Әдебиеттер
1 Әуезов М. Әңгімелер. – Алматы: Жалын, 1987.
2 Сыздықов К. Мұхтартанудың беймәлім беттері. – Алматы: Қазақстан, 1997.
3 Омаров Д. Ұлылар үндестігі. – Алматы: Санат, 1999.
4 Иманғалиев М. Әуезов шығармаларындағы әйелдер бейнесі // Абай. – 1997. –
№№2, 3.
5 Кемелбаева А. Әуезов әңгімелеріндегі әйелдер мәртебесі // Заман Қазақстан.
– 1997. – 11 шілде.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
______________________________________________________________
164
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ
ОРТАЛЫҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «ҮЗДІК ЖАС ҚАЛАМГЕР»
АТТЫ ШЫҒАРМАЛАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР
ЖАҚЫП Айкен Талғатқызы,
«Ю. Гагрин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің 11 «Ә» сынып оқушысы,
«Жүзімдік» елді мекені, Абай ауыл округы, Мақтаарал ауданы,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: САРЫПБЕКОВА Дариға Серікбайқызы,
«Ю. Гагрин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі,
«Жүзімдік» елді мекені, Абай ауыл округы, Мақтаарал ауданы,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
ҚЫЛҚАЛАМЫМ – СЫРЛАСЫМ
Ол – сен дедім
Көтерілмей жүргенде еңсем менің,
Армандадым, біреуді көрсем дедім.
Алыс қия сапардан қолын сермеп,
Қамқор болған адамым – ол сен дедім.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
______________________________________________________________
165
Жүрегіме түйіп ап, ақ орамал,
Көңілдің толқынында жүзген едім.
Әттең, әттең қолымда болса шіркін,
Ойланбай-ақ, сол сәтте сермер едім.
Адасып ақ бұлттардың арасында,
Ұзақ таңға ұйықтамай көз ілмедім.
Аспаның жұлдызына ұмтылғанда,
Тура жолға алып барар – ол, сен дедім.
Ызадан ба? Білмедім мен сенбедім,
Өз-өзіме сенбестен, түңілгенмін.
Аспанда ұшқан Шолпандай жарқыраған,
Бәріне қамқор болар – ол, мен деймін.
Бәрі кеш болды...
Жұбаныш іздеп бейтаныс кейбір жандардан,
Керегі қанша өзіңді-өзің алдаудан.
Өмірің алда, сенерің жалғыз ай – анаң,
Бір күні келер жалынып өзі-ақ алдыңнан.
Бақыттың кілтін іздеме өзге біреуден,
Адасып мәңгі қалуың мүмкін көз көрген.
Махабат па? Анау – теңіздей терең тұңғиық,
Батып кетерсің, шыға алмай, қалқам, бір күйіп.
Домалақ өмір, келеді өзі-ақ айналып,
Арамдық жеңіп келуі мүмкін шайқалып.
Бірақ та білші, бес күндік жалған дүниеде,
Адасып қалма, айдала құмды айналып.
Дауылға мен де қасқайып қарсы тұрармын,
Он бес күн жарық әлемге мен де шығармын.
Ес жиып, ей, жан, келерсің маған біріқ та,
Бәрі кеш болды, қай жақта едің, қай жақта?
Енді сенің Айкен деген қызың жоқ...
Өмір, неге саласың бұралаңға,
Мен осы ағысыңа тұра аламын ба?
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
______________________________________________________________
166
Тас жаудырдың төбемнен, жаңбыр емес,
Мен қалайша шығамын асуларға?!
Қайда жақын тірегім «Әке» деген,
Жалындырып алдыңа ап келтірген.
Мына өмір мен саған арызым бар,
Қалайша мен әкемді дұшпан көрем?
Білесің бе? Ей, өмір! Мен қандаймын?
Дұшпаныңа жалынбайтын,
Қарсы тұрып дарылдайтын.
Сенің бүдір белдеріңе,
Ешқашанда шалынбайтын,
Ару қыз боп келем – әке...
Мен ақынмын арман қуған,
Жүрегіммен, ой-санам дамылдаған.
Мына өмір қалайша өз әкемді,
Мәңгі жау қып қойды екен мына маған?
Қараңғы түн артынан,
Күн шығарын ұмыттың ба? Білмеймін...
Қырсық мені шыр айнала, жүр деймін.
Сәттілікке жетер сәтте,
Қол бұлғайды алыстан.
Ал, жүрегім тыным бермей,
Шарқ ұрады жарысқан.
Әке, сенің санаң айналыпты,
Мәңгүрттердің құлы боп.
Ащы даусым шырылдады,
Қалды жаным жара боп.
Сені ғана уайымдайтын,
Енді сенің Айкен деген қызың жоқ!
Әке, сенің атың жүрегімде мәңгі сөнген алау, от!
Анашым
Анашым, сенің жүзіңнен,
Күн шуағын сеземін.
Мейірім толы көзіңнен,
Самал жел лебін есемін.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
______________________________________________________________
167
Анашым, менің ардақтым,
Сені ойлап талай тіл қаттым.
Үмітің әр кез ақталып,
Жадырап жүрші, қымбаттым!
Талай сын кештің арқалап,
Қолдаушым болдың санамда.
Мен үшін өр рух, бар талап,
Сен, болдың анам, қасымда.
Анашым, сенсің барым да,
Бақытым менен нарым да.
Сен үшін туған мен – балаң,
Әр қашан сенің жадыңда.
Анау бір төбе басында,
Қарашы ана, жасыма.
Биікке самғап барады,
Перзентің биік асуға.
Поэзия құдіреті
Аспанда жұлдыз көрдім, жарқыраған,
Жету қиын, тек шалғайдан қарай алам.
Биіктігі соншалық, мен алыстан,
Гималайдың шыңынан бақылаған.
Сан мыңдаған жұлдыздардың арасынан,
Тек өзіңе, поэзия бағынған жан.
Қаншама қиындықты көрсе-дағы,
Сен үшін өмір сүріп келеді, адам.
Көруді армандған, армандаған,
Алға ұмтылып бақытқа сүйреген жан.
Уақытты бір бұрышқа жинап қойып,
Сен үшін өзге тілді ол жаттаған.
О, не қылған дертке берік пенде едің,
Тек шындықты айта білдің, жөндедің.
Шалыс айтып кетіп едің сенбедің,
Поэзия, құдіретіңмен емдедің.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
______________________________________________________________
168
Алғашқы ұлпа қар
Арызым бар, Жер-Ана, тыңда бір сәт,
Қыста келіп қалыпты-ау тұман барлап.
Сары дала төсінде жасыл майса,
Қайда сонда қаһарлы мұзды алқап?
Қанша уақыт күткенімді білесің бе?
Жалқаулықпен шабытым күресуде.
Осыдан бірер сәтке кешіккенде,
Білмедім сені қайта көремін бе?
Ақындар отанына жетуіме,
Шабыт қуып, сені іздеп кетуіме.
Сенің бір сәт керемет көрінісің,
Қаламымның ұштарын өткірлеуде.
Мамықтай үлбіреген ұлпаларың,
Ақ парақтың бетінде өрілуде.
Жыр жазуға арналған ақ ұлпалар,
Аяғымның астында бүктелуде.
Өлең, мен сені аялап өтем!
Өлең, мен сені аялап өтем,
Сағынышыммен, шабыт күшіммен.
Жүрекке әр кез әмірін салған,
Махаббат мәңгі ғашықтығыммен.
Өлең, мен сені аялап өтем,
Жаныма жалау болғаның үшін.
Ер жүрек рухты сыйлаған маған,
Ақындық жолды бергенің үшін.
Көңілге түйіп, маржанның кілтін,
Мұхитқа терең сүңгиді ізім.
Жүрекке мәңгі алауын жаққан,
Қазақтың қайран өлеңі-ай, шіркін!
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
______________________________________________________________
169
Табиғатпен сырласу
Күз. Түн. Терезе.
Мен отырмын табиғатқа телміре.
Сылдыраған сары жаңбыр сағынып,
Сырласуға шақырады төріне.
Мен. Табиғат. Тыныштық.
Самал желмен біз де біраз ұрыстық.
Ғашық көзбен қарағандай аспанға,
Оркестрмен ойнауға біз кірістік.
Ұнайды да, ғашықпын да күз айға,
Таңқалдырған табиғатқа мұңайма.
Сағынышын баса алмаған көктемнің,
Аңсамаңдар, аңсамаңдар, күз айда.
Ерекшесі еркеленген ғаламның,
Табиғаттың күшіменен нәр алдым.
Өзін-өзі тастайтұғын жапырақ,
Көрінісіңнен таң ғажайып айналдым.
Соңғы күні күз айдың
Бүгін, міне, соңғы күні күз айдың,
Жапырағын қимайды ғой қос қайың.
