар жазған әдіскер-ғалым, т.б. Осылардың бәрінің басын қосып тҧрған
жақын тақырып – олардың ағартушылық қызметі.
Алдымен екеуі де ауыл молдасынан хат таниды, сосын екі сыныптық орыс-
қазақ мектебінен тәлім алады. Ҧстаздық қызмет етеді. Ағалы-інідей болып кеткен екі
арыс халық болашағы ҥшін ортақ істе ажырамастай ширығып, шынығады.
Ахмет әрқашан да ӛз ойын іске асыру ҥшін қаламдас інісін тартып отырады.
Қаз едік қатар ҧшып қаңқылдаған,
Сахара сазға қонып салқындаған.
Бір ӛртке қаудан шыққан душар болып,
Не қылды тәнімізден шарпылмаған, - деген.
М. Дулатов «Оян, қазақ» ӛлеңдер жинағындағы «Сӛз ақыры» атты қорытынды
ӛленінде:
Ақын аз Байтҧрсынов Ахметтей,
Сӛзі алтын, мағынасы меруерттей.
Оқыған ғибрат алып жас жігіттің,
Кәмілесі ӛз халқына қызмет еткей, - деп ақылшы ағаның, туған халқына
қалтықсыз қызмет еткендігі, дарынын ҥлгі етеді.
Ахмет пен Міржақынтың қоғамдық қызметінтегі қайраткерлік байланысты
«Қазақ» газетін ҧйымдастыру, халық санасын ояту, әдеби-шығармашылық
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
______________________________________________________________
163
жҧмыстағы қарым-қатынастары, ӛзара достық, бауырмалдылық ыстық-ықыласынан
аңғаруға болады.
А. Байтҧрсынов 1913 жылдың 2 ақпанында тҧнғыш рет «Қазақ» газетін ашады.
«Қазақ» газеті 1918 жылдың қазан айында жабылғанға дейін бес жыл бойы қазақ
халқына қызмет етеді. 1913 жылғы бірнеше санында Ахмет Байтҧрсыновтың
«Қазақтың бас ақыны» деген мақаласында Абайдың 1909 жылы Санкт-Петерборда
басылып шыққан тҧңғыш ӛлеңдер жинағы талданып, ақын шеберлігі терең
пайымдалады.
Сонымен қатар Ахмет Байтҧрсыновтың еңбегі мен қоғамдық қызметі Алаш
кӛсемі Әлихан Бӛкейхановпен тығыз байланыста ҧлт тағдыры ҥшін бірге кҥш-
жігерін аямай, бірлесе қызмет атқарғанын оқып-біліп, танудамыз.
1915 жылы белгілі орыс саяхатшысы, этногроф Г.Н. Потаниннің 80 жылдығы
атап ӛтіледі. Ахмет осы мерекеге сый-тарту ретінде «Ер сайын» жырының толық
нҧсқасын баспаға кітап етіп әсірлейді. Бҧл кітап 1923 жылы Мәскеудегі
«Кҥншығыс» баспасынан жарық кӛреді. Ол кезде баспаның қазақ бӛлімінің
редакторы болып қыр баласы – Әлихан Бӛкейханов қызмет ететін. Кітап Ахмет
Байтҧрсыновтың бҧрын баспа бетін кӛрмеген «Г.Н. Потанинге тарту» арнау
ӛлеңімен ашылады.
А. Байтҧрсынов баспаға әзірлеген бҧл кітаптың шығарушысы – Ә. Бӛкейханов.
Екеуі бірлесе жазған ӛмірбаяндық арнау ӛлеңнен екі арыстың ҥндестігін сезуге
болады. Ә. Бӛкейхановтың да мол еңбегінің бір саласы – «Қазақ» газетінде
жарияланған мақалалары. Газетте жазылған екі жҥзге жуық мақалалары мен
аудармалары Ахметтің ойымен ҥндес қазақ елінің ең тҥйінді мәселелеріне арналған.
Ахмет пен Әлиханды бір-бірімен ажырамастай еткен мәңгілік байланыстырған
туған халқына еліне деген ыстық сҥйіспеншілігі мен парасаты ақыл-ойы. Оларды
бҧл бірлікке біріктірген «Қазақ» газеті екендігіне дау жоқ. Ҧлттық ҧғымы басым
Ахмет пен Әлихан пікірлері бір жҥйе тауып, тҧтасып жатты.
Тҧжырымдай келгенде, бір-бірінен бӛлектеуге болмайтын, ҥнемі бір-бірін
толықтырып тҧратын, әрқайсысы дара бейнелер болса да, тамыры мен тағдыры бір
ҥш тҧлға – Ахмет, Әлихан, Міржақып ӛмірі тӛл мәдениетіміздің тӛрінде, туған
елміздің жҥрегінде мәңгі сақталады.
Қорытынды. Ахмет Байтҧрсыновтың ӛмірі мен шығармалары, саяси
ағартушылық қызметі – ҧрпақтар ҥшін қазыналы мол мҧра деуге болады. Кеңес
империясы дәуірінде Ахмет есімін атаудың ӛзі қылмыс саналса, еліміз тәуелсіздік
туын тіккеннен кейін халқымыз ӛзінің ҧлы перзентімен қайта табысып отыр.
Қорыта келгенде, қазақтың жерін ғана алып қалмай, ой-санасын да отарлауға
айналған патшалық озбырлық пен большевиктік қызыл қырғын кезеңдерде әдебиет
пен саясат майданында қажымас қайратын халқына қапысыз еңбек етіп, ҧлттық
сананы қалыптастырған Ахмет Байтҧрсыновтай ҧлы тҧлға бҧрыңғы-соңғы
тарихымызда сирек.
Баспалар ақын, ғалым, зерттеушінің кӛп шығармаларын басып шығарды.
Қазақстан ӛкіметінің арнаулы қаулысы бойынша республикамыздың әр жерлерінде
мектептерге, кӛшелерге, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Тіл білімі
институына А. Байтҧрсынҧлының есімі берілді. Сондай-ақ ақынның туған жері
Торғай ауданы, Ақкӛл ауылында 2009 жылы жаңадан мектеп салынып, оған Ахмет
есімі берілді.
Тәуелсіздік еркіндігі ҥшін жан аямай кҥрескен ҧлы азамат Ахмет есімі мәңгі
біздің жадымызда сақталады.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
______________________________________________________________
164
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
ҦЙЫМДАСТЫРҒАН «МӘҢГІЛІК ЕЛ ТАРИХЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ
ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ТҤСКЕН ЖҦМЫСТАР
ТӚРЕКЕЛДІ Гауһар Ерғалиқызы,
«Қаныш Сәтбаев атындағы №92 жалпы орта мектебі» мемлекеттік
мекемесінің 7 «А» оқушысы, «Қаратӛбе» ауылы, Ақтӛбе ауыл әкімшілігі,
Сарыағаш ауданы, Оңтҥстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: АБИЛКАСИМОВА Знура Умировна,
«Қаныш Сәтбаев атындағы №92 жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
«Тарих» пәнінің мҧғалімі, «Қаратӛбе» ауылы, Ақтӛбе ауыл әкімшілігі,
Сарыағаш ауданы, Оңтҥстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
ҦЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ҚАЛАЛАР
Бҥгінде «әлем халқына мәдениетті біз ҥйреттік, ӛркениет бізден тараған» деп
жҥрген еуропалықтардың бҧл әңгімесі қаншалықты шындыққа жанасады? Шалбар
киюді тҥркілерден ҥйренген кәрі қҧрлық халқына жалпы мәдениет қашан және
қайдан келді? Расында да ата-бабаларымыз дҧрыс жҥріп-тҧруды, әдемі киінуді,
дәмді тамақтануды осы еуропалықтардан ҥйренген бе? Әрине, жоқ. Қайта Еуропа
халқына қасық ҧстауды, ерлеріне шалбар киюді ҥйреткен біздің арғы аталарымыз
болатын. Ҧлы Жібек жолының келуімен мҧндағы мәдениет пен ӛркениет мҥлдем
ӛзгерген.
Қытайдан бастауын алған сауда жолы Орта Азия арқылы бҥкіл Еуропаға
тарағаны белгілі. Шамамен осыдан 3-4 мың жыл бҧрын Хан патшалығы кезінде
ӛркендей бастаған Ҧлы Жібек жолы алғашында Қытайдың Орта Азия халықтарымен
достық байланысты нығайту ҥшін салынған жобасы делінеді. Аты айтып тҧрғандай,
керуен жолымен бҥгінгі Қазақстан аумағына негізінен жібек маталары әкелінген.
Сауда айналымы артып, керуен қатары ӛскен сайын жолдың бағыты да ӛзгере берді,
яғни саудагерлер Қара теңіз арқылы батысқа бет алып, тауарын Еуропа халықтарына
тасымалдады. Кәрі қҧрлық халқына ӛркениеттің келетіні де осы кез. Ҧлы Жібек
жолымен бірге Еуропаға тек сауда тауарлары жеткен жоқ, сондай-ақ, Азия
халықтарының мәдениеті де қоса келді.
Ҧлы Жібек жолының жандануымен қазақ даласындағы халықтың біразы
отырықшылыққа ӛтіп, ӛңірде жаңа қалалар пайда бола бастады. Ал, Отырар,
Испиджап, Суяб, Сауран, Тараз сынды ҥлкен шаһарлар гҥлденіп, елдегі
маңыздылығын арттыра тҥскен. Сауда жолының бойында орналасқандықтан
аталмыш қалалар тез ӛркендеді, ондағы халықтың саны да кҥрт артқан болатын.
Демек, осынау шаһарлар тарихына бір кӛз жҥгіртсек...
Достарыңызбен бөлісу: |