Әдебиеттер
1 Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. –
Алматы: Қазақстан, 1992.
2 Байпақов К.М. Средневековые города Казахстана. – Алматы: Өнер, 2006.
3 Байпаков К.М. Великий Шелковый путь (на территории Казахстана). –
Алматы, 2007.
4 Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақ елінің тарихы. –
Алматы: «Кітап» баспасы, 2010.
5 Мамраймов А. Ұлы Жібек жолындағы киелі жерлер. – Алматы: ЖШС
«Алматы кітап» баспасы, 2009.
6 Махаева А.Ш. Ұлы Жібек жолы. – Астана: «Арман – ПВ», 2009.
7 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас
редакциясы, 2007.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
______________________________________________________________
151
САТТАРБАЙ Фариза,
А.С. Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейінің 8 «Ә» сынып оқушысы,
Шиелі кенті, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ЖҮНІСОВА Жадыра Асылбекқызы,
А.С. Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейі «Қазақ тілі мен әдебиеті»
пәнінің мұғалімі, Шиелі кенті, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы,
Қазақстан Республикасы
ҚАЛТАЙ МҰХАМЕДЖАНОВТЫҢ «МЫҢ БІР ТҮН» АУДАРМАСЫНДАҒЫ
ЕРЕКШЕЛІКТЕР
«Халықтың сөз құдіретінің таңғажайып ескерткіші» деп И.М. Фильштинский
бағалаған «Мың бір түн» – әлем әдебиетінен ойып тұрып орын алған классикалық
шығармалардың бірі.
Бір ел әдебиетінің танымал бір шығармасының екінші бір елдің әдебиетіне
еніп, сол елдің ұлттық мұрасына айналып, сол жерде құрметті орынға ие бола
беретіні бар. Атақты «Мың бір түн» ертегілер жинағы да әлемнің көптеген тілдеріне,
оның ішінде қазақ тіліне аударылып, осындай құрметке ие болған шығармалардың
қатарына жатады.
Алғаш қазақ тіліндегі авторы белгісіз «Мың бір түн» аудармалары «Түркістан
уалаятының газетінде» 1872-1873 жылдары (1872 ж. 16, 28, 31 желтоқсан 1873 ж. 18
ақпан, 26 мамыр, 2, 12 маусым, 7 шілде, 17 қыркүйек) «Араб жұртының бір мың бір
түн деп аталған ертегісі» деген атпен жариялана бастаған.
Ал 1895 жылы «Дала уалаятының газеті» беттерінде Мейрам Жанайдаров
дайындаған «Мың бір түн» поэтикалық түрі аяқталмаған авторлық аудармасы «Мың
бір түннің хикаясы» деген атпен басыла бастайды [1, 584 б.]. Осы жылғы газеттің 41,
42, 43, 44, 45 … 49 сандарында басылған қазақ тіліндегі өлеңмен аударылған бұл
аударма көпшілік қауымға кеңінен тарала қоймады. Шығарма соңында:
«Шаһирзадаттың айтқандарынан өлең болып шыққан», - деген жазу және
«Газетшілерге Мейрам Жанайдар ұғлы білдірді», - деген дерек берілген.
М. Жанайдаровтың аудармасы – ағайынды екі жігіт – Шахриар мен Шахзаман
тарихын, қашыр мен есек, сондай-ақ Шахеразаданың жолаушы мен 3 кемеңгер,
балық пен жындар жайлы ертегілерді қамтиды. Бұл жағдайда оқырманның қай
қолжазбаға сүйенгені белгісіз, бірақ біздің аудармадан байқағанымыздай, бұл – қазақ
тыңдаушысына арналған, басы «Мың бір түн» ертегісінің мазмұнына сай және
кейбір жерлері қысқартылып, автордың өзінше аударуынан туындаған еркін
аударма.
Мәтінде кейбір арабизмдермен (ғиш – ғишрат, таупиқ – нысап, зағпыран,
хұзыр, малғұн, шайқы, ғақыт, зияд, лахза, махрұм, пақыр, әуел, хасас, мехнат,
мүшкіл, фәсіл, расул және т.б.) қатар орыс тілінен енген сөздер де бар (шабадан,
формы). Аудармашы көпшілік жеңіл түсінетіндей етіп, қазақтың ұлттық поэтикалық
дәстүрін қолдана отырып аударған. Автор шығыстың өзіндік ұлттық ерекшеліктерін
де сақтай отырып, ана тіліміздің ұлттық сипатымен сәйкестендіре бере алған. М.
Жанайдаровтың жеткен жетістігі – «Мың бір түннің» әлем әдебиеті тәжірибесінде
сирек кездесетін поэтикалық аудармасын жасау әрекетін жүзеге асыруға талпыныс
жасауы.
М. Жанайдаровтың аудармасы аз ғана ортаға белгілі болса, «Мың бір түннің»
басқа екі аудармасы көпшілікке кеңінен танымал болды. Оның бірі – Қалмахан
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
______________________________________________________________
152
Әбдіқадыровтың жеке кітап болып басылған және «Әдебиет майданы» журналы
(1939 ж., №№1, 2) беттерінде жарық көрген аудармасы және Қалтай
Мұхамеджановтың аудармасы.
Қ. Әбдіқадіров аудармасы жайлы айтар болсақ, ол араб, парсы, түрік, монғол
тілдеріндегі бірнеше қолжазбаларды қатар пайдалана отырып аударған.
Бұл жөнінде Қалмақан ағамыздың өз өлеңінде:
Қош айттым Шаһаризадаға елу бесте,
Шыдадым не айтса да мың бір кеште.
Парсы, араб, түрік, моңғол – түрлі тілден,
Жібін ап, қазақшалап тіктім кесте, - дейді.
Сандаған үлгілерден үйрену мен толассыз ізденіс нәтижесінде өмірге келген
халқымыздың рухани болмысына барынша етене «Мың бір түннің» төрт томдық бұл
нұсқасы құдды бір атам қазақтың туа бітті төл туындысындай жалпы жұрттың
жанына жақын, көңілдеріне қонымды, жүрегіне жылы, түсінік талғамына етене
жақын дүние болып шықты [2, 7 б.].
«Мың бір түнді» аударуға 30 жылын сарп еткен аудармашы шығарманың қазақ
халқы арасында тарап кеткен ауызша нұсқаларына да сүйенген. Аудармашының
бірден бірнеше тілдердегі мәтіндерге қарағаны шығарманың түпнұсқаға
қаншалықты жақын екенін ажыратуды қиындатады. Өйткені, араб жерінде дүниеге
келіп, одан парсы, түрік, монғол тілдеріне аударылған жинақ қазақ жерінде қайта
тумас бұрын көптеген өзгерістерге ұшырап келген еді. Сол себепті Қ. Әбдіқадіров
аудармасы – бұл негізінен атақты шығарманың еркін аудармасы, ол жайында
аудармашының
өзі:
«Туындының
соңында
қазақ
топырағына
менің
шығармашылығымның өңдеуімен жеткізген дүнием», - дейді.
Аталған аударма мәтінінен түпнұсқа мазмұнынан ерекше айырмашылықтарды
байқауға болады: аудармада әсірелеу, логикалық түсіндірмелер, түпнұсқада жоқ
эпизодтар
кездеседі.
