01 Психодиагностика және оның әдістері Жоспар 02 Психодиагностика Психокоррекция Психотерапия



бет1/4
Дата25.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#128034
  1   2   3   4

01
Психодиагностика және оның әдістері
Жоспар
02
  • Психодиагностика
  • Психокоррекция
  • Психотерапия
  • Психологиялық кеңес беру

03
Психодиагностика және оның әдістері (жан және diagnosticos) – адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы. Зерттеу міндеттеріне байланысты диагностикалық белгілер адамның жасы, жынысы, білімі, мәдениеттік деңгейі, психикалық қалпы, психо-физиологиялық ерекшеліктері сияқты психологиялық айырмашылықтар кіреді.
Диагностика – зерттелетін объект немесе үрдіс туралы алдын ала ақпарат алудың жалпы тәсілі. Жеке тұлғаның психологиялық даму саласында диагностиканың мәні медицинадағы аура сипаты туралы дұрыс қойылған диагноздың мәнімен бірдей: егер оның белгілері, шығу себептері уақытында және дұрыс анықталған болса, емдеу нәтижесі оң болатындығына сенім мол.
04
Психодиагностикалық əдістемелер жеке адамды зерттеп, даму бағыттарын көрсетумен қатар, психолог қызметінің кəсіби, əдеп жəне моральдық қалыптарына бағыт берді. психодиагностиканың ғылыми-қолданбалы мақсаты тұлғаның жас ерекшелігіне байланысты психикалық даму динамикасын, мінез-құлық ауытқуларын, қабілеті мен қоршаған ортаға бейімделуін зерттеу. Осы мақсатқа қол жеткізуде төмендегідей міндеттерді шешуді көздейді:
  • Жеке адамның қасиеттерінің даму динамикасын нақты уақыт өлшемдеріне байланысты анықтау.
  • Жеке адамның, топтың психологиялық іс-əрекетіндегі нақты өзгерістерді көрсету.
  • Жеке адамның психологиялық даму жəне қалыптасу жағдайларын ұйымдастыру.

05
Практикалық психодиагностика төмендегідей міндеттерді көздейді: - мінез-құлық ерекшеліктері мен психологиялық қасиеттерді анықтау; - психологиялық ерекшеліктердің сандық жəне сапалық көрсеткіштерін анықтау; - топта тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасау. Психодиагностикалық əдіс түрлерін дұрыс пайдалана білу үшін жеке адамның психикалық ерекшеліктерін, психоаналитиканың теориялық негіздерін толық меңгеру қажет, сол жағдайда ғана жеке психикалық ерекшеліктерді бағалау немесе өлшеу барысында нақты өлшемдерге қол жеткізуге болады. С. Л. Рубинштейн психодиагностикалық зерттеуді ұйымдастыруда зерттеудің негізгі екі базасын атап көрсеткен. Бұл бақылау (өзін-өзі бақылау жəне обьективті бақылау, өздігінен тура жəне жанама бақылау) жəне эксперимент.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет