Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет168/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   877
БОЙЖЕТКЕН  ПСИХОЛОГИЯ- 

СЫ – қазақ ұғымында 15-16-ға кел- 

ген бойжеткен ақыл-есі, дене бітімі, 

келбет-кескіні кемелденген, отау құ- 

руға жарап қалған қыз бала. Қай ха- 

лықта  болмасын  қыз  әдемілік  пен 

әдептіліктің,  сұлулықтың  баламасы 

іспеттес. Халқымыз жайсаң мінезді, 

әдепті жігітті де «қыз мінезді жігіт екен» 

деп тегін айтпаған. Халық аузындағы 

«Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың 

тіккен  кестесіндей»  деген  тіркестер 

бойжеткенге  тән  психологияны  (нә- 

зіктік пен байсалдылықты, шеберлік 

пен ұқыптылықты, сұлулық пен сым- 

баттылықты,  т.б.)  аңғартып  тұрған 

жоқ па? Кез-келген қазақ отбасы осы- 

нау  ерекшелікті  жақсы  түсіне  біліп, 

бойжеткен қызын алақанына салып, 

әлпештеумен бірге, оны ылғи да жі- 

бектей  мінезімен,  уыздай  тәтті  қы- 

лығымен, әдеп-ізеттілігімен, иман-ина- 

баттылығымен, күміс күлкісімен көр- 

гісі  келген.  Оларды  кішкентай  кезі- 

нен көздің қарашығындай сақтап әл- 

пештеп, мәпелеп, жаны мен арының 

таза, мінезінің өнегелі болуын қада- 

ғалап отырған, сонымен бірге «қызға 

қырық үйден тыйым» салу керектігін 

де ұмытпаған.

Сұлулық пен сымбаттылықты, шебер- 

лік пен нәзіктікті қажетсінетін үй іші- 

лік еңбекке (кесте, өрнек, кілем тоқу, 

т.б.), көркем сөз, ән-күй, айтыс секілді 

түрлі  өнерге  баулуды  –  бойжеткен 

тәрбиесінің басты міндеті деп білген. 

Халықтық дәстүр қыз бала тәрбиесін- 

де ереже ұсынбайды, тек бағдар бере- 

ді, өнеге көрсетіп, әдептілік жөн-жо- 

сығын  нұсқайды.  Ол  негізінен  қыз- 

дың мінезі мен құлқына кіріге өтілген 

адал мен арам, обал мен сауап деген 

төрт ұғым төңірегінде топтасады. Адам 



үшін ең қымбат түсінік те, жұмбақ 

түсінік те – жанмен сезіну, ойлану, 

толғану,  әсерлену,  әрекеттену.  Мұ- 

ның алғы шартты – бақылай білу, кө- 

ре білу, кісінің ішкі сырын танып, ұғы- 

ну арқылы өзін-өзі түсініп, иманды- 

лық пен өнегені бойына сіңіріп, ша- 

ма-шарқына қарай оны жүзеге асыра 

білу. Бүгінгі бойжеткен – ертеңгі от- 

басы ұйтқысы, болашақтағы асыл жар, 

аяулы ана, ардақты, ақылман әже.

Олай болса, халық танымындағы бой- 

жеткенге қажетті сипат – имандылық, 

инабаттылық, ізеттілік, әдептілік, іс- 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет