Зерттеуші


«Бастауыш  сынып  оқушыларының  «Математика»  курсында  жіберетін



Pdf көрінісі
бет5/22
Дата06.03.2017
өлшемі3,02 Mb.
#7739
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

«Бастауыш  сынып  оқушыларының  «Математика»  курсында  жіберетін 
қателермен  жҧмыстың  әдістемелік  жҥйесін  жетілдіру»  деп  аталатын  екінші 
тарауда  математикалық  қателер  тҥрлерімен  жҧмыстар,  бастауыш  сыныптағы 
математика курсында жіберілетін қателердің алдын алу жаттығулары кӛрсетілген. 
Бастауыш  сынып  оқушылары  сандардың  қҧрамын,  ауызша  және  жазбаша 
есептей білуге, теңдеу шешу, қҧрама есептерді талдау, геометриялық фигуралармен 
жҧмыс  және  логикалық  талдау  тҥрлерімен  айналысады.  Білім  алу  кезінде  натурал 
сандар қатарын дамытады, әріпті және санды ӛрнектерді, қҧрама есеп шешуді теңдеу 
қҧру арқылы шешу жолын, ӛлшем бірліктерді салыстыруды меңгереді. 
Алдында  айтылғандай,  қатенің  шығу  тҥрлеріне  тоқталған  болатынбыз,  оның 
әрбір  тҥрін  талқылап  және  қатенің  шығу  себебін  ашуға  тырыстық.  Оқушылардың 
математикалық  қателерін  анықтап  және  талдау  жасағанда  жоғарыда  келтірілген 
тҥрлеріне сҥйенеміз. 
Л.С.  Иванованың  [19]  оқушылардың  жіберетін  қателерінің  алдын  алу  ҥшін 
зерттеулеріне кӛз жҥгіртсек: әрбір тақырыпты тҥсіндірмес бҧрын дайындық тҥрінде 
жҧмыстар  жҥргізу;  кӛрнекіліктер  кӛрсету  және  ҥлгісін  нақтылау;  әр  оқушыға  жол 
таба білу; жіберілген қателерге жҥйелі есеп жҥргізу т.б. Ӛздеріңіз кӛріп отырғандай, 
мҧнда да жаттығулармен бекітілмеген. 
В.И.  Рыжик  [18]  оқушылардың  жіберген  қатесін  алдын  алу  ҥшін,  оның 
жіберген қатесін талдауды ҧсынады. Ол ҥшін ҥш тҥрлі жолын айтады: бірінші жолы 
–  турасынан,  мынадай  математикалық  жазулар:  х+1=х-1,  неліктен  қате  екені 
тҥсіндіріледі;  екінші  жолы  –  сҧраулы,  сол  жазуды  жазып  сҧрау:  «дҧрыс  деп 
ойлайсың  ба,  неліктен?»;  ҥшінші  жолы  –  салыстырмалы,  мысалы,  сол  жағынан 
жазамыз х+1, кез келген санды х-тің орнына қоямыз 7+1=8, оң жағын жазамыз х-1, 7-
1=6, сонда сол жағы мен оң жағы тең емес 8>6 екеніне оқушы кӛз жеткізеді. 
Тапсырмаларды  орындағанда  қателерді  іздестіру,  қателердің  шығу  себебін 
анықтау,  оның  алдын  алу  жолдарын  қарастыру,  оқушылардың  ойлау  қабілетін 
арттыратыны айдан анық. 
Матаматикадан  жіберілетін  қателердің  әдістемелік  бағытын  жетілдіру 
оқушылардың сыни кӛзқарасына және қабілетін арттыруға әсер етеді. 
Ақмола  облысының  Кӛкшетау  қаласының  мектептерінде  жҥргізілген 
сауалнамаларға  тоқталсақ,  мҧғалімдердің  математикадан  жіберетін  қателері 
назардан тыс қалмайды. Сонымен, сҧраққа жауап берген мҧғалімдердің 55% қатемен 
жҧмысты  ғылыми  дәйектерге  жҥгінбей,  жҥйелі  тҥрде  жҥргізетін,  15%  ғылыми 
тҧжырымдамаларға  сҥйене  отырып  жҥргізетінін  жазған.  Ал  қалған  30%  қатемен 
жҧмысты оқушының жіберген қатесіне байланысты жҥргізетінін айтты. 
І топ жауабы бойынша, оқушының жіберген қатесіне байланысты жҥргізеді. 
ІІ топ жауабы бойынша, қатемен жҧмыста ғылыми дәйектерге жҥгінбейді. 
ІІІ топ жауабы бойынша, қатемен жҧмыс жасауды ғылыми тҧжырымдамаларға 
сҥйене отырып атқарады. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
35 
 
 
Эскпериментке  қатысушыларды  (45  оқушы)  екі  топқа  бӛлдік:  22  оқушы  – 
бақылау  тобын,  ал  қалған  23  оқушы  –  эксперименталды  топты  қҧрды.  Екі  топқа 
бақылау  жҧмысы  ҧсынылды.  Бақылау  жҧмысы  кезеңнің  басында  бір  рет,  соңында 
бір рет ҧсынылды. 
Барлық  қатысушылардың  білім  мен  біліктілікті  меңгеру  деңгейін  (45  оқушы 
қатысты)  тексеру  мақсатымен  есептеулердің  негізінде  мынадай  формула  алынады: 
К=a/n,  мҧндағы  К  –  меңгеру  коэффиценті,  а  –  дҧрыс  жауаптар  саны,  n  –  барлық 
жауаптар саны. 
Эксперимент кезеңінің басындағы білім меңгеру деңгейі (К) 
Бақылау жҧмысының 
тапсырмалары 
Бақылау тобы 
Эксперименталды топ 
1 – тапсырма 
0, 45 
0, 44 
2 – тапсырма 
0, 56 
0, 57 
3 – тапсырма 
0,59 
0, 58 
4 – тапсырма 
0, 71 
0, 72 
5 – тапсырма 
0, 63 
0, 61 
Эксперимент кезеңінің соңындағы білім меңгеру деңгейі (К) 
Бақылау жҧмысының 
тапсырмалары 
Бақылау тобы 
Эксперименталды топ 
1 – тапсырма 
0,76 
0, 78 
2 – тапсырма 
 
 
3 – тапсырма 
0, 79 
0, 77 
4 – тапсырма 
0, 68 
0, 69 
5 – тапсырма 
0, 73 
0, 79 
Жоғарыда  келтірілген  мысалдан  «Математика»  курсында  жиі  кездесетін 
қателердің  алдын  алуына,  ӛзін-ӛзі  бақылау  іс-әрекетін  пайдалану  арқылы  оқушы 
дағдысын қалыптастырады, ӛзінің қатесін іздестіру кезінде талдау жасауға тигізетін 
әсері мол. 
Іс-тәжірибеде кӛрсетілгендей, кӛбіне оқушылардың математикадан жіберілетін 
қателердің  ӛзін-ӛзі  бақылау  дағдысын  пайдалану  арқылы  жетістікке  жететінін 
бақыладық. 
Тәжірибе  жҥргізу  барысында  бастауыш  сыныпта  жіберілетін  қателердің 
тҥрлері, себептері, оны болдырмау жолдары жан-жақты қарастырылды. Яғни зерттеу 
барысында  кӛптеген  ғалымдардың  еңбек  жолдары,  олардың  ғылыми  тҧрғыдан 
кӛзқарастары  эксперимент  арқылы  анықталды.  Осылайша  оқушыларды  математика 
0%
20%
40%
60%
80%
100%
I
II
III

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
36 
ғылымының  негізі  болатын  білімдер  жҥйесімен  және  ол  білімдерді  сапалы  тҥрде 
қолдана  алу  іскерлігі  мен  дағдыларының  берік  қалыптасуына  ӛз  бетінше 
шығармашылықпен  жҧмыс  істей  алуына  жағдайлар  туғызу  қажеттігі  байқалды. 
