ВЫГОТСКИЙ ЛЕВ СЕМЕНОВИЧ
(1896-1934) – әлемдік психологияда
әйгілі кеңес психологі. Оның жаса-
ған жоғары психикалық функция-
лардың дамуында мәдени-тарихи
концепциясының теориялық және
эмпириялық мүмкіндіктерінің маңы-
зы өте зор. Л.С.Выготскийдің көпте-
ген еңбектері балалар мен педаго-
гикалық, арнайы және клиникалық
психологияның өзекті әрі іргелі мә-
селелерін қамтиды.
Адам жан дүниесінің сыр сипатын
терең зерттеген Л.С.Выготскийдің
адам психикасының мәдени-тарихи
дамуы және «бала дамуының жақын
арадағы аймағы» деп аталатын тұжы-
рымдары айрықша атап көрсетуді қа-
жет етеді. Мәдени-тарихи теория ту-
ралы Выготский іліміндегі жүйе, ең
алдымен, адамның әлеуметтік өмі-
ріндегі тіршілік бейнесі қоғамның
даму дәрежесіне, екіншіден, ондай
даму деңгейі сол әлеуметтік өрістің
заттарды ұстап-тұтыну деңгейіне тә-
уелді, үшіншіден, адамның жарық
дүниеге келуінен өмірінің соңғы ке-
зеңіне дейін ұрпақтан-ұрпаққа мұра
ретінде қалдыратын өмір тәжірибе-
сіне, іс-әрекеті мен мінез-құлық бей-
несіне, бір сөзбен айтқанда, бүкіл
жан дүнисінің өзгеріп өрістеуіне, қа-
лыптасуына ықпал етіп отыратын та-
рихи фактор ретінде қарастырыла-
ды. Сондай-ақ баланың дамуы мен
өсіп жетілуі, кәмелетке толып, аза-
маттық қасиетке ие болуы, кісілік
сипаттарының жетілуі де өрістеп оты-
ратын тарихи жағдайларға, әлеумет-
тік ортаға байланысты.
Л.С.Выготскийдің психология ғылы-
мында ерекше орын алатын теория-
сы – бала дамуының жақын арадағы
аймағы деп аталады. Бұл теорияның
түпкі мәні – баланы тәрбиелеп оқыту,
оған білім беріп, дүниетанымын қа-
лыптастыру үнемі оның табиғи даму
деңгейінен оздырып отыруды талап
етеді. Мұндай талап, біріншіден,
баланың психикасын, оның жан дү-
ниесінің дамуын, ақыл-ой деңгейін
өрістетіп жетілдіреді, білім алуға же-
Достарыңызбен бөлісу: |