Жер төріне сары кілем төселіп,
Күтіп жатыр қаһар шашқан мұз айын.
Аспанда көп дауылдаған бұлттар,
Күннің көзін жауып қойды-ау суық қар.
Жасыл тонын шешпейтұғын шыршалар,
Мақтануда бізде асқақ қуат бар.
Құстар да жоқ, қиқу салып ұшатын,
Суық жел бар ызғар сызын шашатын.
Егіншілер жинап қойып егінді,
Жылы үйінде өз ләззатын алатын.
Биік, биік белестен
Түн мен таңын алысып,
Жауынгер күн шығады.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
______________________________________________________________
170
Жүрген жуас баладай,
Моп-момақан болады.
Жауыс бейне жамылып,
Алысады түнекпен.
Жалғыздықпен жарысып,
Күн шығады биіктен.
Басталады тіршілік,
Бақыладым оны мен.
Бақталастық жарысқан,
Менің басқан ізіммен.
Өмір менен өлімдей,
Жарысамыз біз бірге.
Ізгі ниет еткендей,
Жеңіп шыққан бір бейне.
Айта берсем таусылмас,
Ғажап өмір емес пе?
Мен шығармын, әрине,
Биік, биік белеске!
Оқы-дағы еңбек етші, жас қалам!
Өмір сүру, армандағы қиял-ды,
Алға ұмтылып жеткізуден тұрады.
Көтеріп еңсе, көз жіберіп өткенге,
Қиялыңмен қалып қойма кетпелде.
Арманым мен қиялым көп аңсаған,
Қиындықтан тұрады өмір толқыған.
Биік шыңға жету үшін талпынсаң,
Оқу, оқу, оқу керек қайтадан.
Өмір өзі ақ пен қара әрқашан,
Қиыны мен қуанышын сыйлаған.
Жарық күнге шығу үшін талпынсаң,
Оқы-дағы, еңбек етші, жас қалам!
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
______________________________________________________________
171
МАЗМҰНЫ / СОДЕРЖАНИЕ
1. «Зерттеуші – Исследователь – The Researcher» ғылыми журналының
«Білім», «Журналистика», «Қоғамдық байланыс» және «Саясаттану»
сериялары бойынша редакциялық алқасы....................................................4
2.
Редакционная коллегия научного журнала «Зерттеуші –
Исследователь – The Researcher» по сериям «Образование»,
«Журналистика», «Связь с общественностью» и «Политология».............5
3. The editorial board of the scientific journal «Zertteušì – Issledovatel’ – The
Researcher» on the series «Education», «Journalism», «Public Relations» and
«Political Science»............................................................................................6
Оқытудың теориясы мен тәжірибесі – Теория и практика обучения
4. Байболат Л.Б. Біліктілікті арттыру бағдарламасының пайдасы
ерекше...............................................................................................................7
5. Касымова А.Х. Средства информационных технологий в сфере
образования....................................................................................................10
Әлеуметтік ғылымдар – Социальные науки
6.
Есенбекова
Ұ.
Қоғамдық
пікір
және
ақпараттық
коммуникациялар..........................................................................................18
7. Рыскельдинова С. Ақпараттық қоғам құрудағы «төртінші билік»
иесінің маңызы..............................................................................................21
8. Хауасбаева Қ., Жақып М.Қ. Темірбек Қожакеев – сатира
саңлағы...........................................................................................................25
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы
ұйымдастырған «Үздік педагог – зерттеуші» атты ғылыми, ғылыми-
әдістемелік және әдістемелік жұмыстар конкурсына түскен
жұмыстар
9. Жақып Ж.С. Шалқар өңіріндегі жергілікті тұрғындардың салт-
дәстүрлері.......................................................................................................32
10. Сейтбекова А.Б. Морфологиялық сөздік..............................................39
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы
ұйымдастырған «Колледж оқытушыларының үздік әдістемелік
жұмысы» атты ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік
жұмыстар конкурсына түскен жұмыстар
11. Зұлпанова Ғ.А. Экономикалық білімнің кәсіптік бағдар берудегі
рөлі..................................................................................................................49
12.
Қазыбаева
М.Ж.