Эксперимент  жҥргізуден  байқағанымыз,  оқушылардың  математикадан  жіберетін 
қателерімен жҥйелі жҧмыс жҥргізсе, дҧрыс нәтижені кӛруге болады. 
Осындай  жҧмыстар  жҥргізу  арқылы  «Математика»  пәнінің  нәтижелері 
тӛмендегі кӛрсеткіштерді кӛрсетті: 
 
 
 
 
Қорытынды.  Зерттеу  ҥрдісінде  теориялық  және  тәжірибелік-эксперимент 
нәтижелерін  қорытындылау  бізге  тӛмендегі  тҧжырымдар  мен  ҧсыныстар  жасауға 
мҥмкіндік береді:  
Бастауыш  мектептегі  «Математика»  курсында  жиі  кездесетін  қателердің 
психологиялық-педагогикалық  себептерін  айқындау  мҥмкіндігі  туды.  Оқушының 
білім-біліктігін арттыру мақсатында оның ішкі жай-кҥйін және ҧстаздар тҥрлі әдіс-
тәсілдерді  меңгеру  барысында  психологиялық  факторға  байланысты  зерделеу  және 
оқу процесін жеткілікті ҧйымдастыру негізі болады.  
Оқушылардың  бастауыш  математика  пәніндегі  қателердің  классификациясы 
«шапшаңдықтан  болатын,  әдетке  айналған  қателер»,  «қалыпты  қателер»,  «ҧқсас 
және  аралас  тапсырмалардан  болатын  қателер»  т.б.,  мынадай  тҥрлері  сызбадан 
жіберетін  қателер,  талдау  кезінде  қате  ойлануы  немесе  мҥлдем  ойланбауы,  дҧрыс 
талдамауында т.б. білім беру мазмҧнының теориялық негізіне айналады.  
Математикалық  қателердің  болу  себептері  мен  оларды  жібертпеудегі 
әдістемелік жҧмыстарын талқылау барысында қатенің себебін анықтамайынша, оны 
тҥзету және алдын алу мҥмкіндігі аз. ОМҚ-ны болдырмау, қатені алдын алу, болжау, 
жҥйелі жҧмыстың орындалуына бағыт-бағдар берді. 
Ӛзін-ӛзі  бақылау  іс-әрекетін  пайдалану  дағдысы  амалдың  ішкі  жоспары,  ӛз 
әрекетінің  барысын  бақылау,  бағалау  сияқты  жаңа  тҥзілімдер  пайда  болады: 
бастауыш  сынып  оқушыларының  белгілі  белгісізді  табу  іскерлігін  анықтау;  оқу 
тапсырмасын  орындағанда  неге  ҥйренетінін  тҥсіне  алу  деңгейін  анықтау;  мақсатқа 
жету жолын бағалай алу деңгейін анықтау. 
0%
20%
40%
60%
80%
100%
IV тоқсан 
ІІІ тоқсан 
ІІ тоқсан 
І тоқсан  
91% 
89% 
84% 
75% 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
37 
Математикалық  қателермен  жҧмыстар,  амалдар  қатесі,  математикалық 
жазулардан  кететін  қателер,  тілдік  қателер,  логикалық  қателермен  жҧмыстар 
талқыланды. 
Бастауыш сыныптағы «Математика» курсында жиі кездесетін қателер негізінде 
қҧрастырылған  тапсырмалар  кешені,  жиі  кездесетін  қателердің  алдын  алуға 
кӛмектеседі. Ҧсынылған әдістеменің тиімділігі эксперимент жҥзінде дәлелденген. 
Жҥргізілген  зерттеулер  бҧл  кӛтерілген  мәселені  әрі  қарай  мына  бағыттар 
бойынша  жалғастыруға  болатындығын  кӛрсетті:  бастауыш  мектепте  математикада 
жіберілетін  қателерді  оқып  білу;  бастауыш,  орта,  жоғары  сыныптар  арасында 
математикадан  жіберілетін  қателердің  негізін  айқындап,  сабақтастықпен 
байланысты мәліметтерді зерттеу; «Математика» курсында жиі кездесетін қателерді 
жинақтау  арқылы  оқушылардың  білім  кӛрсеткішін,  сапасын  тереңдету  мақсатында 
әдістемелік-дидактикалық нҧсқауларды жинақтау. 
 
Әдебиеттер 
1  Закон  Республики  Казахстан  «Об  образовании».  –  Астана.  –  7.VI.1999.  – 
№389 // В сб. Законодательство об образовании в Республике Казахстан. – Алматы, 
2002. – С. 3-34.  
2 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан  жолы – 2050: Бір мақсат, бір мҥдде, бір болашақ. 
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Арқа ажары. – 2014. – №6. 
3 Қожабаев Қ.Ғ. «Қазіргі математикалық білім: теориясы, әдістемесі, тәжірбие» 
халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Кӛкшетау, 2013. – 
22 б. 
4 Қожабаев Қ.Ғ. Математиканы тәрбиелей-дамыта оқыту: ғылыми-әдістемелік 
негізі, тәжірибе. Оқу қҧралы. – Кӛкшетау: КМУ баспасы, 2008. – 203 б. 
5 Қожабаев Қ. Математиканы оқыту әдістері. – Алматы: Санат, 1998. 
6  «Қазіргі  математикалық  білім:  теориясы,  әдістеме,  тәжірибе»  атты  Қ.Ғ. 
Қожабаевтың 75 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық 
конференция материалдары. – Кӛкшетеу, 2013. – 298 б. 
7  Кожабаев  К.Г.  О  воспитательной  направленности  обучения  математике  в 
школе. – М.: Просвещение, 1988.  
8 Выготский Л.С. Педагогическая психология / Под ред. В.В. Давыдова. – М.: 
Педагогика, 1991. 
9  Ақпаева  Ә.Б.,  Лебедева  Л.А.  Математика:  Оқулық.  Жалпы  білім  беретін 
мектептің 2 сыныбына арналған. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2013. – 66 б. 
10 Чукотаев М.Н. Устойчивые ошибки учащихся по алгебре и началом анализа 
и способы их устранения: Дисс. канд. пед. наук. – Усть-Каменогорск, 1992. 
11 Жҧмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 85 б. 
12 Коменский Я.А. Великая дидактика. Избр.пед.соч. – М., 1982. – Т.1. – 317 с. 
13  Веймер  Г.  Как  работать  с  ошибками,  способы  оценивания  ошибок.  – 
Издательство Лейпциг, 1931. 
14 
Скрыпник  Д.С.  Математические  ошибки  в  рассуждениях,  их 
предупреждение и методика исправления: Дисс.канд.пед.наук. – Киев, 1971. – 180с. 
15  Менчинская  Н.А.  Интеллектуальная  деятельность  при  решении 
арифметических задач // Известие АПН РСФСР. – 1946. – Вып. 3. 
16  Слепкань  З.И.  Психолого-педагогические  основы  обучения  математике: 
Методическое пособие. – Школа, 1983. – 192 с. 
17  Потоцкий  М.В.  Преподавание  высшей  математики  в  пединституте:  Из 
опыта работы. – М.: Просвещение, 1975. – 208 с. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
38 
18  Рыжик  В.И.  25000  уроков  математики:  Кн.  для  учителя.  –  М.: 
Просвещение,1993. – 240 с. 
19  Иванова  Л.С.  Методы  предупреждения  типичных  математических  ошибок 
учащихся начальных классов: Дисс. канд. пед. наук. – Киев, 1988. – 201 с.  
 
МҦСАХАНОВА Шарипа Шамшановна, 
Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектептің 
бастауыш сынып мҧғалімі, Тереңӛзек ауылы, Т. Рысқҧлов ауданы, 
Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ТАЛАСТЫҢ ТОҚТАБҤБІСІ 
 
Аңдатпа-тҥйін.  Тоқтабҥбі  Керімқҧлова  –  қоғамдық  жҧмыстардың  ҧйытқысы 
болған, ӛте намысты, талғампаз жан. Ауылға сыйлы абзал ана. 
Кілт сӛздер: Делегат, халық қалаулысы, озат маман. 
 
Жҧмыстың  мақсаты:  қазақтың  қайсар  әйелдерінің  жалғасы,  адам  жанының 
арашасысы,  ибалы  келін,  адал  жар,  ардақты  ана  жайында  кеңірек  мәлімет  бере 
отырып, оны оқушы қауымға тарату, таныту. 
Жҧмыстың міндеттері: қажетті ақпарат кӛздерін пайдалану; шығармашылық, 
танымдық белсенділігін қалыптастыру; аяулы аналарды қадірлеу. 
Зерттеу әдістері: абзал жанның ӛмір жолы, ӛмір сабақтары, ӛмірінің ӛзегі. 
Зерттеу  жҧмысының  негізгі  болжамы.  Бҧл  жобаны  жазу  барысында  мен 
Тоқтабҥбі  апайды  білетін  Талас  ауданындағы  Қызыләуіт,  Ақкӛл  ауылдарындағы 
қазыналы  қарттармен  кездесіп,  кенже  інісі  Жәлел  ағамен  кеңірек  сӛйлесіп,  ақпарат 
кӛздеріне кӛз жҥгірттім. 
Кіріспе. «Мен қай жерде жҥрмейін, қай жерде тҧрмайын, қҧлағымды әрдайым 
туған  елге,  ӛскен  ӛңіріме  тосып  жҥремін,  одан  нәр  аламын.  Талас  жайлы  әңгімеде 
шек жоқ. Ол таусылмайтын тақырып қатарына жатады. Ақын ҥшін – таусылмайтын 
жыр, тарихшы ҥшін – таусылмайтын тарих, мен ҥшін – таусылмайтын сағыныш», - 
дейді «Парасат» орденінің иегері, дәрігер-хирург Амантай Біртанов [1]. 
Ана – бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен 
мейірімділіктің  ҧйытқысы.  Жарқын  істердің  бастаушысы,  ырыс  пен  ынтымақтың 
алтын  діңгегі.  Ананың  бойындағы  нәзіктік  пен  сҧлулық,  ақыл  мен  парасат, 
тӛзімділік  пен  ӛрлік  сияқты  қасиеттер  ҥндесе,  ҥйлесіп  жатады.  Әйелге  ғана  тән 
қайсарлық пен қажыр-қайраттарының арқасында орасан зор істерді ер азаматтармен 
қатар еңсеріп келеді. 
Ақ  халаты  –  ар-намысы.  Егемен  еліміздің  бҥгінгі  қол  жеткізген 
жетістіктерінің  барлығында  әйел-аналардың  қолтаңбалары  қалыптасқан.  Сондай 
соңына  ӛшпес  із  қалдырған,  ӛз  ісінің  нағыз  майталман  маманы  Талас  ӛңірінің 
тумасы, намысты аналардың бірі – Тоқтабҥбі  ана жайында жазуды жӛн кӛрдім. 
Талас ауданы – тамыры тереңдеген бәйтерек іспеттес. Себебі, ол ауданнан елу 
екі  «Социалистік  Еңбек  Ері»  шыққан  –  тҧнып  тҧрған  тарихқа  толы  ӛңір.  Халқы  – 
ынтымақты, жастары – намысты, қарттары – қазыналы. 
«Ақ  халаты  –  ар  намысы»  тақырыбындағы  жҧмысым  Тоқтабҥбі 
Керімқҧлованың  ӛмірі,  мәнді  де  мағыналы  ғҧмырына  негізделіп  отыр.  Жобада 
ананың еліне сыйлы, ӛз ісінің нағыз шебері, қазақ әйеліне тән қажыры мен қайраты 
қатар  ҧштасқан  қҧнды  қасиеттері  баяндалып,  ӛз  жҧмысының  нағыз  майталманы 
екені  толық  ашылады.  «Ақ  халаты  –  ар-намысы»  жобасының  ӛзегі  –  қоғамдағы 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
39 
басты қҧндылық  адам ӛмірі екендігі, оған барынша ӛз ҥлесін қосқан қайсар ананы, 
іскер  маманды  дәріптеу.  Жобамен  таныса  отырып,  оқырмандар  ізденуге,  ойын, 
қиялын шарықтатуға мол мҥмкіндік алады. 
Оқырмандарға  ақ  халатты  абзал  жан  туралы  кеңірек  мағлҧмат  бере  отырып, 
болашақ  мамандықтарын  дҧрыс  таңдауға  бағыт  береді.  Мамандықтың  қиындығы 
мен қызығы жайында толығырақ қарастырылады. 
Тӛмендегі бағыттар бойынша зерттеу әдістері қарастырылды: 
1. Абзал жанның ӛмір ӛрнегі (ӛмірі туралы мәліметтер); 
2. Жан дҥние жҧмбақтары (негізгі идеяны ашу); 
3. Ӛмірінің ӛзегі (ардақты ананың ҧрпақтары). 
Абзал жанның ӛмір ӛрнегі. Мына жарық дҥниеге келіп, ӛмір сҥріп жҥргеніміз 
ата-аналарымыздың  арқасы  екенін  балалы  болғанда  ғана  тереңірек  ҧғынып 
отырамыз-ау, ҥнемі. Ӛміріміздің мәніне айналған ең қымбат, асыл жандар жайында 
ӛткен шақта әңгімелеу қандай қиын. 
Мен  бҥгін  асыл  ана,  ақ  халатты  абзал  жан  –  Тоқтабҥбі  Керімқҧлова  туралы 
толғанбақпын. Тоқтабҥбі апай Жамбыл облысы, Әулие ата қаласында (қазіргі Тараз 
қаласы) 1947 жылдың аязды қысында соғыс ардагерінің отбасында дҥниеге келген. 
Әкесі – Кӛпбосын елді жаудан азат етуге қатысып, бір кӛзін неміске берген азамат. 
Анасы  Жамал  –  қазақ  әйеліне  тән  барлық  қасиеттерді  бойына  ҧялатқан  ӛте  іскер, 
тындырымды жан болған. 
Тоқтабҥбі  дҥниеге  келгенше  сегіз  перзенті  шетінен  шетіней  берген  соң,  аузы 
кҥйген  ана  осы  нәресте  ӛмірге  келгенде  ҥлкен  кісілерді  шаңырағына  жинап, 
нәрестенің  есімін  ырымдап,  Тоқтабҥбі  қойған.  Бҧл  нәрестенің  жолы  жеңіл  болып, 
ӛзінен кейін екі інісі ӛмірге келіп, ата-анасын қуанышқа бӛлеген қыз [2]. 
Жан  дҥние  жҧмбақтары.  Ауладағы  орыс  балаларымен  тай-қҧлындай  тебісіп 
ӛскен ерке Тоқтабҥбі жастайынан зерек болып, кеңестік дәуірдің «орысша білмесең, 
аштан  ӛлесің»  деген  саясаты  негізінде  Бауман  атындағы  орыс  мектебінің  7-ші 
сыныбын  ҥздік  бітіріп,  Жамбыл  қаласындағы  медициналық  училищесінің  акушер-
фельдшер бӛліміне оқуға тҥседі. 