Аудармашының
түрлі
тілдердегі
жазбаларды
пайдаланғандығынан мәтінде көпшілік оқырмандарға әрдайым түсінікті бола
бермейтін сөздер кездеседі. Мысалы: парсының «дұхтар» – аудармасы «қыз»,
монғолдың «ділла/тіллә» – аудармасы ақша бірлігі «алтын», арабтың машұқ, харам,
хұр, бәйіт. Кейбір жалқы есімдерді фонетикалық өңдеуге ұшыраған: Куфа – Көпе,
Димашқ – Дамшық, Ирак – Ғарақ, Иемен – Иаман, Хаджадж – Хыжас. Аудармашы
бұл атауларды қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарына сыйғызам дегенімен, олар
алғашқы бейнесінен тым алшақтап кеткен.
Хикая атаулары да біршама өзгерістерге ұшыраған. Мысалы «Мың бір түндегі»
«Ним мен Нум хикаясы» “ﺔﻣﻌﻨ ﺆ ﻢﻌﻧ ﺔﻳ ﺎﻛﺣ” Қ. Әбдіқадіров аудармасында «Нығмет пен
Нағим хикаясы» болып өзгерген. Кейбір араб терминдері де аудармашы мәтінінде
қазақ атауымен өзгеріп кеткен. Мысалы, арабтың музыкалық аспабы «уд» («лютня»)
қазақтың «саз» атауымен ауыстырылған.
Жалпы алғанда, Қ. Әбдіқадіров аудармасында көптеген өзгертулер
болғанымен, түпнұсқаның жалпы мазмұны сақталған. «Бұл енді «Мың бір түн»
халық арасына кең тараған, оның ауызша нұсқасымен терең таныс дәстүрлі қазақ
оқырмандарына арналып аударылған, солардың түсінігіне жақын болсын деп
келтірілген аударма. Оған қоса, бұл «қайта жырлау», «ұқсату» – яғни, «нәзира» да
емес (шығыста кеңінен тараған әдіс)», – дейді Қ. Әбдіқадіровтың шығармаларын
зерттеумен айналысып жүрген кейбір ғалымдар [3, 216 б.].
Атақты шығарманың толыққанды аудармасын жасай отырып Қ. Әбдіқадыров,
ең алдымен, осы ескерткішті қазақ жерінде қайта тірілтті. Оған екінші өмір сыйлады.
Қазақ оқырманын Шығыстың ерекше, қайталанбас әлеміне тоғытты және шығыстық
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
______________________________________________________________
153
ұлттық сипатының өзіндік ерекшеліктерін бере алды. Шығармаға біршама өңдеу
жасағанымен, нақ осы аударма оқырманға «Мың бір түннің» бар кереметін ашып
берді.
Автор аудармаға осылайша көңіл аударуы ұлы шығарманың қазақ тілінде
барынша айқын өң беруіне көмектеседі. Қ. Әбдіқадіров аудармасы үш рет: 1949-
1955, 1961-1962 және 1993 жылдары баспа бетінен жарық көрді. Бұл басылымдар
халық арасына кең таралып, шығыс шығармашылығының ұлы туындысының атағын
одан әрі өсіре түсті. «Мың бір түннің» өзбекше және қырғызша аудармалары
түпнұсқадан не орыс тілінен аударылмай, Қ. Әбдіқадіровтың аудармасы бойынша
жасалуы да бір мәртебе.
«Мың бір түннің» қазақ тіліндегі екінші танымал аудармасы – Қалтай
Мұхамеджанов аудармасы – М. Салье аудармасы негізінде 8 том болып
жинақталған. Бұл да қазақ жеріне, дәстүріне негізделіп жасалған, бірақ
композициялық құрылымы орысша жинаққа жақын әдеби аударма.
Қ. Мұхамеджанов аудармасындағы Шахерезада әңгімелері Сальенің орысша
аудармасындағы қалыппен қатар жүріп отырады. Поэтикалық арнауларын қазақшаға
аударған – белгілі ақын, аудармашы Сейфолла Оспан. Бұл жинақ бұрын толығымен
жарық көрмеген. Алғаш рет «Қорқыт ата мұраларын ғылыми-зерттеу орталығы»
қоғамдық бірлестігі жанындағы «Сырдария кітапханасы» сериясымен басылып
шығып жатқан Сыр бойы ақын-жазушыларының 200 томдық сериясының
құрамында беріліп, баспаға ұсынылып отыр.
Кезінде заманымыздың заңғар жазушыларының бірі Ғабит Мүсірепов, осы
әлемге әйгілі «Мың бір түннің» ең болмаса орысша толық нұсқасын қазақша
аударып үлгірейік дегендей ойға бет бұрып, мұны өзі көз тірісінде Қалтай інісіне
тапсыруды жөн көреді. Басында Қалтай Мұхамеджанов бір жағы елдің сөзінен де
қашқақтап, бір жағынан мұндай ұлы дүниені қолға алуға жүрексініп, сөзбұйдаға
салып біраз жүрсе де, ақыры Ғабит ағасының өтінішін жерге тастамай, тәуекелге бел
байлаған екен. Бұл кісіні әрі қатты ойландыратын жайдың бірі – халықтың құлағына
әбден сіңісті болып кеткен Қалмақан ағасының аудармасы болатын. Бірақ Ғабеңнің
қадағалауына түскен Қалтай Мұхамеджанов араға біраз жыл салып, іске кірісіп те
кетеді. Нәтижесінде осы 8 томдық «Мың бір түн» хикаяларының үдесіне шығып,
өзінің айтуынша қанжығасында небір қиналған күндері бар 3788 түнде бітіріп,
нүктесін 1990 жылдың 5-ші тамызында: «Ғаба, әруағыңыз риза болсын!
Тапсырмаңызды орындадым», – деп қол қояды.
«Сальенің аудармасы бойынша жасалған Қалтай Мұхамеджановтың ауыз-екі
айтуынша, бұл «Мың бір түннің» түп нұсқасы 200 томнан астам екен де, ал өзіне
көршілес парсы тіліндегі аударылымы 100-ден астам болған сияқты», – дейді ақын
Сейфолла Оспан 8 томдық жинаққа берген алғы сөзінде. Бұған тағы бір дәлел, бұдан
бұрынғы аудармашымыз Қалмақан Әбдіқадыровтың да: «Мың бір түннің» әуелгі
қолжазбалық нұсқасы қоржынының қос басына теңдеп салса, бір қашырға толық
жүк боларлық екен», - деген (Сейсен Мұхтарұлының «Мың бір түнге» берген
кіріспесінен) сөзімен астасып жатқандығы да біраз нәрсені аңғартқандай. Сонымен
бірге Қалтай Мұхамеджанов ағамыздың өмірінің соңғы жылдарында араб елдерімен
тығыз байланыста болғанын да ескергеніміз жөн.
Енді біз сол аударманың өмір тарихына келетін болсақ, бұл аударма өзі
айтқандай, сол 1990 жылдың 5-ші тамызында біткенімен, мұның алғашқы 2 томы
1988 жылы, 3-ші томы 1989 жылы жарық көреді де, қалған томдары нарық
қыспағына ұрынып, тоқтап қалады.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
______________________________________________________________
154
Бұл шығарма – ұлттық қиялдың классикалық ескерткіші, әлем әдебиетінің
таңғажайып туындысымен таныспақшы болған қазіргі заман оқырманына
лайықталған аударма. Сонымен қатар аудармашы қазақ оқырманының талғамын,
қабылдау қабілетін ескере отырып, ана тіліміздің көркемдік құралдарына сүйенген.
Орыс мәтінінде кездесетін тұрақты тіркестерді автор өзінше қазақша көркемдік
орамдармен береді (үріп ауызға салғандай, зымиян кемпір, мысық табандап...).
Орыс аудармасы негізінде жасалғандықтан арабтық терминдердің орысша
баламалары да (лютня, алоэ, мускус, амбра) сақталған. Қазақ вариантында
аударылуға келмейтін географиялық, этнографиялық, фольклорлық, мифологиялық,
тұрмыстық терминдер (Димашық, халиф, динар, нұр, Нимат, Нум, Куфа, Ар-Раби
ибн Хатим, тауфиқ, Сад, Хамза, Халеб) өзгертілмеген.
Автор қазақ оқырманының талғамына сай кейбір сөздерді қазақтың өз
сөздерімен ауыстырған (мысалы, «дочь дяди» – «немере қарындасы», «быстрый
верблюд» – «желмая», «вельможи» – «ақсүйек», «пост» – «ораза», «врач» – «тәуіп-
балгер», «полуденная молитва» – «бесін», «стол» – «дастархан», кейбір ана тілімізде
ғана кездесетін «шекпен», «сүйінші», «көрпе – жастық», «ән салып – күй шертіп»
т.б. тіркестері де еніп кеткен. Бұл баламаларды аудармашы мәтінді қазақи дәстүрге
жақындату үшін қолданғаны белгілі. Сонымен қатар, сөйлеу тілінің бірліктері де
байқалады (әттең дүние-ай, ойпырым-ай, балам-ау, қызым, сорлы, қақбас, құрғыр,
Ниматжан, оллаһи).
Қазақ тілінің нормаларына сыйғызуға болатын жерлердің бәрінде де қазақы
қалыпқа келтіруге тырысқанымен аудармада орыс мәтінінің көрінісі сақталып
қалған. Бұл өз кезегінде қазақша аударманы түпнұсқадан алыстатып, ұлттық
нақышынан біршама айырып тұр [3, 11 б.].
Аудармада автордың логикалық түсіндірмелері қосылған, кей жерлерде
орысша мәтіндегі аудармаға өзгерістер енгізген. Мысалы, «Ним мен Нум жайлы
хикаяда» қазақша транскрипциямен түпнұсқа тіліндегі Құран аяты берілген, ал ол
орыс аудармасында аяттың аудармасы ғана берілген.
Байқағанымыздай, жоғарыда аталған қазақша аудармалардың ешбірі
түпнұсқадан, яғни, «Мың бір түннің» араб тіліндегі мәтіні бойынша жасалмағаны
белгілі болды, тек қана М. Сальенің орысша аудармасы араб мәтініне барынша
жақын аударылғандықтан және Қ. Мұхамеджанов сол аударма негізінде аударғанын
ескере отырып, осы аударманың араб тіліндегі түпнұсқаға жақын екендігін айта
аламыз.
Дегенмен, «Мың бір түнді» қазақ халқының ана тілінде оқи алуына мүмкіндік
беріп, оған қазақ жерінде ғасырлық ғұмыр сыйлағаны үшін аудармашының еңбегін
бағалай білуіміз керек.
Аударма – бұл үлкен өнер. Осындай аударудан кейін шығарманы түпнұсқаны
қабылдағандай қабылдай алса, онда аудармашының жетістікке жеткені. Бұл –
күрделі жұмыс, әсіресе, әңгіме «Мың бір түн» сияқты фольлорлық жанр туралы
болса. Бұл – бір халықтың сыр-сипаты мен ой-қиялын екінші бір халық түсінігіне
лайықтап бере білген ерекше фольклорлық-әдеби аударма.
Әдебиеттер
1 Дала уалаятының газеті. Әдеби нұсқалар. Құрастырушы: Ү. Сүбханбердина. –
Алматы: Ғылым, 1990. – 584 б.
2 Мың бір түн. І том. Қ. Әбдіқадіровтың аудармасымен. – Алматы: Жалын,
1993. – 7 б.
3 Турсунов Е. Генезис казахской бытовой сказки. – Алма-Ата, 1973. – 216 с.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
______________________________________________________________
155
4 Тулеубаева С.А. «Тысяча и одна ночь» в казахской фольклорной традиции
(на примере казахского сказочного эпоса). Автореферат дисс. на соиск. уч. степ.
канд. ф. н. – Алматы, 2004. – 11 с.
Резюме
В статье рассматривается вопрос об особенностях перевода «Мың бір түн»
Калтая Мухамеджанова.
ШАБДАНОВА Назерке Нұрланқызы,
«№4 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 9 сынып оқушысы,
Қапшағай қаласы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: АШУБАЕВА Рашида Байдәулетқызы,
«№4 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің
мұғалімі, Қапшағай қаласы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІНІҢ
СОМДАЛУЫ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақ әдебиетінің кең тынысты бір саласы саналған
әңгіме жанрына тың екпін әкелген Мұхтар Әуезовтің көркем прозасы шын
мағынасында көркемдік пен шынайылықтың берік тоғысынан туған өнер туындысы
десек, артық айтқандық емес. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетіндегі
көркем проза табиғатын тақырыптық және мазмұн жағынан байытып, жаңа бір
сатыға көтерілуіне қапысыз қызмет еткен жазушы.
М. Әуезов шығармаларының құндылығын, көркем әдеби мұраларының
көркемдік, танымдық сипатын әр дәуір әр қырынан өзінше танып, оған өзінің ой-
пікірін білдіріп отыруы заңды құбылыс. Әр дәуір, әр ұрпақ қанша пікір білдірсе,
мұхтартану саласы және ұлы суреткер мұраларының көркемдік әрі шындық
табиғаты мен берік болмыс-бітімі соншалықты байып, қордалана түспек.
Зерттеудің мақсаты. Зерттеу жұмысының басты мақсаты – 1920-1930
жылдардағы қазақ әдебиетіндегі көркем проза жанрының көркемдік ерекшелік
келбетін, ондағы әйелдер бейнесін, тақырыптық сипатын, шындықтың болмыс-
бітімін игерудегі жетістіктерін саралау, Мұхтар Әуезов шығармаларының
тақырыптық мазмұнын, әйелдер образының ашылу табиғатын ұлттық таным
тұрғысында зерделей, жүйелі қарастыру.
Зерттеудің мазмұны. М. Әуезовтің алғашқы мақаласының «Адамдық негізі –
әйел» деп аталуы, ондағы: «Қазақ, мешел болып қалам демесең тағлымыңды,
бесігіңді түзе! Оны түзеймін десең әйелдің халін түзе», - деген түйіндеулері
жазушының әйелге көқарасын анық көрсетеді.
Қазақ ананы (әйелді) елге де, жерге де теңейді. «Алып анадан туады», «Қыз
жоқ жерде қызық жоқ» дегендей мақал-мәтелдері мен шешендік толғауларында
қаншама әсерлі сөздер кездеседі. Осы ретте мұсылман халықтарының ішінде әйелді
еркін ұстаған кім десе, сөз жоқ, алдымен қазақты айтуға болады. Қазақ әйелі ойын-
той, ас-жиын, өзге де бас қосуларды былай қойғанда келелі-келелі кеңестерге
қатысып, ой-пікірлерімен көріне алған. Оның басындағы көңілге қаяу түсірерлік
көлеңкелі жақтары осы ғасырдың басында Міржақып Дулатов, Тайыр Жомартбаев,
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
______________________________________________________________
156
Спандияр
Көбеев,
Сұлтанмахмұт
Торайғыров
сияқты
қаламгерлердің
шығармаларына арқау болды.
М. Әуезовтің көзіне «әйел халі – үлкен аурулы жараның бірі» болып көрінуі
осы сияқты шындықтарды сезінуден болу керек. Надандық салмағы алдымен
солардың басына түседі, теңіне емес, көп әйелдің бірі болып бару, әмеңгерлік, тағы-
тағылар қашып кетушілігін көбейтті. Мақаладан көрініс тапқан әрбір ойдың
астарынан осындай-осындай үлкен тарихтық сыр шындығы суыртпақталады. Арғы-
бергіні көп оқып, көп білу, хабардар болып отыруы осы мақалаларын жазуға
итермеледі және осылардың әсері артынша «Қорғансыздың күні», «Бәйбіше –
тоқал», «Қаралы сұлу», «Сөніп – жану», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаракөз» т.б.
сияқты көркем әңгімелері мен пьесаларын жаздыртты.
М. Әуезовтегі әйелдер әлемі дегенде тіл ұшында ең алдымен жүректе
жатталып, көңілде хатталып қалған әдемі есімдер тізбегі орала кететіні анық. Содан
соң лезде ұлы жазушы сомдаған айдай ару, армандай асыл жар, аяулы ана бейнелері
жадыңда қайта жаңғырып, жараса жымыңдаған жарық жұлдыздардай жайнап сала
береді. Бірінен бірі дара, бірінен бірі дана бейнелердің ешқайсысы да ешуақыт
адамды бей-жай қалдырмайды. Бір сәт Еңліктің махаббаты мұңға ораса, Ғазизаның
қызғалдақ ғұмыры өзегіңді өртейді, Қаракөздің көз жасы күрсіндірсе, қаралы
сұлудың сайқал сезіммен арпалысы селт еткізеді. Ал, М. Әуезов әңгімелеріндегі
әйелдер әлемінде бұдан әрі тереңдеп енген сайын әйел бақыты, әйел қасіреті, әйел
тауқыметі дегеннің не екеннін жан дүниеңмен түсіне бастайсың.
Жалпы М. Әуезов шығармасы қазақ әдебиетінде әйел кейіпкерлерге ең бай
шығарма. Бұған бір ғана «Абай жолы» эпопеясын мысалға алсақ та жеткілікі.
Академик З. Қабдоловтың сөзімен айтқанда: «Қазақтың сөз өнеріндегі «Әуезов
әйелдері» деп атауға болатын айырықша әсем образдар галереясы ұлы эпопеяның
жан тебірентер ғажайып бейнелерімен толықты да молықты». Ондағы жасалған
үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты жүзге тарта әйел образдарының өзі-ақ М. Әуезов
шығармаларындағы әйелдер әлемінің көкжиегі қаншалықты кең екенін таныта
алады.
Әйел болмысы бар бояумен қағаз бетіне көшкен дерсіз. Тіпті әйел жанының
нәзік иірімдеріне шейін сырлы сөзбен кестелеп мөлдіретіп беру кез келген қалам
иесінің қолынан келетін дүние емес. Күліп тұрып жылай салатын, жылап тұрып
жадырай қалатын жұмбағы көп әйел табиғатын қаламға бағындыру М. Әуезов
сынды таланттардың ғана үлесі болса керек.
«Абай жолы» романындағы әйелдер бейнесі кезінде әдебиетші ғалымдардың
жылы лебіздеріне бөленді. Мысалы, ғалым А. Нұрқатов өзінің «Шындық және
шеберлік» атты мақаласында: «Романда әйелдер образдары да келісті жасалған.
Автор шығармада әр жастағы алуан характерлі әйелдер образдарын жасай отырып,
қазақ әйеліне тән аяулы қасиеттерді жинақтап бере алған», - десе, М. Қаратаев: «М.
Әуезов жасаған образдар галереясында әйелдердің жарастықты жарқын бейнесі
айырықша орын алады», - дейді. Қалай десек те романдағы әйелдер әлемі ұлы
жазушының таланты мен тәжірибесінің жемісі екеніне дау жоқ.
Әйтсе де әу баста жазу өнеріне М. Әуезовтің әйел тақырыбы арқылы келгенін
еске сақтаған жөн. Бұл туралы жазушының өзі: «Алғашқы жазуларым сырлы
әдебиет бетінде болмай, жалпы газет, журнал мақалаларынан басталды. Ең алғашқы
баспаға шыққан статьям «Сарыарқа» газетінде: «Адамдық негізі – әйел» деген нәрсе
еді», - деп әңгімелейді.
Нақтырақ айтқанда, М. Әуезовтің «Адамдық негізі – әйел» атты мақаласы 1917
жылы «Сарыарқа» газетінің 12-санында «Семинарист Мұхтар» деген атпен жарық
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
______________________________________________________________
157
көрген болатын. Аталған мақаланың М. Әуезов шығармасында алатын орны ерекше.
Қолына қалам ұстаған жас жазушының ә дегеннен әйел жайын қозғауы
шығармашылық жолдағы сәтті қадам болды. Әйел тақырыбы М. Әуезовке қоғамдық-
әлеуметтік мәселелердің пердесін сырып берді, көп нәрсеге көзін ашты деуге де
болады. Ұлы жазушы туған халқының шын бет-бейнесін ерте танып, оның қайғысы
мен қасіретін жанына түйді, ел ішінің түрлі мінездерін, зерттеп зерделеді.
«Адамдық негізі – әйел» атты мақаласында жас Мұхтар адам ғұмырының бір
қайғы, бір қуанышпен үміт жетегінде өтіп, ақыры осының бәрі басылып
суынатынын айта келіп, адамды екі түрлі қылықтың жолы болатынына тоқталады.
Оның бірі, дүниедегі пайда – мақтан әуел басыма болса немесе туысқаныма, ең
болмаса аталасыма болса деп неғұрлым өзіне қарай тартып талап қылу, бұл бір ғана
тіршілік қамын көздеген хайуани ой болса, екіншісі, «менен жақсылық тарап, адам
баласына әлім келгенше пайдамды тигізсем екен деген жол». Бұл – адамдық жол.
Автор осы пікірін бұлтартпас дәйектермен талдап, дәлелдеп те береді. Ол
тіршілік қамында бұрынғы «хайуанша қоректі таспен атып, ағашпен ұрып аң аулап
жеп, немесе жеміс теріп жеп» жүрген адам өмірінің дамып, бүгін аспанға құсша
ұшқанын, суда балықша жүзгенін т.б. жетістіктерін тілге тиек етеді. Содан соң:
«Бірақ адамгершілік құлқы өспеген соң жақсылықтың бәрі жамандыққа айналып,
бар дүниедегі маңдай басы елдердің үш жылдай адамның көзінің жасы мен қанынан
дария ағызып жатқаны мынау», - деп бір тоқтайды. Жазушының бұл жерде 1914
жылы басталған бірінші империалистік соғыс өртін лаулатып жатқан «өркениетті»
аталатын елдерді сөз етіп отырғаны ап-айқын. Осындай әлемдік деңгейдегі оқиғаны
мысалға ала отырып, өз ішіміздегі алауыздықтың да соғыстан еш кем емес залалды
нәрсе екенін меңзейді.
«…Енді дүние осылай әмсе өте ме? Дауасы бар ма?», - дей келе жазушы
жақсылық пен жамандықтың түбін анықтап, түйінін шешуге жақындайды. «…Адам
баласы бір үлгі біреуден аларда ең әуелі шын жүрегімен сүйген кісісінен күшпен
алатынын, сол сүйген кісісінен алған үлгі жүрегіне нық орнайтынын» айтады. Олай
болса, жас бала «ең әуелі елжіреп сүйетін кісі кім?» Ол – ана. Мақала тілімен
айтқанда: «Біз адамшылығымызға ірге болатын қулықты әкеміз қандай ғалым
болсын, қой сауып, тезек теріп жүрген анамыздан аламыз».
М. Әуезовтің айтуынша ана талқысынан асқанда бала шет жағалап, әке
ақылына құлақ салады, бұдан кейін құрбы арасына кіріп, құрбының мінезі мен
әдетін көреді, бірақ олардағы адамшылықтың нәр жұғынының шамасы да белгілі
болғандықтан, әуелге анадан алған өрнек ішкі сырының арқауы болып қалады. Сол
үшін де жазушы мақала соңын: «Ал қазақ мешел болып қалам демесең, тағлымыңды,
бесігіңді түзе! Оны түзеймін десең, әйелдің халін түзе», - деген жан тебірентерлік
жолдармен түйіндейді.
М. Әуезовтің алғашқы мақаласының көтерген жүгі, міне, осындай.
Мақаласының қай жағынан алып қарасақ та, оның философиялық, педагогикалық
мәні тым терең. М. Әуезов әйел мәселесіне адамзаттық биіктен қарады. Сондықтан
да болар, жазушы мақаласының өз кезіндегі әйел тақырыбына арналған даурықпа
мақалалардан шоқтығы әлдеқайда жоғары, ауқымы әлдеқайда кең. Ең бастысы оның
құндылығы сонда – сол кезде небары жиырма жасар Мұхтар Әуезов қаламынан
туған кішкене мақала үлкен маңызын әлі жойған жоқ. Әйел мәселесі бүгінгі күннің
өзек жарды өткір проблемасына айналып отыр.
М. Әуезовтің сөз еткен «Адамдық негізі – әйел» атты мақаласы кейін аналар,
әйелдер бейнесін сомдауға жол ашқаны айқын.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
______________________________________________________________
158
Әйел – ана, жар – жұбай ма, бұла – бойжеткен бе… Әйтеуір қияпаты бөлек
қазақ қызының мінез-құлқын, іс-әрекетін, сыр-сезімін, қимыл-қылығын дәл, терең,
нәзік суреттеуге келгенде шіркін шебер алдына жан салмайды. Сонда әр бейненің
тастан қашалғандай бедер табатыны сондай, әрқайсысы – бір адам ғана емес, бір топ
адамның жиынтық бейнесі боп оқырманның көз алдында тұрады да, есінде қалады.
1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күнін» алып қарасақ, мұнда панасыз,
ғарып жетім Ғазиза деген қыздың адам айтқысыз озбырлық, қорлыққа шыдамай,
боранға тоңып, үсіп өлгені әңгімеленген. Әлеуметтік теңсіздік туралы
«Қорғансыздың күнінен» бұрын да жазылып келгенін білеміз. Ы. Алтынсариннің, С.
Көбеевтің, С. Торайғыровтың әңгіме, повестерінде таптық қайшылықтар сөз
болғаны белгілі.
М. Әуезов әңгімесінде сол қайшылық соншалық терең, сенімді әшкереленеді.
Оқушы мұнда Ақан сияқты тыюсыз өскен әкімнің тағылық қылықтарына жиреніп
қана қоймайды, адамдар арасындағы осыншама аңырған әділетсіздік жойылуға тиіс
деген берік шешімге де барады. Теңсіздікке негізделген ескі өмір қалпының
тығырыққа тірелгенін, рухани дағдарысқа ұшырағанын көрсете алуы бір әңгімеге аз
сыбаға емес.
М. Әуезовтің алғашқы шығармаларында осы екі құбылыс та көрініс тапқан.
«Қорғансыздың күні», «Қайғылы жетім», «Жуандық», «Қаралы сұлу», «Қыр
әңгімелерінде» қазақ өміріндегі болған оқиға шындығы көрініс тауып, автор
өмірінен тыс оқиғалар трагедиялық реңк алса, «Үйлену», «Ескілік көлеңкесінде»,
«Кінәмшіл бойжеткен», «Сөніп жану», «Оқыған азамат» сынды әңгімелер желісі
тікелей автордың өзі араласып, қатысқан оқиғаларға құрылған.
М. Әуезов шығармаларында терең психологизм, лиризм басым, адам жанының
сан алуан құбылыстарын, нәзіктігін суреттеп, ішкі әлеміне терең үңіледі. Жазушы
қаламынан туған әр шығармада халықтың тек өзіне ғана тән қасиеті, өмірлік
ерекшеліктері, адамгершілік-рухани құндылықтары бой көрсетеді. Алып сөз зергері
елінің тағдырына аянышпен қарап, жетістігіне қуанып, кемшілігіне қайғыра
білетінін ұзақ шығармашылық жолында дәлелдеді.
М. Базарбаев: «Сонау алғашқы әңгіме, повестерінен бастап, драмалық
шығармалары, атақты «Абай жолы» романы – бәрі де алған кейіпкерлерінің онымен
сезімін терең меңгеріп, солардың жүрегіне жол таба білудің, тағдыр мен жеке бас
аралығындағы дәнекер арқаудың үзілмеуін, меңзеген мақсатын солардың қан
тамырының соғуына қарай дәлелдегенін байқатады», - деген тұжырым жасаған.
М. Әуезов қазақтың шұрайлы тілінің мол қорын шеберлікпен пайдалана
отырып, мазмұны мен мәні өзгеше, шынайы, кұдіретті шығармаларын өмірге әкелді.
Солардың бірі – болашақ жазушының қаламгерлік қасиетін танытқан, өткен
ғасырдың 20-жылдарындағы шоқтығы биік шығармасы «Қорғансыздың күнін» 1921
жылы «Қызыл Қазақстан» газетінде жариялаған еді. Жиырмадан жаңа асқан жас
қаламгердің төлтума шығармасына С. Мұқанов: «1921 жылы жазған «Қорғансыздың
күні» атты алғашқы әңгімесімен Мұхтар шын мағынасындағы еуропалық прозаның
дәрежесіне көтерілді», - деп баға берген.
К. Сыздықов «Қорғансыздың күні» жөнінде: «Осы әңгімеде тек құрдымға
кеткен қайғы-мұң ғана емес, мұнда білінер-білінбес болса да бұлқынып жатқан
қайсар күш бар, қарауытып тұнжыраған мылқау ағыстың астында жатқан табан
толқын бар сияқты», - дейді.
З. Қабдолов: «Задында шын мәніндегі нағыз үлкен талант өзінің өнер өрісінде
жаттығу жасап, онша ұзақ күйбеңдемейтін болса керек. Әуезовтің осынау алғашқы
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
______________________________________________________________
159
әңгімесінің өзінде өзгеге ұқсамайтын өзіндік мәнер-машығы бар, кібіртіксіз көсіле
жөнелген жорға қаламның ізі сайрап жатыр», - деген орнықты пікір білдіреді.
Алғашқы шығармасының өзі жазушының сойы бөлек, соқтасы ерекше
даралығын аңғартады. М. Серғалиев: «Адам, азамат ретінде Мұхтар Әуезовтің сәби,
балауса, балғын, өспірім, жігіт кездерді басынан кешкені сөзсіз. Ал жазушы
Әуезовтің бала балдырған шағының болмағаны, хас шебер ретінде бірден
көпшіліктің назарын аудартқаны әдебиет сүйер қауымға жақсы мәлім», - деген
түйіндеуге келеді.
«Қорғансыздың күні» арқылы ол заманының шынайы көрінісін, ащы
шындығын, тұтас бір қорғансыздар әлемінің мұң-зарын көрсетіп, оқырманның ішкі
сезімін оятарлық жан түршігерлік оқиғаны баяндады. Осы ащы, зарлы шындықты
жеткізуде Әуезов асқан шеберлік танытты: оқиғаға қатынасушы адамдардың тамаша
портреттерін жасап, онысымен әрекет иелерінің мінез-құлқын да білдірді. Табиғат
келбетін суреттеу арқылы адамның ішкі толғанысын, сонымен қатар болар істің
хабарын берді, тамаша композиция құра білді.
«Қорғансыздың күні» мен «Бейшара Лиза» арасындағы байланыс – жас
бойжеткендердің өмірден мезгілсіз өтуі, жас жандарының үзілуі. Бұл белгілер әсте
екі шығарманың арасындағы күрделі байланыс пен ұқсастық бар деген түйін емес.
Карамзиннің кейіпкері махаббаттың тәтті дәмін сезіп, бойын құмарлық пен
құштарлық билеп, сүйгеніне құлай сенеді, алайда, соңынан алданғанын білген соң,
жас жанын өлімге қияды, яғни кейіпкер әрекеті субъективті психологиялық себеппен
шектеледі. Ал, «Қорғансыздың күніндегі» Ғазизаны өлімге итермелеген тіптен бөлек
жағдай. «Қорғансыздың күні» әңгімесі әлеуметтік теңсіздікті, күшті мен әлсіздің
арасындағы қайшылықты, кедейшілікті, яғни дала өмірінің сұрқия келбетін
танытады.
Кейіннен М. Әуезовтың күллі прозасына тән болып қалыптасқан кейбір
нышандар осы әңгімеден де анық бой көрсеткен. Соның бірі – адам мінезінің
қайталанбас, дара ерекшелігін ашу. «Қорғансыздың күнінде» болыс Ақан, оның
серігі Қалтай, пәк, сәби қыз Ғазиза, оның қарт әжесі жанды бейнедей елес береді.
Олардың кескін-келбеті, сөз атымдары анық түскен. Мәселен, зорлықшы әкім
Ақанның пішіні былайша: «Бұл жігіттің жасы отыз шамасында, орта бойлы,
дөңгелек денелі, қысқалау мұртты, шоқша сақалды, сұрғылт беті дөңгелек
жалпақтау. Суық қарайтын қисық біткен кішілеу өткір көзінде және түксиген
қабағында өзгеше қаталдық бар... Бұл адамның күлгендегі пішіні құмарлыққа көп
салынғандығын білдіріп тұрады» (М. Әуезов. Шығармалар. 1 том, 1967. – 32 бет).
Сары далада еркінше жортып, талай жазықсыздың көз жасына қалып жүрген
жыртқыш Ақанның бұдан кейінгі қылықтары әлгі жексұрын бет-бейненің
растамасындай, табиғи жалғасындай.
Енді бір мезетте автор оның ой ойлап отырған тұсын аңғартады. «Ақан күні
бойы жолда көп сөйлемей, бір нәрсені қадалып ойлағандай болып отырды. Бірақ
түпсіз терең ойдың түйінін шеше алмай отырған кісінің пішініне түскенмен,
Ақанның ойы қай жерде жүретіні белгілі еді. Ол көбінесе осындай қадалып
ойлағанда, қиялында бір сұлу әйелдің суретін тауып алып, соған пәлендей деп
сөйлесіп әзілдессем, сондай ғылып құштақтасам, сүйсем деп, соны ермек қылушы
еді». Ақанның осындай нәпсіқұмар әдеті кіршіксіз таза Ғазизаға тажал болып тиеді.
Автор кейіпкерлер ерекшелігін психологиялық дәл штрихтармен нанымды
жүйелейді.
«Қорғансыздың күні» әңгімесінде қос қабырдың басында қайғылы қаза тапқан
Ғазизаның жан пәктігін автор былайша бенелейді: «…Ғазизаның шашы азырақ
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
______________________________________________________________
160
дудырап қалыпты. Денесінің жартысын қар басқан… өлер сағатына дейін қабағын
қайғы басқан бұл уақытта жадыраған: ізі қалған жоқ. Балалық жүзінде: «Менде
жазық жоқ, мен тазамын», - деген ашық тазалықтың белгісі, қайғы-қасіреттен
сейілген жас баланың ажары бар». Демек, кейде зұлымдыққа бетпе-бет келгенде
дәрменсіздіктің өзіне жігер бітіп, оған бас имейді, адал жан пасықтардан биік
тұрады.
Ғасыр басындағы қазақ тіршілігі М. Әуезовтің «Үйлену» атты әңгімесінде де
айқын көрініс табады. Қоғамдағы ірі өзгерістерге халық өкілдерінің де бейімделе
түсіп, қадамын қатар алып келе жатқанын көруге болады. Ескі мен жаңаның
арасындағы өліара кезеңдегі ел тұрмысы шығармада айшықты белгілермен ашыла
түскен. Шығарма бойында мысқыл да бар. Автор қолындағы аз билікке мас болып,
мансап сүйген Қасым бейнесі, көп оқып, аз тоқыған Оспан бейнесі арқылы сол
тұстағы аңқау елге билік еткен белсенділер әрекетін көрсетеді. Ауылда туып-өсіп,
енді жусаған қой мен оқыралаған сиырды, кемпір қайнатқан кұртты алғаш көргендей
таңдана қараған Оспанның жасанды мінезін, Қасымға берген уәдесінен тез тайған
қалыңдықтың тұрақсыздығын көрсете отыра кейіпкер мінезін ашады. Болатком
бастығы Қасым сайлаушы Оспан төренің арбауына оңай түсіп, андаусызда
қалыңдығынан айырылды.
«Қыздың пішіні, мінезі, барлық сөзі де жігітке әбден жақты. Бұл уақытта
Жәмила да «оқыған жігіт» дегенді жаңа көргендіктен, бұған өзгеше көңілмен қарап,
орысша сәнді киінген, қызыл шырайлы сүйкімді пішініне айрықша көңіл бөлгендей
болды. Жас жігіттің ажарлы пішіні мұның да әр түрлі сезімін оятқандай еді.
Кеудесінде үміт пен күдік ауысып, тағатсызданып отырған күйеуді ұмытып,
сайлаушы төрең өз әзілінің жарастығын іздей бастады.
Жәмила бойынан да аса тереңдік, көргендік байқалмайды. Жедел ойлап, шолақ
шешімге келген ол да сол тұстағы кұрбыларындай, бақытына араша түсуге
талпыныс жасайды. Ата жолын аттап кетіп, күйеуін тең көрмей, оқыған жігіт
Оспанның етегінен ұстайды. «Үйленудегі» кейіпкерлердің іс-әрекеттерінен М.
Әуезовтің 1920 жылдарда басынан өткен оқиғаларын салыстыра келе сабақтастық
көруге болады. Бұл дегеніміз, әңгіменің тарихилық негізін айқындайды.
1920 жылдың жазында Мұхтар Әуезов кеңес қызметінде жүрген. Ол Шыңғыс
болысында жолсапарда болып, қазақ даласында болыстық ревкомдар кұру ісіне,
съезге делегаттар сайлау істеріне араласады, яғни қаладан қырға өкіл болып барған.
Автор кейіпкер бейнесін сомдауда өз басындағы және сол кезендегі босқа де
«оқығандар» әрекетін сынға алған болса керек.
М. Әуезовтің алғашқы шығармалары «Үйлену» (1923), «Сөніп-жану» (1923),
«Кім кінәлі» (1923), «Ескілік көлеңкесінде» (1925) сынды әңгімелерінде адам
өміріндегі аса жауапты да маңызды құбылыс – үйлену, шаңырақ құру мәселесін
қозғайды және алған кейіпкерлерінің ішкі әсерлерін, көзқарастарын білдіреді. «Таң»
журналының соңғы санында жарияланған бұл әңгіме соңына: «Аяғы бар. Мұхтар», -
деп қол қойылса да, кейін жалғасын таппаған. «Таң» журналының 2-санында
жарияланған «Қаралы сұлу» әңгімесінде Мұхтар Әуезов өмірден татар дәмі мен
ләззаты ерте таусылып, азап көріп, жаны қиналған қазақ әйелінің халін суреттеген.
Жазушының осы жылдары жарияланған басқа әңгімелерін шартты түрде үш
топқа бөлуге болады. Біріншісі – қазақ әйелдерінің хал-жайын жан-жақты және әр
қырынан көрсететін: «Үйлену», «Сөніп-жану», «Кім кінәлі?», «Қаралы сұлу»,
«Кінәмшәл бойжеткен», «Ескілік көлеңкесінде» алуандас новеллалары. Екіншісі –
қазақ еңбекшілерінің ауыр тұрмысын, азапты тіршілігін баян ететін: «Жетім»,
«Барымта», «Жуандық» секілді туындылары; үшіншісі – «Қыр суреттері» мен «Қыр
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
______________________________________________________________
161
әңгімелері» деп аталатын көркем суреттемелер. Бірінші топқа жататын әңгімелердің
тақырыбы ортақ болғанмен өзара елеулі айырмалары бар. «Үйлену» мен «Қаралы
сұлуды» шын мәніндегі көркем туындыдан гөрі бір ғана эпизодты немесе бір ғана
кезеңді суреттейтін әдеби этюд десе болғандай. Бұларда күрделі мазмұн, бай оқиға
жоқ, қаһармандардың өз ара қатынасы терең бейнеленбей, жағдайдың ыңғайына
бейімделіп, тым оңай шешіледі. Мысалы, Оспанның Жәмилаға үйленуі, сондай-ақ
қаралы сұлу Қаракөздің азап шегуі.
Ал жазушының «Ескілік көлеңкесінде», «Кім кінәлі?», «Сөніп-жану» әлпеттес
шығармалары кең тынысты және шебер жазылған. Бұларда қазақ ауылының ескі
тіршілігі, оған ене бастаған өзгерістер, әйел басының еркі әлі де ескілік шырмауында
екені өте қонымды берілген. «Ескілік көлеңкесінің» басқа әңгімелерден бір
ерекшелігі сол, онда ескіліктің бүкіл көрінісі жан-жақты және өте қонымды
суреттелуінде. Байдың ерке қызы Жәмеш өзін айнала қоршаған болмыстан бейхабар,
бірбет, тәкаппар өседі. Оның үлгі тұтатын әрі ақылшысы, әрі тәрбиешісі – ескілікті
аңсайтын, қатал мінез кәрі әжесі Мәкен. Бұл сияқты азулы кемпірлердің аз ғана ауыл
тұрсын, бүкіл руды бір шыбықпен айдаған кездері болған. Жәмештің өз әке-шешесі
Мәкен кемпірдің алдында құрдай жорғалап, оның бетіне қарсы келіп көрген емес.
Жас Жәміштің туған апасы Хадишаны әрі бай, әрі болыс Кенжеханға тоқалдыққа
бергізген де осы қияс кемпір еді.
Алғашқы кезде Хадиша біраз толқыса да, ақыры іштен тынып, қатын үстіне
кете барған. Сырт көзге оның өмірі сәнді, үлде мен бүлдеге бөленіп отырғандай. Үй
ішіндегі бар билік те оған көшіп, жас тоқал өзін емін-еркін ұстағандай тәрізденеді.
Ол күйеуіне ерекше құрмет көрсетіп, үнемі ықылас білдіріп отырады, қысқасы,
шалқыған бақытты өмірге ие болғандай. Бірақ, мұның бәрі әлеміш, алдамшы көрініс.
Хадиша мұңға батқан жүрек сырын, жегідей жеген қапа-қасіретін ешкімге ақтарып
ашпайды. Сөйтіп жүргенде көп ұзамай (күйеуімен алты-ақ жыл отасып), Хадиша
дүние салады. Неге екені белгісіз, ақырғы өсиет-аманат сөзінде ол өз орнын жас
сіңілісі Жәмеш басып, артта қалған екі баласын жетімсіретпеуін өтінеді…
Хадишаның көзі тірісінде Мәкен кемпір мен Жәмеш сан рет қонаққа барып,
ұзақ жататын-ды. Кенжехан мен Хадишаның «тәтті» тұрмысы оларға сондай
сүйкімді әрі қызықты көрінетін-ді. Тегі соның әсерінен болса керек, Жәмеш ағасы
Қасымның (оқыған жігіт) қарсылығына қарамастан, Кенжеханға тиюге бірден
ризалығын білдіреді. Жазушы әңгменің драматизмге табиғатын сақтай отырып,
барлық жағдайды мейілінше нанымды суреттеген.
Әңгімедегі тағы бір басты қаһарман – Қабыш. Ол жас жігіт, орта мектепті
бітірген, Жәмешке көптен бері ғашық, талай рет хат жазса да, қыз тарапынан үміт
туғызарлық нышан көре алмай келген. Қабыш образы жалаң емес, күрделі жасалған.
Оның бойындағы ұтымды қасиеттермен қатар, осал жақтары да көрсетілген. Қабыш
көбінесе қиялға беріліп, өмірдегі тартысқа онша бейімділмеген жан ретінде
бейнеленген. Жақсы оқыған дегені болмаса, автор оны үнемі жасықтау, икемсіздеу
етіп сипаттаған, Жәміштен жылы жауап ала-алмауы да осында.
Қанша ерке өскенімен Жәмеш сұлу Кенжеханмен алғашқы кездесуінен бастап
бірден түңіліп, мүлдем өзгереді. Әйткенмен жазушы бар сырды ашпай, жұмбақ
күйінде қалдырады. Жәмештің Қабышпен кездеспек болуы да, осы ойын тез
орындау үшін белін бекем бууы да оншалық дәлелденбей қалған. Екі жастың
дидарласуы немен тынғаны да ашылмай, тұйық күйінде берілген. Олар мұраттарына
жетті ме, әлде өмірден опық жеді ме, ол арасы де белгісіз. Алайда, әңгіменің аяғында
жеңгесі Бибішке Жәміштің декбірсізденіп айтқан: «Тез жүр, тез!» - деген әмір-
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
______________________________________________________________
162
өтініші, оның қалай да тұжырымды біршешімге келгендігіне оқырманды
үміттіргендей болады.
Әңгіме – өте көркем, тілі бай, оқиғасы тартымды. Жазушы шеберлігінің айқын
айғағы.
«Кім кінәлі?» атты келесі шығармасындағы драматизм да жоғарыдағы
әңгімелермен үндес, бірақ бұл туындыларда ескіліктің қанды жұдырығы тұрпайы,
жиіркенішті қалпында сипатталған. Ысмайыл байдың бой жеткен Ғазиза әкесі
атастырған жеріне бармайтынын ашып айтады. Осыдан барып тұтқиылдан оқиға
шиеленісе түседі. Бір жағынан зіркілдеп, зәрін шашып, қатал әке қаһарманына мінсе,
екіншіден, шұғыл шақырылған, Жақып күйеу қалыңдығын көндіре алмаған соң, оны
сілейте сабайды. Ғазиза бұл қорлыққа шыдамай, ертеңіне қатты ауырып, ақыры қаза
табады. Мұнда да бақытсыз қызды сүйетін оқыған жігіт бар. Ол – Ісләм, сол
Ысмайылдың құдасы Әзімбайдың баласы. Ғазиза мен Ісләм көптен таныс, екеуі
бірін-бірі сүйеді де. Әйтсе де олар ескілікке қарсы тұрып, төтеп беруге жарамайды.
Ғазиза қыршынан қиылып, қайғылы өлімге ұшыраса, Ісләм өз елінен, туған-
туысқанынан пана таба алмай, қалаға аттанады. Оның бар қолынан келгені
Ғазизаның қабіріне соғып, қоштасуы, сүйген жары есіне түсіріп, егіле жылауы ғана.
Замана шындығы осылай еді.
Бұл топқа жататын шығармалардың ішінде оқшауырақ тұрғаны – «Кінәмшіл
бой жеткен» әңгімесі. Мұнда губерниялық қаладағы қазақтың оқыған жастарының
өмірі суреттелген. Әңгімедегі басты кейіпкер – гимназияда оқып жүріп, оны бітірмей
кеткен қазақ қызы Ғайша. Алғашқыда ол құрметке де бөленеді. Қоғамдық қызметке
де белсенді араласады, бірақ мұнысы ұзақа бармайды. Көркі мен ақылына мастанған
жас қыз өз жұлдызына сеніп, оқуын тастайды да, қызметтен де қол үзеді, Біріңғай
ойын-сауыққа, сән-салтанантқа салынады. Мұнысы бара-бара машыққа айналып, ол
қыраттан домалаған тастай өзін-өзі тоқтата алмайды, уақыт озған сайын Ғайша
көріктен де, беделден де айырылып, құлдырай бастайды.
Соңғы кезде танысып, зор үмі артқан жігіті Ғаббас та тұрақтамай, тез жалт
береді. Ақыр-аяғында Ғайша бәрінен түңіліп, өлімге де басын байлап, у ішіп,
«азаптан» құтылмақ болады. Бірақ бұл жолы да ерке өскен қыз үрдіс әрекетке
батылы бармай, аман қалады да, бұрынғы құнарсыз тіршілігін жалғастыра береді.
Ы. Дүйсенбаев Мұхтар Әуезов шығармашылығына арнаған еңбегінде
жазушының 1920-1925 жылдардағы шығармаларын саралай келе, қазақ әйелдерінің
жайын жан-жақты және әр қырынан көрсеткен туындылар қатарына: «Үйлену»,
«Қаралы сұлу», «Кім кінәлі», «Кінәмшіл бойжеткен», «Ескілік көлеңкесінде» атты
дүниелерін жатқызады. Зерттеуші пікірінше, «Қаралы сұлу» – шын мәніндегі көркем
туындыдан гөрі бір ғана эпизодты немесе бір ғана кезеңді суреттейтін әдеби этюд.
Т. Жұртбайдың сөзімен айтсақ: «Шыңғыстаудың қат-қабат хикаялары алғашқы
он жылда Мұхтар шығармашылығының алтын өзегіне айналды. Ол тақырып
қорғансыз Ғазиза қыздың тағдырын бейнелейтін алғашкы әңгімесінен басталын,
«Көксерекпен» аяқталады». Ж. Дәдебаев: «Эпикалық кең тыныспен үлкен арнада
суреттелетін өмірлік уақиғалардың қай-қайсысы да сезіммен астаса, лирикалық
лепке бөленіп отырады. Лирикалық сыпаттағы суреткер жазушының эпикалық
баяндауының көлемі мен құрылысын толықтыратын, байытатын факторға айналады.
Осыдан келіп М. Әуезов прозасы әрі эпикалық, әрі лирикалық қасиетке иеленеді», -
деп тұжырымдайды. Жазушының әңгімелеріне де осы сынды пікір айтуға болады.
Ғылыми жұмысыма арқау болған шынайылық мәселесі – өмір шындығын
суреттейтін әдеби тәсіл. Енді бірде шығарма желісі өзге ортадан, қаламгер өмірінен
тысқары шытырман әрекеттерге де құрыла береді. Осындай құбылыстар М.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
______________________________________________________________
163
Әуезовтің ХХ ғасыр басында жазылған әңгімелерінде қатар көрініс табуы
кездейсоқтық емес. Өзге қоғамдық-әлеуметтік шеңбер аясынан алынып, әңгімеге
арқау болған фабула немесе лейтмотив, традегиялық бояуға қанық тағдырлар
тоғысы «Қаралы сұлу», «Қорғансыздың күні», «Жуандық», «Қайғылы жетім»
әңгімелерінде шебер өрілсе, автобиографиялық оқиғаларға құрылған «Үйлену»,
«Кінәмшіл бойжеткен», «Сөніп-жану», «Оқыған азамат» сынды бірқатар әңгімелері
де көркемдік шынайылық келбетін аша білген. ХХ ғасыр басындағы әңгімелерінің
мүддесі – адамзаттың нәзіктігі мен ішкі жан әлеміне терең бойлай үңіліп,
психологизм мен сыршылдыққа құрылу. Ұлтының асқақ арманы мен халқының
қалауы, сол дәуір тынысының ырғағына икемделген өмір тіршілігін суреттеу
объектісіне арқау болған.
М. Әуезовтің «Сөніп-жану» атты әңгімесі ең алғаш «Заман еркесі» деген атпен
1922 жылы «Шолпан» журналында жарияланады. Қалыңдық іздеп, ауыл-ауылды
аралап, жұрттың мақтаулы қызына көз тоқтатқан әңгіме кейіпкері Сыздық қыздың
бойынан асқан сұлулық таппаса да, көңіліне жақын тұтып ұнатқан. Құда түсуге бел
байласып, келер жылы қалыңдығына үйленеді. Алайда, сезімтал, талғампаз жігіттің
арыны тез басылды. Танып білмей жар еткен адамын сүймейтінін, қате басқанын
түсінді. Оларды жалғар, дәнекер болар дәнеңе жоқ еді. Суынған жігіт көңілі даланы
аңсап, бақытын өзгеден іздеді.
М. Әуезовтің шығармаларының ішінде жарқ етіп көрінген әйелдер бейнесі –
«Қаралы сұлу» әңгімесінде. «Қаралы сұлуда» жесір қалған келіншек Қарагөздің 6
жылға созылған қайғылы халі сипатталса, екінші жағынан, өмірдің сезім тірлігі
керемет психологиялық күшпен, шеберлікпен суреттелген. Автордың жесір
келіншектің жан күйзелісін көркем бейнелеуі оқырманды таң қалдырады.
«Кім кінәлі?» әңгімесіндегі Ғазизаның бейнесін былай суреттейді: «Үстінде қос
етек ақ көйлегі. Сыртынан ұнамды қара кемзол киген. Басында оқалы тақия. Сәнді
киімді Ғазиза кіргенде, үйдің ішіне айырықша көрік, жарастық белгісі бірге
кіргендей болды. Жастар бірінен бірі қысылып қарап, ақырын амандасқанда
Ғазизаның ақшыл беті қызарып кетті». Яғни, бұл суреттеуден Ғазизаның көрікті
келбетімен қызға тән нәзіктігін көреміз.
«Үйлену» әңгімесіндегі Жәмила бейнесі: «Басында оқалаған қара тақиясы жаңа
тараған қара шашына, бетінің ақ түсіне жарасып тұр. Бетінің ұшындағы жұқалаң
қызылы, аз ғана күлімсіреп тұрған мөлдір қара көзі, кішілеу қырлы мұрыны бір
көрген жерден-ақ Жәмиләнің сұлулығын білдіріп тұр еді. Орта бойлы толықтау
денесіне киген ақ көйлегі, жасыл пүліш камзолы да ешбір мінсіз болып жарасқан», -
деп беріледі.
Адам жанының тебіренісін, сезімін мөлдіретіп осылайша шынай суреттей
білген қазақтың заңғар жазушысы, ғалымы М. Әуезов жасаған туындыларындағы
әйелдер бейнесі халқымыздың тарихы мен мәдениетін жер жүзіне танытты.
Достарыңызбен бөлісу: |