Оқушылардың
өзіндік
іс-әрекеттерін
қалыптастыру.................................................................................................54
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
______________________________________________________________
172
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы
ұйымдастырған «Балалар бақшасы қызметкерінің үздік әдістемелік
жұмысы» атты ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік
жұмыстар конкурсына түскен жұмыстар
13. Елеманова Ж.О. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде
ойын технологиясының маңызы..................................................................58
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы
ұйымдастырған «Үздік жас зерттеуші» атты ғылыми жобалар
конкурсына түскен жұмыстар
Жаратылыстану ғылымдары
14. Аймағамбетов А.А., Сейітахметова Э.Қ. Итмұрын өсімдігінің емдік
қасиеттері.......................................................................................................69
15. Бақытжанова А.Н., Уразбаева Н.К. Бал арасының тіршілігі және
оның пайдасы.................................................................................................74
16.
Жұбандық
Г.,
Оңдашева
Б.К.
Қызғалдақтар
әлемінің
әртүрлілігі.......................................................................................................80
17. Жұмабек Е.Б., Таджиякова О.Ә. Тұт – қасиетке толы киелі
ағаш.................................................................................................................85
18. Молдабаева Б.Ж., Жұбаныш Н.Ғ., Тапаева Г.А., Қисықова Г.К.
Қазақстанда өсетін жаңғақтың түрлері.......................................................96
19. Саттарқұл Д.М., Ахметова М.Қ. Адам өміріндегі судың
маңыздылығы...............................................................................................105
20. Төлентай Ә.А., Керимбекова М.И. Асық Ата өңірінің ауыз суына
биогеографиялық факторлардың әсері......................................................111
Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар
21. Асанғазиева А.Қ., Рсымамбетова Р.И. Қазақ халқы жұмбақ өнерінің
әдебиеттегі түрлері......................................................................................120
22. Бегметова Н.Э., Әбдиева А.Ш. Сыр бойы жазба ақындарының
көркемдік ерекшелігі және философиялық ойлары.................................128
23. Ғали А.С., Түймебаева Ж.М. Ұлттық теңге – мақтанышымыз және
тәуелсіздік нышаны.....................................................................................133
24. Жұмахмет А., Аяганова Н.Т. Ұлы Жібек жолындағы сауда
айналымы.....................................................................................................140
25. Саттарбай Ф., Жүнісова Ж.А. Қалтай Мұхамеджановтың «Мың бір
түн» аудармасындағы ерекшеліктер..........................................................150
26. Шабданова Н.Н., Ашубаева Р.Б. Мұхтар Әуезов әңгімелеріндегі
әйелдер бейнесінің сомдалуы.....................................................................154
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы
ұйымдастырған «Үздік жас қаламгер» атты шығармалар конкурсына
түскен жұмыстар
27. Жақып А.Т., Сарыпбекова Д.С. Қылқаламым – сырласым...............163
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
______________________________________________________________
173
Zertteušì
• Issledovatel’
• The
Researcher
ғылыми журнал
•
научный журнал
•
scientific journal
Жазылу индексі: 74640
Қолжазбалар әдеби өңделеді және қайтарылмайды.
Авторлардың көзқарасы, ұстанымы сақталады.
Жарияланымдағы деректердің нақтылығына авторлар жауапты.
Олардың байлам-тұжырымдары редакция көзқарасымен
сәйкеспеуі де мүмкін. Басылымда жарияланған материалдар
көшіріліп басылған немесе пайдаланылған жағдайда
«Зерттеуші – Исследователь – The Researcher» ғылыми журналына
сілтеме жасалуы тиіс.
Біздің банктегі есепшоттарымыз:
KZT: «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы,
БИН 081240014093, ағымдағы банктік шот KZ47 9261 5011 5395 6000,
БИК KZKOKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 851, «Казкоммерцбанк» АҚ,
«Журналда ғылыми мақала жариялау».
Наши банковские реквизиты:
KZT: Республиканский научно-образовательный центр «Зерттеуші»,
БИН 081240014093, текущий счет KZ47 9261 5011 5395 6000,
БИК KZKOKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 851, АО «Казкоммерцбанк»,
«Опубликование в научном журнале статьи».
Директор Жақып М.Қ.
Журнал «Зерттеуші» РҒБО қарасты
баспа орталығында беттеліп, басылды.
Басуға 27.04.2015ж. қол қойылды.
Пішімі 60х84/16. Қаріп түрі Times New Roman.
Ризографиялық басылыс. Көлемі 10,75 шартты баспа табақ.
Таралымы 300 дана. Тапсырыс №2704.
010000, ҚР, Астана қаласы, А. Янушкевич көшесі, №4 үй, №213 бөлме.
Достарыңызбен бөлісу: |