Медициналық  училищені  ҥздік  дипломмен  бітіріп,  1963  жылы  Жамбыл 
облысы, Талас ауданы, Кӛктебе елді мекенінде небәрі он жеті жастағы ӛрімдей жас 
қыздың  еңбек  жолының  алғашқы  баспалдағы  басталады.  Жас  маманның 
жауапкершілігі жоғары болып, алға қойған: «Қайтсем де, мақсатыма жетем», - деген 
жоспарлары  ӛзіне  жігер  береді.  Жаны  қалаған  мамандығының  қыр-сырын  жете 
меңгеруге тырысқан «Жас кіндік шеше» ӛзінен екі-ҥш мҥшел жасы ҥлкен әйелдердің 
ӛмірге нәресте әкеліп, «Ана» деген ардақты атты иемденуіне бар қолынан келгенше 
жағдай жасайды. 
Бірер жыл жҧмыс жасаған соң С. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік 
медицина  институтының  1971  жылғы  тҥлегі,  провизор,  Ойық  ауылдық 
дәріханасының  меңгерушісі  Айтбекҧлы  Сейдалымен  танысып,  шаңырақ  кӛтеріп, 
отау қҧрады. 
Тағдырлары тоғысқан, орыс тіліне жетік, аса сауатты жас мамандар алғашында 
Ойық  ауылында,  содан  соң  Қызыләуіт  ауылына  бірі  фармацевт-дәрігерлік  пункт 
меңгерушісі, бірі фельдшер-акушер болып жҧмысқа орналасады. Ӛз жҧмысына шын 
берілген  жастар  қиын-қыстау  кезеңдегі  қиындықтарға  еш  мойымай,  қызыға  жҧмыс 
жасайды. 
Бірақ  жолдасы  Сейдалы  ӛзі  алты  жыл  кӛз  майын  тауысып  оқыған 
мамандығының  қызығын  да  кӛрместен,  кенеттен  ӛмірден  ӛтті.  Артында  аңырап 
анасы, асыл жары, балалары қалды. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
40 
Жарынан  айырылған  Тоқтабҥбі  кәрі  кейуана  енесі  мен  әкесіз  қалған 
балапандарын қанаттыға қақтырмай, тҧмсықтыға шоқтырмай ӛсіріп-тәрбиелеуге бел 
буады. Қызыләуіт ауылындағы медициналық пунктте меңгеруші, Ақкӛл ауылындағы 
медициналық  пунктте  меңгеруші  және  малшылар  фельдшері  жҧмысын  қоса  алып 
жҥреді. 
Ол  кезеңде  қазіргідей  әрбір  ауылда  «Жедел  жәрдем»  кӛлігі  берілмейтін. 
Малшыларға су таситын кӛлікпен, мотоциклмен тіпті, олар жоқ жағдайда жем-шӛп 
таситын  ауыр  жҥк  кӛлігімен  әйелдерді  босандыруға,  жас  сәбилерге  екпе  егуге, 
олардың денсаулығын бақылауға баратын. Қары қалың, қыстың тҧманды бір кҥнінде 
кӛліктің тілін жете білмейтін жас жҥргізуші  жҥрген бағытынан адасып, қойшының 
аяғы ауыр әйелін далада босандырған кҥндері де болған [4 ]. 
Ӛмірі  –  ҥлгі.  Тоқтабҥбі  апайға  ӛзінен  бҧрын  халықтың  денсаулығы  маңызды 
болды.  Ауыл  адамдары  тек  «медпункт»  деген  ҧғымға  қанағаттанбай,  ауырған 
туыстарын дәрігердің ҥйіне де жиі апаратын. Ал, апай болса келіп жататын сан қилы 
науқастарға  еш  қабақ  шытпастан  дәрігерлік  емін  жасайтын.  Басын  ат  тепкен 
науқасқа,  тәнін  ит  қапқан  балаға  –  хирург-дәрігердің  кӛмегін  кӛрсеткенін  кӛріп 
ӛстік.  Бала  кезгі:  «Шіркін,  Тоқтан  апайдай  болсақ»  деген  балаң  арман  санамызға 
сіңіп  қалғаны  соншалық,  мектепті  бітірген  соң,  Жамбыл  медициналық  колледжіне 
оқуға  тҥстім,  қазір  мен  де  Тоқтан  апай  секілді  ӛзім  тҧрмыс  қҧрған  ауылда  акушер 
болып, жемісті еңбек етудемін (Сара Омарбекова, Тереңӛзек ауылының акушері). 
Перзент  лебізі.  Ҥйімізге  келетін  аталар  мен  әжелердің:  «Айналайын  Тоқтан 
қызым,  келінім,  сенің  арқаңда  ауруымнан  тәуір  болдым.  Балаларыңның  қызығын 
кӛр!»  -  деген  алғысқа  толы  жылы  сӛздерін  жиі  еститінбіз  (ауылдағылар  анамызды 
«Тоқтан»  деп  атайтын).  Ҥлкен  ауылдың  дара,  жалғыз  дәрігері  менің  анашым 
болатын!  Осындай  зор  қҧрметке  ие  болғаны  –  ӛз  ісіне  деген  адалдығынан  болар, 
сірә. 
Анамыз:  «Менің  ең  алғашқы  кіндік  балаларым  1964-ші  жылғы  бӛбектер 
болатын. Қандай қиын кезеңде жҧмыс жасасам да, бірде-бір рет ана мен бала ӛліміне 
жол  беріп  кӛрмеппін»,  -  деп  отыратын.  Тынымсыз  еңбегінің  арқасында  халықтың 
сҥйіспеншілігіне  бӛленіп,  ӛзі  жҧмыс  жасаған  жылдарда  бала  мен  ана  шығынын 
берген  емес.  Ол  –  жҧмысына  деген  сҥйіспеншілік  пен  табандылықтың,  асқан 
жауапкершіліктің нәтижесі. Бірнеше жастар менің Анама еліктеп, денсаулық сақтау 
саласын таңдады. Ӛзінің бар білгенін жас мамандарға ҥйретуден еш шаршамайтын. 
Бауыр еті баласының артында аңырап қалған жарының анасы – біздің әжемізді 
ӛз анасындай бағып-қағып, арулап, ақтық сапарға аттандырды. Енесі мен халқының 
алғысына  бӛленген  бір  кісі  болса  –  ол  менің  аяулы  Анашым!  (Ҧлы  Санжар 
Сейдалы). 
Болмасаң  да  ҧқсап  бақ...  Балаларының  әрқайсысына  жоғары  білім  әперіп, 
ӛмірден  ӛз  орындарын  адаспай  табуда  ананың  қосқан  ҥлесі  ҧшан-теңіз.  Мҧндай 
қадамға  бару  кез-келген  жалғызілікті  адамның  қолынан  келе  бермесі  анық. 
«Жақсыға  жҥрім  жоқ»,  -  дегендей,  асыл  ана  да  ӛмірден  ерте  ӛтті.  Соңында  тек 
естеліктер ғана қалды. 
Есесіне, «Адам ӛмірінің арашасысы» болып апа-жездесінің ізін жалғап жҥрген, 
апайдың  сіңлілері  Айсҧлу  және  Арайлым  Керімқҧловалар  Тараз  қаласындағы 
ауруханада,  Самал  Керімқҧлова  Елордамыздағы  «Астана»  медицина  университеті» 
АҚ  «Еңбек  гигиенасы  және  коммуналды  гигиена»  бӛлімінде  оқытушы-магистрант 
болса, оның жолдасы Тимур да дәрігер-стоматолог болып қызмет атқарады [3]. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет